Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
ШОБ кредиттеу
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Сыртқы экономикалық қызмет

Сыртқы экономикалық қызметке арналған өнімдер
СЭҚ дегеніміз не
Шетелдік серіктестермен жасалатын кез келген мәмілелер: экспорт, импорт, инвестициялар
Валюталық бақылау
Резидент еместермен жасалатын барлық есеп айырысулар валюталық бақылауға алынады
Валюта айырбастау
Ағымдағы бағам бойынша шетел валютасын сатып алу
Бұзушылықтар
Қателіктерді қалай болдырмауға болатынын айтып берейік
СЭҚ келісімшарттары бойынша аударымдар
10 000 USD-ға дейін
  • Келісімшартты тіркеудің қажеті жоқ
  • Аударым өтініміне құжаттарды (шарт, шот, инвойс) тіркеу жеткілікті.
  • Растайтын жазбаны қойыңыз - енді аудара беруге болады.


10 000 USD-дан 50 000 USD-ға дейін
  • Halyk-та шартты немесе шотты (инвойсты) тіркеу қажет
  • Onlinebank жүйесі арқылы тіркеуге өтінім беріңіз
50 000 USD-дан жоғары
  • Halyk-та келісімшартты (немесе шотты/инвойсты) Есептік нөмірді ала отырып (қажет болған жағдайда) міндетті түрде тіркеу керек.
  • Тіркеуге және нөмір беруге өтінім Onlinebank арқылы беріледі.
500 000 USD-дан жоғары
  • Банкте келісімшартты (немесе шотты/инвойсты) тіркеу қажет
  • Капитал қозғалысы операциялары бойынша (заемдар, инвестициялар, жылжымайтын мүлікті сатып алу, бағалы қағаздар және т. б.) — Есептік нөмірді тіркеу және беру ҚР Ұлттық Банкінде жүргізіледі
  • ҚР ҰБ нөмірді алғаннан кейін шартты Onlinebank жүйесі арқылы Halyk-қа жіберу қажет.
Шетелдік банкте шот ашу
  • Шетелде шот ашқаннан кейін бірден ҚР Ұлттық Банкіне хабарлау керек және шот ашу шартына Есептік нөмір алу қажет.
  • ҚР ҰБ нөмірді алғаннан кейін шартты Onlinebank жүйесі арқылы Halyk-қа жіберу қажет.

Сұрақтарыңыз бар ма? Өтінім қалдырыңыз, біз Сізбен байланысқа шығамыз.

Сұрақтар мен жауаптар

Валюталық бақылау дегеніміз не?

Бұл банктер мен мемлекеттік органдардың валюталық операцияларды тексеруі: барлығы заң бойынша ресімделген бе, құжаттар бар ма, келісімшарттар бойынша есеп айырысулар дұрыс жүргізіліп жатыр ма.

Репатриация мерзімі дегеніміз не?

Бұл сыртқы экономикалық келісімшарт бойынша Қазақстанға сатып алушыдан ақша (немесе жеткізушіден тауар) түсуі тиіс мерзім.

Келісімшартты банкте қай кезде тіркеу керек?

Егер мәміле сомасы $10 000-нан басталса және одан жоғары болса (баламасында) - шартты ақша аударғанға және тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді алғанға дейін банкте тіркеу қажет.

ЕН (Есептік нөмір) дегеніміз не?

Бұл $50 000 доллардан басталатын сомаға тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алған/сатқан кезде валюталық шартқа берілетін нөмір. Бұл нөмір түсімдерді есепке алу, валюталық бақылау шеңберіндегі есептілік үшін қажет.

Валюталық бақылауға қандай операциялар алынады?
  • Шетелге және шетелден жасалатын аударымдар
  • Сыртқы сауда (экспорт және импорт)
  • Резиденттер мен резидент еместер арасындағы заемдар мен кредиттер
  • Шетелге инвестициялар
  • Шетелдік банктерде шоттар ашу
Егер келісімшарт талаптары өзгерсе не істеу керек?

Келісімшартқа қосымша келісім ресімдеп, оны банкте тіркеу қажет.

Валюта айырбастауды қалай жасауға болады?

Onlinebank-те (WEB нұсқасы) «Валюталық бақылау» → «Айырбастау» қосымша бетінде

Мақсатты көрсетіңіз, келісімшартты қоса тіркеңіз. Дайын!

Halyk FX сервисі ең жақсы бағамды таңдап, операцияны тез орындайды.

