Шағын және орта бизнеске арналған «Өрлеу» кредит беру бағдарламасы
«Өрлеу» микро, шағын және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерде қаражатты негізделген түрде орналастыру өнімі
Артықшылықтары
Бағдарлама шарттары
№п/п | Өлшемшарттар | Шарттары |
1 | Нысаналы топ | микро, шағын және орта жеке кәсіпкерлік |
2 | Қарыз мерзімі | - инвестицияларға – 120 (жүз жиырма) айдан аспауы тиіс; - айналым қаражатын толықтыруға - 36 (отыз алты) айдан аспауы тиіс; - қаржыландыру көзін қайта қаржыландыруға/ауыстыруға - қайта қаржыландырылатын берешек мерзімінің қалдығынан аспауы тиіс |
3 | Қарыз валютасы | теңге |
4 | Қарыздың нысаналы мақсаты | - инвестициялар; - айналым қаражатын толықтыру; -Соңғы қарыз алушыға 2025 жылғы 01 қаңтардан кейін берілген қолданыстағы қарызы бойынша қаржыландыру көзін қайта қаржыландыру/ауыстыру |
5 | Соңғы қарыз алушылар үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі | жылдығы 12,6% (он екі бүтін оннан алты пайыз) (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлмесі: жылдығы 13,7%-ға дейін). |
6 | Қаржыландыру саласы | бағдарлама шарттарына сәйкес басымдығы бар салалар |
7 | Бір Соңғы қарыз алушыға берілетін лимит сомасы | инвестицияларға - 7 000 000 000 (жеті миллиард) теңгеден аспауы тиіс; айналым қаражатын толықтыруға - 3 500 000 000 (үш миллиард бес жүз миллион) теңгеден (қоса алғанда) аспауы тиіс |
Бағдарлама туралы толығырақ «Даму» қорының сайтында ( https://damu.kz/programmi/loans/orleu/)