OnlineDuken
OnlineDuken платформасы дегеніміз не?
OnlineDuken - бұл шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне тапсырыстарды оңай және жылдам жасауға және төлемді кейінге қалдыруды пайдалануға мүмкіндік беретін, дистрибьютор мен үйдің жанындағы дүкен арасындағы саудаға арналған ыңғайлы платформа.
"Ақсай нан 50%" науқанының шарттары
- Науқан 31.03.2026 жылға дейін жүреді.
- Ең аз сатып алу сомасы – 4000 ₸.
- Бонус алу үшін тапсырыс OnlineDuken платформасында жасалып, төленуі керек.
- Бір айда 50 000 бонусқа дейін алуға болады.
Негізгі мүмкіндіктер
Артықшылықтары
Тапсырыстарды ресімдеңіз және оларды ыңғайлы онлайн форматта басқарыңыз
- Жеткізушілерден өзіңіз және/немесе Сауда өкілі арқылы тапсырыс беріңіз
- Жаңа дистрибьюторларды табыңыз да онлайн қосыңыз
Тапсырыстарды кез келген ыңғайлы әдістермен комиссиясыз және жасырын төлемдерсіз төлеңіз
- Halyk есеп айырысу шотынан
- Қолма-қол ақшамен
Төлемді кейінге қалдыру арқылы сатылымды арттырыңыз және кассалық алшақтықты болдырмаңыз:
- Лимит – 3 млн теңгеге дейін
- Мерзімі – 4 аптаға дейін (күнтізбелік 7,14,21,30 күн)
Halyk-тың ниеттестік бағдарламасынан, сондай-ақ дистрибьюторлардың акцияларынан пайда алыңыз
- Эксклюзивті жеңілдіктер және жарнамалық акциялар
- Дистрибьюторлардың барлық жарнамалық акцияларының ашықтығы
- Әрбір төлем үшін төлем сомасының 0,5%-ы бонус түрінде есептеледі
- «Аманат» ЖШС пайдасына жасалған әрбір төлем үшін төлем сомасының 10%-ы бонус түрінде есептеледі.
- Науқан кезеңі: 17.03.2026-17.04.2026
Бонустарды есептеу және бонустармен төлеу шарттары:
- 1 бонус = 1 теңге.
- Бір төлем үшін ең көп бонус саны – 5 000 бонус.
- Күнтізбелік ай ішінде 50 000 бонусқа дейін жинақтауға болады.
- Жинақталған бонуспен бір төлем сомасының 10% дейін төлеуге болады.
- Бонустар OnlineDuken платформасы арқылы Halyk Bank шотынан төлем жасаған кезде ғана есептеледі.
Бонустарды есептеу бойынша ерекшеліктер:
- Бонустармен төлеген кезде бонустар есептелмейді
- Егер тапсырысты төлеу төлем мерзімін кейінге шегеру әдісімен жүзеге асырылса, бонустар есептелмейді
- Бонустарды темекі өнімдеріне ақы төлеу үшін пайдалануға болмайды
- Егер күнтізбелік 30 күн ішінде бонустар тапсырысты төлеу үшін пайдаланылмаса, барлық жинақталған бонустар күшін жояды
- Бонустарды пайдалана отырып тапсырысқа әрбір жаңа төлем жасаған кезде барлық бонустардың қолданылу мерзімі тағы күнтізбелік 30 күнге ұзартылады
- Жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты бонустық шоттан есептен шығарылған бонустар қалпына келтірілмейді