Банкке КЖД немесе ТӘӨ беру керек пе?
  • ТӘӨ (тауарларды әкелу туралы өтініш) базаға енгізу үшін банкке міндетті түрде жіберу керек.
  • КДЖ (кедендік жүк декларациясы) банкке автоматты түрде түседі - жеке ұсыну талап етілмейді
Келісімшарт бойынша мерзім аяқталды, бірақ міндеттемелер орындалмады. Не істеу керек?

Контрагентпен мерзімдерді ұзарту туралы шартқа қосымша келісім ресімдеп, оны банкте тіркеу қажет.

Онсыз келісім бұзушылққа «шығады».

Бұзушылық туралы хабарлама алдым. Не істеуім керек?

Қандай келісімшарт бойынша және қандай себеппен хабарлама келгенін тексеріңіз.

Банкке растайтын құжаттарды (орындалған жұмыстар актілері, ТӘӨ, барлық КЖД Банкке түскенін тексеріңіз) немесе мерзімдерін ұзарту туралы қосымша келісімді ұсыныңыз.

Halyk-та валюталық бақылау мәселелері бойынша қайда хабарласуға болады?

Поштасы: Valcon@halykbank.kz

Телефондары: +7(727)2 585 466; +7(727)2 585 108, Ұялы телефоннан 9595 > 1 > 2 > 4; нөміріне қоңырау шалу тегін;

Кері қоңырауға тапсырыс беру (callback): +7(727)258-54-66; +7(727)2 585 108

Онлайнlinebank-тегі онлайн чаты > «Диалогты бастау» батырмасын басыңыз > хабарлама жолында «Оператор» сөзін жазыңыз > «Валюталық бақылау» батырмасын басыңыз

Басқа банктен есептік нөмірі (ЕН) бар шартты қалай аударуға болады?

Onlinebank-тің басты мәзірінде → Валюталық бақылау → Келісімшарт қосу:

  • Құжаттардың толық пакетін (шарт, сипаттамалар, шоттар, қосымша келісімдер) және алдыңғы банктің ЕН-нен бірінші бетті жүктеп алыңыз.
  • Алдыңғы банктің атауын, ЕН нөмірін және оның берілген күнін көрсетіңіз.
  • Маңызды: жаңа банк алдыңғы банктен растауды алғанға дейін - шарт бойынша аударымдар жасау мүмкін емес.
  • ЕН жабу үшін алдыңғы банкке хабарласу қажет емес.
Келісімшартты қалай жабуға болады?

Onlinebank-тің басты мәзірінде → Валюталық бақылау → Әрекеттер → Келісімшартты жабу

Өтінім бірден валюталық бақылауға түседі — менеджердің қатысуынсыз

SWIFT GPI Tracker дегеніміз не?

Бұл Onlinebank-те халықаралық аударымның бағыты мен мәртебесін көрсететін сервис:

  • «Валютамен аударымдар» бөліміне өтіңіз
  • Swift GPI трекерді басыңыз
  • Сіз төлем қозғалысының бүкіл тізбегін — жібергеннен бастап алғанға дейін, соның ішінде делдал банктерді көресіз.

Санкцияларға тексеру

Компаниялар, банктер, ұйымдар:

  • Іздеу жолына атауын енгізіңіз.
  • Егер сәйкестік табылса - субъектке санкциялар саалынған.


Тауарлар:

  • Сілтеме бойынша санкция салынған тауарлардың тізілімдеріне өтіңіз.
  • СЭҚ ТН коды бойынша тексеріңіз: алдымен 4 цифр, содан кейін нақтылаңыз.

Тексеруді операция жасалатын күні жүргізіңіз.
Банк осы сыртқы көздердің өзектілігі үшін жауапты болмайды. Ақпарат танысу үшін ұсынылған.

АҚШ-тың санкциялық режимдеріАҚШ-тың санкциялық режимдерін келесі сілтемелер арқылы тексеруге болады:
https://sanctionssearch.ofac.treas.gov/
https://ofac.treasury.gov/
Еуропалық Одақтың санкциялық режимдеріЕуропалық Одақтың санкциялық режимдерін келесі сілтемелер арқылы тексеруге болады:
https://data.europa.eu/data/datasets/consolidated-list-of-persons-groups-and-entities-subject-to-eu-financial-sanctions?locale=en
https://www.sanctionsmap.eu/#/main
Ұлыбританияның санкциялық режимдері

Ұлыбританияның санкциялық режимдерін келесі сілтемелер арқылы тексеруге болады:
https://sanctionssearchapp.ofsi.hmtreasury.gov.uk/
https://www.gov.uk/government/collections/financial-sanctions-regime-specific-consolidated-lists-and-releases