Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
ШОБ кредиттеу

Саудалық және құрылымдық қаржыландыру

Кәсіпкерлерді сыртқы сауда саласында қаржыландыру

Артықшылықтары

келісімшарттың/келісімшарт жобасының сараптамасы
келісімшарттың/келісімшарт жобасының сараптамасы
клиенттерге кеңес беру
клиенттерге кеңес беру
клиенттің контрагенттерімен келіссөздер
клиенттің контрагенттерімен келіссөздер

Қалай жасауға болады

1

Банкте ағымдағы шот болуы тиіс

2

Банкте кредиттік менеджерге өтініш жасау немесе TF@halykbank.kz мекенжайы бойынша сұрату жолдау

Банкаралық келісімдер немесе Экспорттық Кредиттік агенттіктердің сақтандыру өтелімінсіз кейінінен қаржыландырумен аккредитивтер негізінде қысқа мерзімді қаржыландыру 


Экспорттық Кредиттік Агенттіктердің сақтандыру өтелімінсіз қаржыландыру әдетте 1-3 жылға дейін ұсынылады

Аккредитивті қолданусыз ШҚИ қаржысынан қаржыландыру
Кейінінен клиентке нақты сыртқы саудалық мәмілеге қарыз беру үшін шетел банкінен алынатын мақсатты қаржыландыру


Пост-қаржыландырумен аккредитив
Халық банкінің аккредитивін пайдаланып, экспорттық операцияларды орындау немесе импортты сатудан түсім түскенге дейін қаржыландыру үшін қаражат алуға болады
ЭКА-ның сақтандыру өтелімінсіз тартылған қарыз өтеу кестесі, қаржыландыру мерзімдері, сатып алынатын тауардың немесе көрсетілетін қызметтердің түрі бөлігінде икемді құрал болып табылады.


Аккредитив бойынша пост-қаржыландырудың негізгі талаптары

1. Келісімшарттың талаптары

келісімшарттың мәні тауарлар сатып алу/қызметтер алу (негізгі құралдарды – машиналар мен жабдықты, автокөлікті, теңіз автокөлігін және оларға байланысты т.б. қызметтерді сатып алу)
төлеу талаптары: келісішарт сомасының 100%-на немесе келісімшарттың «негізгі» сомасына (аванстық төлемді шегеріп) шығарылған аккредитив бойынша

2. Қаржыландыру талаптары

қарыз сомасы: USD/EUR 100,000.00 бастап
мерзімі: 1-2 жылға дейін (қарыз сомасына және транзакция түріне байланысты)
негізгі борышты өтеу: тоқсан сайынғы/жартыжылдық/жылдық төлемдермен/қаржыландыру мерзімінің соңында


Экспорттық Кредиттік Агенттіктердің сақтандыру өтелімімен орта немесе ұзақ мерзімді қаржыландыру


Ұсынылатын қарызды өндіруші елдің Экспорттық Кредиттік Агенттігінің сақтандыру өтелімімен импортты қаржыландыру (ЭКА сақтандырған экспорттық кредит)


Негізгі сипаттамалары

ЭКА тауарлар экспортын ынталандыру үшін құрылған;
ЭКА Қарыз алушының саяси және коммерциялық тәуекелдерін 95%-на дейін (кейбір ЭКА – 100%-ға дейін) сақтандырады;
қаржыландыру талаптары (қарыздың құны мен мерзімдері) шетел банкінің ЭКА сақтандырмаған кредитінен тиімдірек;


Қарыздың ЭКА сақтандыру өтелімі болған кезде қаржыландырудың негізгі талаптары

1.Келісімшарттың талаптары

келісімшарт мәні: негізгі құралдарды (машиналар және жабдық, автокөлік, теңіз автокөлігі және т.б.) сатып алу


Төлеу талаптары
келісімшарт сомасының 15%-нан кем емес – аванстық төлем
келісімшарт сомасының 85%-на дейін – жабдықтың тиелуі/қызметтердің көрсетілуі үшін
сақтандыру өтеліміне жататын сома: келісімшарт сомасының 85%-на дейін
тауар шығарылған жер: тауардың кем дегенде 60-70%-ы ЭКА елінде өндірілуі тиіс


2.Қаржыландыру талаптары

қарыздың сомасы: USD/EUR 500,000.00 бастап
мерзімі3 жылдан бастап 5-7 жылға дейін (қарыз сомасына және сатып алынатын тауарға/жоба түріне байланысты)
негізгі борышты өтеу: есептеу сәтінен 6-шы айынан бастап тең жартыжылдық төлемдермен (есептеу сәті: 1) тиеудің соңғы күні; 2) тиеудің орташа өлшенген күні; 3) жабдықты пайдалануға қосу күні болуы мүмкін)


Сыйақы («Қазақстан Халық Банкі» АҚ маржасын қоспағанда)

құбылмалы мөлшерлеме6м Libor/Euribor + шетел банкі маржасы
тіркелімді мөлшерлеме«базалық» мөлшерлеме + шетел банкі маржасы

ECA сақтандыру сыйлықақысы: сатып алушының жеке қаражатынан немесе қаржыландыратын банктің қарызы есебінен (ECA сақтандыру өтелімімен қаржыландырылатын келісімшарттың негізгі сомасына қосылуы мүмкін) біржолғы төлеммен төленеді
Аванстық төлем: ШҚИ-дің 2 жылға дейінгі (сомасына байлданысты) мерзімге берілетін коммерциялық қарызы есебінен жеке қаржыландырылуы мүмкін
Бірнеше ЭКА-да сақтандырылған экспорттық кредит 
Сондай-ақ бірнеше елден экспорттық жеткізілімдер бірнеше ЭКА-ның қатысуымен қаржыландырылуы мүмкін. Бұл жағдайда әрбір ЭКА өз елінен экспорттық жеткізілімдердің құнын сақтандырады

Байланысу

Қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген телефондар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

+7 727 330 1157

+7 727 259 0807

+7 727 244 7764