Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
ШОБ кредиттеу

Бонустар

Halyk Club-пен бірге бонустармен төлем қабылдаңыз

Көбірек бонустар – жаңа клиенттер

клиенттердің кең базасы
клиенттердің кең базасы
сатудың артуы
сатудың артуы
жедел қосу
жедел қосу

Сіздің клиенттеріңіз үшін бонустарды сіздің желіде жинау және жұмсау мүмкінді.

Клиент Halyk Club серіктестерінің тізімінде сіздің компанияны оңай табады:

  • банктің halykbank.kz сайтының Halyk Club бөлімінде, бұл жерде төлем мүмкіндіктері – «Бонустар алу» немесе «Бонустарды жұмсау» көрсетілген
  • Halyk Homebank қосымшасында «Halyk Club» бөлімінде
  • кассада төлем жасау барысында – бағдарлама серіктестерінде Halyk Club стикері жапсырылған


Бонустармен төлем жүргізілгенде клиенттер көбірек жұмсайды!


Біз бонустық бағдарламалардың бірнеше түрін ұсынамыз.

Сіздің бизнестің мақсатына қарай ыңғайлы нұсқаны таңдаңыз.

Бонустық бағдарламалардың түрі

Бонустар есептеңіз және тұрақты клиенттерді тартыңыз.

Бағдарлама таңдап алынған карталар бойынша тұрақты түрде бонустар есептеуді қарастырады.

Мысалы: сатып алу сомасынан 3% бонустар

Мерекелік күндері клиенттердің ниеттестігін арттырыңыз.

Жоғары бонустар есептеу мүмкіндігі. Бонустар мөлшерін сіздің менеджермен жеке талқылауға болады.

Мысалы: мерекелік күндері 10%, демалыс күндері 15%, Туған күнінде 20%

Орташа чекті арттыру.

Бонустардың мөлшері төлем сомасына байланысты. Жинақталған бонустарды клиент тезірек жұмсайды.

Мысалы: 15 000 теңгеден асатын сатып алу сомасына 10% бонустар есептеңіз

Клиенттердің келуі көбірек – айналым көлемі жоғары.

Клиенттерге келу санынан қарай көбірек бонус ұсыныңыз. Клиент жинаған бонустарын келесі келгенде жұмсай алады.

Мысалы: бірінші келу - 10% бонустар, 3 рет келу - 15%, 5 рет келу - 20%

Жаңа клиенттерді тартыңыз және сату көлемін арттырыңыз.

Егер сіздің бизнесіңіз мерзімді болса, сіз осы бағдарламаны таңдау арқылы жоғары бонустар есептей аласыз.

Мысалы: 1-30 маусым аралығында 25% бонустар

Бұл қалай жұмыс істейді

  1. Halyk Club бағдарламасына қосыласыз
  2. Сіз банк тарапынан тегін жарнамаға ие боласыз (сайтта, әлеуметтік желілерде және e-mail таратылымда)
  3. Клиенттер сіздің компанияны табады және сатып алулар жасайды
  4. Төлем сіздің онлайн дүкеніңізде немесе Halyk Bank-тің POS-терминалы арқылы жүргізіледі
  5. Төлем жүргізілгеннен кейін Halyk Bank бонустарды клиент картасына есепке қосады (1 бонус = 1 теңге)
  6. Сіздің шотыңызға бонустар шегерілген сома аударылады
  7. Сіз бонустармен жүргізілетін төлемді толық немесе ішінара қабылдай аласыз
  8. Клиент жинаған бонустарын сіздің дүкенде қайта жұмсай алады


Ingenico POS-терминалдарда бонустармен төлеу жөніндегі нұсқаулық

PAX POS-терминалдарда бонустармен төлеу жөніндегі нұсқаулық

Қалай қосылуға болады

1

POS-терминал орнатыңыз

2

Шартқа қол қойыңыз

3

Қосылу құны 0 ₸

Бонустық бағдарламаға қосылу