Акциялар
Visa+ арқылы телефон нөмірімен шетелге аударым жасап, бағалы сыйлықтар ұтып алыңыз!
Жағымдыны пайдалымен ұштастыру – бұл бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынына автоматты түрде қатыса отырып, Visa аударымдарын пайдалану. Сіз неғұрлым көп аударым жасасаңыз, жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Ұтыс ойынына Visa+ арқылы телефон нөмірімен шетелге жасалған аударымдар есептеледі
Науқан кезеңі: 01.07.2025 - 30.09.2025
Ұтыс ойынының шарттары:
- қатысушылар: науқан өткізу кезеңінде Halyk мобильді қосымшасында Visa+ сервисі арқылы халықаралық аударым жасаған 18 жасқа толған Halyk клиенттері – жеке тұлғалар;
- Бір аударымның сомасы 20 (жиырма) АҚШ долларынан және оның баламасынан кем емес;
- Әрбір аударым ұтыс ойынына бір рет қатысуға сәйкес келеді (аударымдар көп болған сайын жеңіске жету мүмкіндігі де соғұрлым көп болады);
- Жеңімпаз әрбір келесі айдың 15-іне дейін random.org сайтында осы ережелердің шарттарын толық орындаған науқанға қатысушылар арасында Instagram-ның halykbank.kz ресми парақшасында кездейсоқ айқындалады
- Сыйлық қоры: ай сайын 10 сыйлықтан
- Sony WH1000XM5S.E құлаққаптары – 2 дана
- Sony SRS-XB100/HCE портативтік колонка – 2 дана
- Insta360 X4 CINSABMA экшн камерасы – 1 дана
- Xiaomi Electric Scooter 5 GL электр самокаты – 2 дана
- Forerunner 965 жүгіруге арналған смарт-сағат – 1 дана
- Audio-Technica винилді ойнатқышы – 1 дана
- Бренд мерчының сеті + Apple AirPods 4 – 1 дана
6. Банк жеңімпаздарды осы қағидалардың 13-тармағына сәйкес жеңімпаздар анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде клиентпен қарым-қатынастың негізгі арнасы (ұялы телефонға қоңырау шалу) арқылы ұтыс туралы хабардар етеді. Егер жеңімпаз Банктің хабарламасына 3 (үш) жұмыс күні ішінде жауап бермесе немесе жүлдеден бас тартса, Банк резервтегі бірінші жеңімпазға хабарласады, ал резервтегі бірінші жеңімпазға хабарласу мүмкін болмаса, резервтегі екінші жеңімпазға және т.с.с. хабарласады.
7. Жеңімпаз Банктің сұрауы бойынша мынадай ақпаратты беруге міндеттенеді: аты-жөні, пошталық индексі бар нақты тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны.
8. Банк банктік шоттарыңыздың нөмірлері, банк карталарының нөмірлері/фотосуреттері, интернет-банкингтің пайдаланушы аты/паролі, SMS-тен бір реттік кодтар, PIN кодтар, жеке кабинеттерден, әлеуметтік желілердегі аккаунттардан парольдер және т.б. сияқты құпия ақпаратты сұрап ешқашан электрондық хаттар, SMS жібермейді және қоңырау шалмайды.
9. Жүлдені Банк ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тапсырады. Жүлдені алған кезде жеңімпаз жеке куәліктің көшірмесін ұсынып, тапсыру актісіне қол қоюы керек.
10. Әр қатысушы тек бір рет жеңіске жетуге құқылы. Егер қатысушы жеңімпаз деп танылған болса, ол науқанның соңына дейін одан әрі ұтыс ойынынан автоматты түрде шығарылады.
11. Банкке өзіне тәуелді емес кез келген себептер бойынша жеңімпаз жүлдені ала алмағаны үшін жауап бермейді.
12. Банк жеңімпаз алған жүлденің одан әрі пайдаланылуы үшін жауап бермейді. Науқанды өткізу шеңберінде таратылатын жарнамалық материалдарда көрсетілген (көрсетілуі мүмкін) жүлделердің сыртқы түрі/пішіні/бейнесі және оларды пайдалану әсерлері нақты материалдардан өзгеше болуы және қатысушылардың күткеніне толық жауап бермеуі мүмкін.
13. Егер жүлде 7-тармақта көрсетілген себеппен алынбаған жағдайда, оны жеңімпаз қайта талап ете алмайды. Мұндай жүлделерді алмағаны бойынша шағымдар қаралмайды.
14. Жеңімпаздар алған жүлделер айырбастауға және қайтаруға жатпайды. Сыйлықтар ақшалай берілмейді.
15. Науқан, науқанның елеулі өзгерістері, науқан жеңімпаздары туралы ақпарат және өзге де ақпарат Банктің сайтында орналастырылады.
Аударым жасауыңызды күтеміз.
Рақмет!