Қолма-қол ақша енгізу картасы
Өзін-өзі инкассациялау картасымен шотыңызды 24/7 толықтырыңыз
Артықшылықтары
компания шотын тәулік бойы толықтыру мүмкіндігі
уақытты үнемдеу және қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды азайту
ақшаның сақталуы және тәукелдерді қысқарту
Шағын бизнеске арналған өзін-өзі инкассациялау картасы
Halyk Bank картасымен Сіз банк бөлімшелері мен кассасына бармай, ақшалай түсімді тез әрі ыңғайлы толықтыра аласыз:
- Halyk Bank-тің Cash-In қызметі бар кез келген банкоматы арқылы тәулік бойы қолма-қол ақша салу мүмкіндігі
- Ақшалай түсімді есеп айырысу шотына сол сәтте есепке қосу
- Компанияның бірыңғай шотына тіркелген карталардың шексіз санын шығару мүмкіндігі
- Уақытты үнемдеу, қолма-қол ақшаны банк бөлімшесіне бармай-ақ шотқа салып отыру
- Ақшалай түсімді төмендетілген комиссиялармен енгізу, екі есе арзан
- Компания қаражатының сақталуы: карта бойынша қолма-қол ақша алу және шығыс операцияларын жүзеге асыру мүмкін емес
Қолма-қол ақша алу үшін, Halyk Bank-тің корпоративтік картасын ресімдеңіз.
Шарттары
Картаның түрі | Visa Business |
Шот валютасы | KZT |
Карта шығару және ауыстыру | 0 ₸ |
Картаға қызмет көрсету | 0 ₸ |
Halyk Bank банкоматтары арқылы толықтыру | 0,1% |
Өзін-өзі инкассациялау картасын қалай толықтыруға болады
- Картаны Cash-In функциясы бар банкоматқа салыңыз, PIN-кодты енгізіңіз
- «Қаражат енгізу» таңдаңыз
- Ақшаны купюра қабылдағышқа салып, чекті алыңыз
Дайын!
Карта шығарудың ыңғайлы тәсілін таңдаңыз
1
Картаны Onlinebank-те жеткізумен шығару
2
Өтінімді осы бетте беру
3
Өтінімді заңды тұлғаларға қызмет көрсету бөлімшесінде беру
Картаны Onlinebank-те шығару үшін:
- Onlinebank-ке кіріңіз
- Onlinebank-тің басты мәзірінде «Корпоративтік карталар» таңдаңыз
- «Жасау» батырмасын басыңыз
- «Корпоративтік карта шығару» таңдаңыз
- Өтінімді толтырып, банкке жіберіңіз
Картаны Onlinebank мобильдік қосымшасында шығару үшін:
- Бизнеске арналған Onlinebank қосымшасын ашыңыз
- «Өнімдер» бөлімінде карта таңдаңыз
- «Картаға тапсырыс беру» батырмасын басыңыз