Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Акциялар

01.06.2025

Halyk Easy-мен төлем жасаңыз да, Парижге Visa-мен сапарға аттану мүмкіндігін ұтып алыңыз!

2025 жылғы 1 маусымнан бастап 31 тамыз аралығында Банктің ең жас клиенттерінің қаржылық сауаттылығын дамытуға бағытталған Halyk науқанына қатысыңыздар.

Карта иелері Halyk Easy арқылы сауда жасай отырып, банктік өнімдерді пайдалануды үйреніп қана қоймай, апта сайын өтізілетін бағалы жүлделер ұтыс ойындарына қатыса алады және басты жүлде — осы күзде Париж қаласындағы Диснейленд аттракциондар паркіне жолдама ұтып алу мүмкіндігін арттыра алады!


Сіздерді не күтіп тұр?

- Апта сайын — смартфондар мен ноутбуктар ұтыс ойыны.
- Басты жүлде— 6 жолы болғыш жеңімпаз ата-аналарымен бірге паркке аттанады!

                                                                                                                                       

Апта сайын өткізілетін жүлделер ұтыс ойынының шарттары:

- Halyk Easy картасының болуы;                                                                          
- Halyk қосымшасының тіркелген пайдаланушысы болу;
- Бонустармен төлеуді есепке алмағанда, бір апта ішінде 100 теңгеден кем болмайтын сомаға кемінде 1 транзакция жасау*. Транзакция ретінде мыналар есепке алынады:
1. банктің мобильді қосымшасында жасалған төлемдер;
2. картаны, QR немесе жанасусыз төлемді (Apple/Google/Garmin/Samsung Pay) пайдалана отырып Halyk POS желісі арқылы жасалған сауда.
*Halyk Easy арқылы жасалған сауда мен төлемдер неғұрлым көп болса, соғұрлым ұтып алу мүмкіндігі артады!

                                                                                                                                        

Париж паркіне саяхаттау мүмкіндігі ойнатылатын ұтыс ойынының шарттары:

- Halyk Easy картасының болуы;                                                                          
- Halyk қосымшасының тіркелген пайдаланушысы болу;
- Бонустармен төлеуді есепке алмағанда, акция кезеңінде айына 100 теңгеден кем болмайтын сомаға кемінде 1 транзакция** жасау. Транзакция ретінде мыналар есепке алынады:
1. банктің мобильді қосымшасында жасалған төлемдер;
2. картаны, QR немесе жанасусыз төлемді (Apple/Google/Garmin/Samsung Pay) пайдалана отырып Halyk POS желісі арқылы жасалған сауда.
**Нalyk Easy арқылы жасалған әрбір саудаңыз ұтыс ойынына қатысып, армандаған сапарыңызды ұтып алу мүмкіндігін арттырады!

                                                                                                                                        

Парижге саяхаттау бұйырған жеңімпазды қандай керемет күтеді?

1. Сапардың жалпы ұзақтығы - 6 күн/5 түн, оның ішінде:

  • 3 күн және 2 түн әйгілі Парк (Париж) тамашасын қызықтау;
  • 3 күн және 3 түн Париж орталығында (Франция).

2. Ұшу және барлық қажетті құжаттарды ресімдеу;
3. Барлық трансферлер: әуежай — Аты аңызға айналған парк қонақүйінің мейманы болу — Париж орталығы — әуежай;
4. Екі адамға (жеңімпаз бен ертіп жүретін адамға) 500 евродан сыйлық сертификаттары;
5. Visa сыйлықтары және Парижде жол жүру билеті;
6. Әсем ойын-сауық паркін 3 күн және 2 түн тамашалау ішіне мыналар кіреді: паркті аралау, қонақүйде тұру, паркке VIP-тур жасау;
7. Париж орталығындағы (Франция) 3 күн және 3 түнге мыналар кіреді: орталық қонақүйде тұру, экскурсиялар, тамақтану.

                                                                                                                                        

Ұтыс ойынына қатысу бойынша ерекшеліктер:                                            

Ұтыс ойынына келесілер қатыспайды:
- ҚР бейрезиденттері;
- 18 жастан асқан балалар;
- Банк қызметкерлерінің және Halyk тобының, сондай-ақ Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың балалары;
- қатысушылар тізімін қалыптастыру кезінде карталары бұғатталған карта иелері;
- толығымен бонустармен төленіп жасалған сауда;
- аударымдардың кез келген түрлері;
- қолма-қол ақшаны шешіп алу;
- мына санатта жасалған транзакциялар: букмекерлік ұйымдар, микрокредиттік ұйымдар мен қаржы ұйымдары, жалдау қызметтері үшін жасалған төлем, қайырымдылық, айыппұлдар, салық төлемдері, ломбардтар, интернет-ойындар;
- операцияны жойып жасалған сауда (сатып алғандарын/тауарды қайтару)

                                                                                                                                        

Апта сайынғы ұтыс ойындарын өткізу егжей-тегжейлері

Апта сайын 01.06.2025 бастап 31.08.2025 аралығындағы кезеңде науқан басталғаннан бастап есепті аптада 100 теңгеден басталатын сомаға кемінде 1 транзакция жасаған қатысушылар арасында жүлде қорымен ұтыс ойындарының эфирлері (ноутбуктер мен смартфондар) өткізіледі.

Ұтыс ойынының күні мен уақыты Банктің Instagram-дағы halykbank.kz парақшасында орналастырылады.

