Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
ШОБ кредиттеу

Halyk Pos қосымшасы

Halyk Pos қолданбасы арқылы смартфоныңыздағы төлемдерді қабылдаңыз

Тарифтер

0,5%** - Halyk QR

0,8% - Halyk карталары

0,8% - Басқа банктердің карталары

4% - American Express, Diners Club, Discover, JCB

Шарттары:

Айналымы жылына 45 млн ₸ аспайтын ЖК-ға арналған тарифтер.
Айналым 45 млн ₸ жеткенде тарифтік жоспар қызмет түріне қарай автоматты түрде стандартқа ауысады.

*ЖК қызметінің түріне байланысты ерекшеліктер
**Науқан 01.04.2025 ж. дейін, кейін 0,9%
ЖК арналған тарифтер туралы толығырақ ақпаратты сілтемеден білуге болады

0,5%** - Halyk QR

1,2%-дан бастап - Halyk карталары

1,4%- дан бастап - Басқа банктердің карталары

4% - American Express, Diners Club, Discover, JCB

**Науқан 01.04.2025 ж. дейін, кейін 0,9%
Стандартты тарифтер туралы қосымша ақпаратты сілтемеден табуға болады

Терминалдың орнына смартфон

картамен төлемдер
картамен төлемдер
смартфонмен төлем
смартфонмен төлем
тегін қосымша
тегін қосымша
төлемдерді 24/7 қабылдаңыз
төлемдерді 24/7 қабылдаңыз
ҚР барлық танымал карталары
ҚР барлық танымал карталары
төлемдерді қабылдау туралы заңға сәйкес келеді
төлемдерді қабылдау туралы заңға сәйкес келеді
Сіз Халық Банкінде ЖК онлайн тегін аша аласыз
ЖК шот ашыңыз

Сұрақтар мен жауаптар

Halyk Pos дегеніміз не?

Halyk Pos – Android смартфондарына арналған қосымша, оның көмегімен карталар және смартфондар (Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay) бойынша төлемдер қабылдай аласыз

Halyk Pos оңай жұмыс істейді, NFC модулі бар Android смартфонына Google Play-тен тегін қосымшаны орнатсаңыз жеткілікті.

Қосымша арқылы төлемдерді қабылдау үшін POS терминал сатып алудың қажеті жоқ.

Halyk Pos кімге қолайлы?

Терминалдың орнына смартфон арқылы төлемдерді кез келген кәсіпкер қабылдай алады, әсіресе бұл шешім ұтқырлықты талап ететін саудагерлер үшін тиімді.

  • Сауда-саттық және қызмет
  • Тауарларды жеткізу, курьерлердің жұмысы
  • Сауда өкілдері
  • Көшпелі іс-шаралар
  • Көлік қызметтері, жүк тасымалы
  • Такси
  • Шағын және орта сауда-қызмет компаниялары
Halyk Pos қандай төлемдерді қабылдайды?

Halyk Pos қосымшасы арқылы сіз:

  • кез келген банктің кез келген жанасусыз картасымен төлемдерді
  • смартфондармен Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және Garmin Pay төлемдерін
  •  Halyk QR арқылы төлемдерді қабылдай аласыз.

Қосымша, сондай-ақ алынған төлемдерді басқаруға, ақшаны қайтаруға түбіртектерді жіберуге мүмкіндік береді.

Әлемнің көптеген карталары қазір жанасусыз болып табылады, сіз төлемдерді барлық клиенттерден қабылдай аласыз.

Halyk Pos-ты қалай қосуға болады?

1. Осы бетте өтінім толтырыңыз немесе Банк бөлімшесінде өтініш білдіріңіз

2. Halyk Pos қызметін қосу шартына қол қойыңыз

3. Google Play-тен Halyk Pos қосымшасын орнатыңыз

Қосымшаны баптау жөнінде кеңестер

Қосымшаны орнатқан кезде:

  • Смартфонда NFC модулінің бар екенін, өндіруші сайтында немесе смартфонның баптауларында деректердің
  • NFC-мен берілуі қосылған-қосылмағанын (Смартфонның баптаулары -> Қосу және жалпы қол жеткізу -> NFC қосу) қосымша тексеру қажет
  • Смартфонда транзакция жүргізу орнын анықтау үшін локацияны қосыңыз, ол кейіннен чекте және сіздің есептілігіңізде көрсетіледі
  • Android-тың 8.1-ден төмен емес нұсқасын смартфонның баптауларынан тексеріңіз және қажет болғанда Android нұсқасын жаңартыңыз
  • Halyk Pos жұмысы үшін интернетке қосылу қажет


Android смартфондарында баптаулардағы тармақтар әртүрлі аталуы мүмкін, бастысы – смартфон баптауларында NFC белгісін қосу және Halyk Pos қосымшасына NFC-ді пайдалануға рұқсат беру қажет.

Қандай құжаттар қажет

Қызметке қосылу үшін:

  • ұйымның құқық белгілеуші құжаттары мен шот деректемелері
  • ұйым басшысының жеке басын куәландыратын құжат
  • сауда эквайрингіне қосылу шартын жасасу қажет
Halyk Bank-те шот қажет пе

Егер сіздің Halyk Bank-те ашылған заңды тұлға немесе ЖК ретіндегі шотыңыз болса, жаңа шот ашу талап етілмейді.


Сіз, сондай-ақ Halyk Pos арқылы төлемдер қабылдау үшін басқа банктің шотын қоса аласыз.

Егер сізде ЖК болса және әлі шотыңыз болмаса, сіз шотты Halyk Bank-те толық онлайн – Шотты онлайн ашу сілтемесі арқылы аша аласыз

Halyk Pos-ты қосу мерзімдері

Шартқа қол қойғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде қосылады

Halyk Pos-ты қалай қосуға болады
  • Onlinebank мобильді қосымшасы арқылы онлайн қосылыңыз
  • Банк бөлімшесіне өтініш білдіріңіз
Қызмет көрсеткен үшін комиссия бар ма

Жоқ, қосылғаны және қызмет көрсеткен үшін комиссия алынбайды. Жүргізілген транзакциялар үшін комиссиялар тарифтерге сай ұсталады.

Төлем шотқа қашан түседі

Алынған қаражат шотқа келесі жұмыс күні түседі

Halyk Pos-ты қай жерден жүктеп алуға болады

Halyk Pos қосымшасын сіз келесі сілтеме бойынша тегін жүктеп, орната аласыз

Halyk Pos қосымшасын қалай іске қосуға болады?
  • Halyk Pos қосымшасын бірінші рет іске қосқан кезде қосылу үшін өтінімде көрсеткен өзіңіздің e-mail немесе сенімді нөміріңізді енгізіңіз
  • Аталған нөмірге келетін іске қосу кодын енгізіңіз
  • Кіру үшін 4-таңбалы код ойлап табыңыз


Дайын! Қосымша іске қосылды

Жүйеге бірнеше пайдаланушыны қосуға бола ма?

Ия, бірнеше пайдаланушыны қосу үшін Halyk Bank менеджеріне өтініш білдіріңіз

Төлемдерді қабылдау бойынша лимиттер

Төлемдердің жалпы сомасы және саны шектелмейді, алайда қауіпсіздік мақсатында бір төлемнің ең көп сомасы 25 000 теңгені құрайды. Apple Pay, Homebank Pay, Samsung Pay-мен жүргізілетін төлемдер үшін бұл шектеу әрекет етпейді.