Кепілдік
Артықшылықтары
Қамтамасыз етудің ықтимал тәсілдері
Өтелген кепілдік 100% ақшалай өтемнің болуы | Өтелмеген кепілдіктер кредит желісінің не кепіл мүлкінің болуы | Бланкілік тендерлік кепілдік 30 млн. теңгеге дейін қамтамасыз етусіз |
Кепілдікті қалай шығару керек
Halyk-та шот ашыңыз
Halyk-та немесе Onlinebank.kz-те өтініш беріңіз
Кепілдікті қолма-қол/электронды түрде/SWIFT алыңыз
Шарттары
Тікелей кепілдік немесе контркепілдік
Банк тікелей кепілдіктерді де, сондай-ақ контркепілдіктерді де шығарады
Тікелей кепілдіктер бенефициар пайдасына басқа кепілгер банктердің қатысуынсыз шығарылады
Контркепілдіктер Бенефициарға контркепілгер банктің контркепілдігі бойынша өзінің тікелей кепілдігін шығаратын бірінші сыныпты еуропалық (кез келген басқа) банктің кепілдігі қажет болған жағдайда шығарылады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бүкіл әлем бойынша серіктес банктердің кең желісін пайдалана отырып, Сізге контркепілдік шығару бойынша өз қызметтерін ұсынады
Halyk келесі web-порталдар арқылы электрондық банк кепілдіктерін ұсынады:
- Мемлекеттік сатып алу порталы
- Самұрық-Қазына порталы
- СК-Фармация порталы
- ЕЭП (MITWORK) порталы
Электрондық кепілдіктердің артықшылықтары
- Банктік кепілдікті Сатып алуларды ұйымдастырушыға жеткізу бойынша уақыт пен қаражат үнемдеу
- Банктік кепілдіктерді уақытында ұсынбау салдарынан тендерлік өтінімнен бас тарту тәуекелін төмендету
- Кепілдікті жасанды бланкіде шығару тәуекелін болдырмау
- Өтелген кепілдіктер (өтелген тендерлік және бланктік тендерлік кепілдтерден басқа) – 0,2% (мин. 15 000 теңге/макс. 150 000 теңге)
- Өтелмеген кепілдіктер – 0,2% (мин. 15 000 теңге/макс.150 000 теңге)
- Өтелген тендерлік кепілдіктер - 100 000 теңгеге дейін – 5 000 теңге; 100 000 теңгеден жоғары – 0,2% мин.10 000 теңге/макс.58 000 теңге
- Бланктік тендерлік кепілдіктер - 5 000 000 теңгеге дейін –1,75% мин. 10 000 теңге; 5 000 000 теңгеден жоғары – 1,5%
- Міндеттемелерді орындаудың бланкілік кепілдіктері – жеке есептеледі (ең азы 5 000 теңге)
*Толығырақ тарифтермен сілтеме арқылы өтіп танысуға болады
Тендерлік кепілдік конкурстық/тендерлік құжаттамаға сәйкес (тауарды немесе қызметті сатып алу және жеткізу бойынша конкурсқа/тендерге қатысу үшін) міндеттемені қамтамасыз етеді.
Бланкілік тендерлік кепілдік – «Самұрық-Қазына» АҚ-тың сатып алу шегінде немесе мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа немесе тендерге қатысу үшін ғана шығарылатын, клиент тарапынан қандай да бір қамтамасыз етусіз кепілдік.
Бланкілік тендерлік кепілдікті мына сомаға шығару кезінде:
- 5 000 000.00 теңгеге дейін: клиенттің айналымы есепке алынбайды).
- 15 000 000.00 теңгеге дейін: Банктегі айналымның орташа мәнінен 100% + басқа банктегі айналымның орташа мәнінен 50%.
- 30 000 000.00 теңгеге дейін: Банктегі айналымның орташа мәнінен 50%/ БТК басқа банкте айналым үшін берілмейді.
Артықшылықтары:
- комиссияның төмен мөлшері;
- бір күн ішінде кепілдік беру;
- банктің кез келген филиалында кепілдік, оның ішінде электронды кепілдік беру;
- құжат санының аздығы.
Валюта: KZT
Ең ұзақ мерзім: конкурс/тендер/аукцион құжаттамасына сәйкес.
Ең жоғары сома: 30 000 000 теңге*
Кепілдіктердің түрлері
Тендерлік кепілдік – бұл тендер қатысушысының тендер ұйымдастырушысы алдында тендерлік құжаттамаға сәйкес міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепілдік
- Қолданылуы: тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушіні анықтау мақсатында жүргізілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша тендерлерде
- Аппликант: өз тауарлары, жұмыстар мен қызметтерін ұсынуға ниет еткен тендер қатысушысы
- Бенефициар: тендер ұйымдастырушысы
- Мақсаты: әлеуетті жеткізушінің тендерлік құжаттамада көрсетілген міндеттемелерін қамтамасыз ету
- Сомасы: жалпы тендерлік ұсыныстың 1% - 5%-ы
- Жарамдылық мерзімі: әдетте тендерлік ұсыныстары бар конверттерді ашқан күннен бастап шамамен 60 күн
Міндеттемелерді орындау кепілдігі (посттендерлік кепілдік) – тендердің/байқаудың қорытындылары бойынша жасалған шарт бойынша Аппликант міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін кепілдік
- Қолданылуы: тендердің/байқаудың қорытындылары бойынша сатып алулар туралы шарттарда
- Аппликант: онымен тауарларды, жұмыстар немесе қызметтерді сатып алу туралы шарт жасалған тендердің/байқаудың жеңімпазы
- Бенефициар: өзін шарт бойынша Аппликанттың өз міндеттемелерін орындамауынан немесе тиісті түрде орындамау тәуекелінен қауіпсіздендіруді қалайтын тендердің/байқаудың ұйымдастырушысы
- Мақсаты: Аппликанттың шарт бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету. Әдетте посттендерлік міндеттемелерді орындау кепілдіктері Аппликанттың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу бойынша міндеттемелерін қамтамасыз етеді және кепілдік жарна ретінде әрекет етеді
- Сомасы: әдетте шарттың жалпы сомасының 1 % - 5 %-ы
- Жарамдылық мерзімі – әдетте шарттың әрекет ету мерзімінен 15-30 күнге артық немесе Аппликант шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы тиіс түпкілікті күн
- Арнайы талаптары: посттендерлік міндеттемелерді орындау кепілдігі келешекте пайда болуы мүмкін міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін шығарылуы мүмкін (яғни Аппликантты тендердің/байқаудың жеңімпазы деп танудан кейін, бірақ сатып алу туралы шарт жасағанға дейін)
Төлем кепілдігі (келісімшарт бойынша) – бұл Аппликанттың келісімшарт бойынша төлем міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепілдік
- Қолданылуы: сауда келісімшарттарында, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету шарттарында
- Аппликант: тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алушы, төлеуші, тапсырыс беруші
- Бенефициар: тауарларды сатушы; мердігер, жұмыстар мен қызметтерді орындаушы
- Мақсаты: алынған тауар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлем бойынша Аппликанттың міндеттемлерін қамтамасыз ету
- Сомасы: кепілдіктің сомасы келісімшарт бойынша төлемнің талаптарына сәйкес анықталады
- Жарамдылық мерзімі: әдетте келісімшарт талаптары бойынша төлем мерзімінен 15 – 30 күнге артық
Алдын ала төлемді/аванстық төлемді қайтару кепілдігі – Аппликанттың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін кепілдік, оған сәйкес Аппликант тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Кепілгер Банк сатып алушыға (Бенефициарға) Аппликанттың пайдасына аударылған алдын ала төлемнің/аванстық төлемнің орнын толтыруға міндеттенеді
- Қолданылуы: сауда келісімшарттарында, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге шарттарда және алдын ала төлем/аванстық төлем есепке алынғанда
- Аппликант: тауарларды сатушы; мердігер, жұмыстар мен қызметтерді орындаушы
- Бенефициар: тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаса, алдын ала төлемнің/аванстық төлемнің қайтарылмауы тәуекелінен өзін қауіпсіздендіруді қалайтын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алушы, төлеуші, тапсырыс беруші
- Мақсаты: есепке алынған алдын ала төлемнің/аванстық төлемнің шеңберінде Аппликанттың тауарды жектізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету
