Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
ШОБ кредиттеу

Заемшының жауапкершілігі

Заемшының банктік заем шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауаптылығы

Егер Заемшы банктік заем шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаса немесе оларды тиісті түрде орындамаса, Банк:

- тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеуге;

- Заемшының банктік шоттарынан, оның ішінде басқа екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарынан төлем талаптарын қоюды қоса алғанда, даусыз тәртіппен ақша өндіріп алуға құқылы.

Төлем талабын орындау кезінде бір банкте жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкердің ағымдағы шотында немесе бірнеше ағымдағы шоттарында қалуы керек сома республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен кемінде екі есе артық болуы керек.

- берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және коллекторлық агенттікке реттеуге беруге;

- банктік заем шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап арызбен жүгінуге, сондай-ақ кепілге салынған мүліктен соттан тыс (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе сот тәртібімен ақы өндіріп алуға;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) банктік заем шартында көзделген кез келген шараларды қолдануға, оның ішінде банктік заем шартын орындау талаптарын өзгертуге;

- банктік заем шарты бойынша құқықты (талапты) үшінші тұлғаға беруге;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заемшыны (жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны) банкрот деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы.