Onlinebank
Onlinebank қызметі тәулік бойы
Өзіңіздің Onlinebank-ті таңдаңыз
Halyk QR-мен клиенттеріңізден төлемдерді оңай және жеңіл қабылдаңыз
Комиссиясыз, 24/7 қол жетімді, клиенттерге Halyk QR арқылы сатып алғаны үшін бонустар, Visa және Mastercard ұстаушылары үшін қол жетімді
Onlinebank сервистері
Onlinebank Start-тегі негізгі функцияларды қолданып көріңіз! Қосылу үшін 0 теңге, абоненттік төлем жоқ, құжаттарды тапсырған күні жылдам тіркеу.
Onlinebank Business - бұл бизнестің кез келген түрі мен көлеміне арналған барлық сервистердің жиынтығы.
Заңды тұлғаларға арналған тәулік бойы төлемдер мен аударымдар:
- зейнетақы, әлеуметтік және салық төлемдерін өтеу
- қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдерді аудару
- кедендік төлемдер (БДШ бойынша)
- төлем құжаттарының импорты және экспорты
Заңды тұлғаларға арналған тәулік бойы пайдалы сервистер:
- Қазақстан мен Ресей компанияларының сенімділігін тексеру
- еншілес және филиалдардың шоттарындағы ақша қозғалысы туралы ақпарат
- авто касса және банкомат арқылы қолма-қол ақша салу және алу
- валюта бағамы және басқа анықтамалық-қаржылық ақпарат
- есептік жүйелерге үзінді көшірмелерді экспорттау
- бұлтты ЭСҚ транзакцияларын растау (50 000 000 теңгеге дейінгі лимитпен)
* SMS арқылы тіркелу кезінде күнделікті лимит
** ЭСҚ-мен кірген кезде
Онлайн бухгалтерия obuhgalter.kz. Onlinebank пайдаланушылары үшін ыңғайлы және тегін сервис: сіз 910.00 декларациясын онлайн тапсыра аласыз, obuhgalter.kz салық және аударым сомасын өз бетінше есептейді және декларацияны МКБ-ға жөнелтеді. Атаулы қызмет obuhgalter.kz-те сондай-ақ бастапқы құжаттаманы жүргізе аласыз: актілер, төлем шоттары, кіріс және шығыс ордерлері.
Obuhgalter сервисін іске қосу үшін Onlinebank кабинетіне кіріп, "Online Бухгалтерия" бөліміне өтіп, компания туралы ақпаратты толтырыңыз.
SWIFT GPI (Global Payments Innovation) – бұл бүкіл әлем бойынша банктерді біріктіретін халықаралық есеп айырысу қызметі. Қызметті пайдалану халықаралық аударымдардың түсуін жылдамдатуға мүмкіндік береді және олардың ашықтығын қамтамасыз етеді. Қызмет тегін ұсынылады* және Onlinebank жүйесіне қосылған барлық клиент үшін қолжетімді. SWIFT GPI қосымша іс-әрекеттер жасауды талап етпейді. Төлемді тек жіберу қажет.
Аударымды жіберу үшін
- Onlinebank жүйесіне кіріңіз
- бас мәзірде «Валютада аударымдар» батырмасын таңдаңыз
- «құру» батырмасын басып, аударымның деректерін толтырыңыз
- аударымды Банк өңдегеннен кейін Swift GPI Трекер белгішесі шығады
- Swift GPI Трекер белгішесін басу арқылы төлемнің тарихын және бағытын қадағалауға болады
Swift GPI Трекерде төлемнің мәртебесін көру үшін
- төлем бағытында көрсетілген банкке басыңыз
- тінтуірді банк белгісіне жақындатқан кезде төлем мәртебелері шығады
- мәртебелер аударым бағытына қатысатын әрбір банк** бойынша көрсетілген
SWIFT GPI
- төлемді шынайы уақыт режимінде қадағалауға**
- комиссиялар мен өңдеу уақыты туралы толық ақпарат алуға
- сомасы және валютасы бойынша шектеу қойылмаған төлемді 24 сағат ішінде жіберуге мүмкіндік береді
* Қосымша комиссияларсыз. Банк комиссиялары халықаралық төлемдер жүргізген үшін ғана Банктің қолданыстағы тарифтеріне сай ұсталады
** GPI қызметіне қосылмаған халықаралық банктерден төлемдердің мәртебелері көрінбеуі мүмкін
Onlinebank-ті қалай қосуға болады
Onlinebank Start қызметін онлайн немесе банк бөлімшесінде қосыңыз. Onlinebank Business қызметін банк бөлімшесінде қосыңыз
Дайын! Компанияның шоттарын 24/7 басқарыңыз
Кеңес беру туралы өтініш қалдырыңыз
Операцияларға лимиттер
SMS арқылы қол қойған кезде лимит тәулігіне 1 000 000 теңгені құрайды
Мобильді қосымшада Бұлтты ЭЦҚ арқылы қол қойған кезде лимит тәулігіне 50 000 000 теңгені құрайды
Егер құжатқа 2 (немесе одан да көп) қол қою керек болса, «мықты қол қою» ережесі қолданылады:
- Егер құжаттағы қолдардың кем дегенде біреуі негізгі тасымалдаушыдағы ЭЦҚ болса, құжат шектеусіз өтуі керек.
- Егер құжаттағы ең «мықты қолтаңба» бұлтқа негізделген ЭЦҚ болса, күніне 50 000 000 теңгеге дейін лимит іске қосылады.
- Егер барлық қатысушылар қол қою кезінде операцияны тек SMS көмегімен растаса, күніне лимит 1 000 000 теңгеге дейін.
Бұл ретте, егер құжатқа «мықты» қол қойылса, «әлсіз» қолдың шегі төленген төлем сомасына азайтылмайды.
Onlinebank-те лимитсіз Business тарифін қолданыңыз.