Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
ШОБ кредиттеу
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

WeChat

Қытай туристерінен төлем қабылдаңыз

Қытайдан миллиондаған клиенттерді тартыңыз

Halyk POS-терминалдарында WeChat Pay арқылы төлемді қабылдаңыз — бұл Қытайдан келген клиенттерге ыңғайлы және сіздің бизнесіңізге тиімді.

Сенімділікті арттырады, туристерді тартады және сатылымдарыңызды көбейтуге көмектеседі

WeChat Pay
0,8%
Қытайдан келген клиенттерге ыңғайлы

WeChat Pay арқылы төлейді – бұл жылдам, үйреншікті, қолма-қол ақшасыз және валюта айырбастаусыз

Туристер мен серіктестер санын арттырыңыз

Дүкендерге, қонақүйлерге, мейрамханаларға, фуд-корттарға, туристік қызметтерге және duty free дүкендеріне қолайлы

Қосымша жабдықсыз

Halyk POS-терминалдарында жұмыс істейді — қосылу тегін

Бәсекелестер алдындағы артықшылық

Сатылымды ұлғайтудың және қызмет көрсетуді жақсартудың қарапайым жолы

Сұрақтар және жауаптар

WeChat Pay қызметін қалай қосуға болады?
Төмендегі сілтеме арқылы онлайн-өтінім қалдырыңыз немесе кез келген Halyk бөлімшесіне келіңіз — сізге ыңғайлы форматта қосып береміз.
WeChat Pay қызметін қосу үшін қандай құжаттар қажет?

Қосылу үшін өтінім беру жеткілікті, қосымша құжаттар талап етілмейді.

Маңызды: сіздің сауда нүктеңізде Halyk POS-терминалы орнатылған болуы қажет.

WeChat Pay арқылы төлем қабылдау комиссиясы қандай?

Комиссия — төлем сомасының 0,8%-ы.

WeChat қолданушыларының барлығы Halyk POS-терминалдары арқылы төлем жасай ала ма?

Жоқ. Төлем тек Қытай Халық Республикасының (ҚХР) азаматтарына қол жетімді.

Компаниямның шотына қаражат қашан түседі?

Қаражат келесі жұмыс күні шотыңызға түседі.

Қайтарымды рәсімдеуге бола ма?

Иә, қайтарымды рәсімдеу үшін:

POS-терминалдың операциялар тарихынан қажетті төлемді таңдаңыз немесе POS-терминал мәзіріндегі Қайтару батырмасын басыңыз.

Толық нұсқаулық — сілтеме бойынша.