- Сомасы: келісімшарт бойынша төлемнің талаптарына сәйкес алдын ала төлемнің/аванстық төлемнің сомасы
- Жарамдылық мерзімі: әдетте келісімшарттың әрекет ету мерзімінен немесе тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатушы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы тиіс түпкілікті күннен 15 – 30 күн артық
Міндеттемелер орындалуының кепілдігі (келісімшарт бойынша) – бұл Аппликанттың тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету шарты бойынша (тендерлердің қорытындылары бойынша жасалған шарттарды қоспағанда) міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепілдік
- Қолданылуы: сауда келісімшарттарда, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге шарттарда
- Аппликант: тауарларды сатушы; мердігер, жұмыстар мен қызметтерді орындаушы
- Бенефициар: Аппликанттың тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша өз міндеттемелерін орындамауынан немесе тиісті түрде орындамау тәуекелінен қауіпсіздендіруді қалайтын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алушы
- Мақсаты: Аппликанттың тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету
- Сомасы: әдетте келісімшарттың жалпы сомасынан 1% - 20%
- Жарамдылық мерзімі: әдеттегідей, келісімшарттың әрекет ету мерзімінен немесе Аппликант келісімшарттың талаптарына сәйкес өз міндеттемелерін орындауы тиіс түпкілікті күннен 15-30 күн артық
Қарызды қайтару/кредитті өтеу кепілдігі – Аппликанттың қарыз/кредит бойынша негізгі борыш және сыйақы сомасын қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін кепілдік
- Қолданылуы: кредиттік келісімдерде, қарыз/кредит туралы шарттарда
- Аппликант: қарыз/кредит туралы шарты бойынша қарыз алушы
- Бенефициар: Аппликантқа қарыз/кредит беретін немесе Аппликантқа кредит желісін ашатын және де осылайша, Аппликант қарызды қайтармаған/кредитті өтемеген/ және/немесе қарыз/кредит бойынша сыйақыны төлемеген жағдайда, өзін қауіпсіздендіруді қалайтын қаржы институты
- Мақсаты: Аппликанттың қарызды/кредитті және ол бойынша есептелген сыйақыны қайтару бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету
- Сомасы: қарыздың/кредиттің негізгі сомасы немесе қарыздың/кредиттің негізгі сомасы плюс есептелген сыйақы
- Жарадылық мерзімі: әдетте одан кешіктірмей Аппликант негізгі борыштың сомасын қайтаруы және/немесе қарыз/кредит бойынша сыйақыны төлеуі тиіс күннен 15-30 күн артық
Міндеттемелерді орындау кепілдігі (ҚР кеден органдары пайдасына) – Аппликанттың кедендік төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ететін кепілдік
- Қолданылуы: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерде
- Аппликант: ҚР заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер жүргізуі тиіс тарап
- Бенефициар: ҚР кеден органы
- Мақсаты: Аппликанттың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету
- Сомасы: ҚР заңнамасына сәйкес төленуі тиіс кедендік төлем сомасы
- Жарамдылық мерзімі: әдетте одан кешіктірмей Аппликант кенедік төлем жүргзуі тиіс мерзімнен 15-30 күн артық
Міндеттемелерді орындау кепілдігі (ҚР салық органы пайдасына) – Аппликанттың салықтар мен өсімпұлды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін кепілдік.
- Қолданылуы: ҚР Салық кодексіне сәйкес салықтарды және/немесе өсімпұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімі өзгергенде
- Аппликант: салық органына салықтарды және/немесе өсімпұлды төлеу бойынша салықтық міндеттеменің мерзімін өзгерту туралы өтініш ұсынған салық төлеуші
- Бенефициар: ҚР салық органы
- Мақсаты: ҚР заңнамасында көзделген салықтарды және/немесе өсімпұлдарды төлеу бойынша Аппликанттың міндеттемелерін қамтамасыз ету
- Сомасы: төленуі тиіс салықтар және/немесе өсімпұлдар сомасы
- Жарамдылық мерзімі: әдетте одан кешіктірмей Аппликант салықтарды және/немесе өсімпұлдарды төлеуі тиіс мерзімнен 15-30 күн артық
Кепілдіктің шынайылығын тексеру
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ шығарған банктік кепілдіктердің шынайылығын тексеру сервисі. Кепілдіктің шынайылығын тексеру үшін төмендегі нысан жолдарын толтырыңыз