Кезең

Жүлделер

Ұтыс ойынына қатысу үшін сауда жасау кезеңі

Ұтыс ойыны өтетін күн

1

Смартфон - 3
Ноутбук - 2

1.06 - 8.06.25

13 маусымнан кешіктірмей

2

Смартфон - 3
Ноутбук - 2

9.06 - 15.06.25

20 маусымнан кешіктірмей

3

Смартфон - 3
Ноутбук - 2

16.06 - 22.06.25

27 маусымнан кешіктірмей

4

Смартфон - 3
Ноутбук - 2

23.06 - 29.06.25

4 шілдеден кешіктірмей

5

Смартфон - 3
Ноутбук - 2

30.06 - 6.07.25

11 шілдеден кешіктірмей

6

Смартфон - 3
Ноутбук - 2

7.07 - 13.07.25

18 шілдеден кешіктірмей

7

Смартфон - 3
Ноутбук - 2

14.07 - 20.07.25

25 шілдеден кешіктірмей

8

Смартфон - 3
Ноутбук - 2

21.07 - 27.07.25

1 тамыздан кешіктірмей

9

Смартфон - 3
Ноутбук - 2

28.07 - 3.08.25

8 тамыздан кешіктірмей

10

Смартфон - 3
Ноутбук - 2

4.08 - 10.08.25

15 тамыздан кешіктірмей

11

Смартфон - 3
Ноутбук - 2

11.08 - 17.08.25

22 тамыздан кешіктірмей

12

Смартфон - 3
Ноутбук - 2

18.08 - 24.08.25

29 тамыздан кешіктірмей

13

Смартфон - 3
Ноутбук - 2

25.08 - 31.08.25

4 қыркүйектен кешіктірмей


Негізгі ұтыс ойынын өткізу егжей-тегжейлері 

Қыркүйек айының соңына дейін 01.06.2025 ж. бастап 31.08.2025 ж. аралығындағы кезеңде шарттарды толық орындаған қатысушылар арасында Еуропаның әйгілі паркіне бару мүмкіндігін қанжығасына байлаған 6 жеңімпаздың есімдері белгілі болады.
Бас жүлде ұтыс ойыны Instagram-дағы @halykbank.kz ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді! Жеңімпаздар күзгі демалыс кезінде өз жүлделерін пайдалана алады
Құжаттарды жинау кезінде науқан жеңімпазына немесе оның ата-анасына/қамқоршысына/асырап алушысына виза ресімдеуден бас тартылған жағдайда ұтыс автоматты түрде бірінші дублерге өтеді, ол да ұтыс ойынын тікелей эфирде өткізу кезінде анықталады. Бірінші дублердің алуы мүмкін болмаған кезде, Банк ұтысты екінші дублерге беру құқығын өзіне қалдырады.

Ескерту

Банк кез келген уақытта осы ұтыс ойынының күшін жоюға немесе еңсерілмейтін күш жағдайлары туындағанда осы ұтыс ойынының шарттарын біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы.

                                           

Halyk easy картасын қалай ашуға болады?      

Halyk қосымшасы арқылы ата-аналар:
- ата-ананың біреуі Halyk қосымшасында тіркелген болуы
- "Басты" бөлімінде "Halyk Easy. Балаға картаны ашу" баннерін басыңыз.
Баланы таңдаңыз да, оның ұялы телефонының нөмірін көрсетіңіз
Дайын! Сіздің балаңыздың атына карта ашылды, сондай-ақ Halyk қосымшасына кіру үшін балаңыздың телефонына уақытша SMS-құпиясөз жіберіледі. Уақытша құпиясөздің қолданылу мерзімі - 12 сағат.
Halyk Easy картасын ашқан кезде ата-ананың біреуіне автоматты түрде жаңа шот ашылады, оған баланың картасы байланыстырылады.

                                           

Бала Halyk мобильді қосымшасына қолжетімділікті қалай қалпына келтіре алады?

Ата-ана "Шоттар" бөлімінде баланың картасын - > - Қолжетімділікті қалпына келтіруді таңдауы керек - > баланың телефон нөмірін енгізіп - > SMS-тен кодты енгізуі керек.
Балаға оның телефон нөміріне қосымшаға кіру үшін уақытша құпиясөз жіберіледі, оны енгізіп, жаңа құпия сөзді/қолжеткізу кодын орнату қажет. Қолжетімділікті қалпына келтіру кезінде уақытша құпиясөздің қолданылу мерзімі - 1 сағат. Егер бір сағат ішінде бала мобильді қосымшаға кіру үшін уақытша құпиясөзді енгізуге үлгермесе, ата-ана балаға қолжетімділікті Halyk қосымшасы арқылы қайтадан қалпына келтіруі керек.

                                  

Баланың нөмірі өзгерген кезде немесе ата-анасы балалар картасын шығару кезінде нөмірін қате енгізген жағдайда, не істеу керек?

Егер бала телефон нөмірін ауыстырса немесе ата-ана Halyk қосымшасына тіркелу кезінде баланың телефон нөмірін дұрыс көрсетпесе, ата ана өзінің Halyk қосымшасы арқылы баланың телефон нөмірін ауыстыруы керек:
Ата-ана "Шоттар" бөлімінде баланың картасын таңдауы керек - > Баланың сенімді нөмірін ауыстырып, баланың ЖСН және жаңа телефон нөмірін көрсетуі керек - > SMS-тен кодты енгізуі қажет. Баланың сенімді телефон нөмірін сәтті ауыстыру туралы хабарлама шығады