Акциялар
QR-мен төлеген кезде 5% бонус
Берілетін бонустардың мөлшері:
Науқанға қатысатын дүкендерде жасалған саудаға 5%
Бонустар беру шарттары:
- Бонустар науқанға қатысатын дүкендерде жасалған сауданы Halyk QR-мен төлеген кезде 5% мөлшерінде есептеледі
- Айына бір клиентке бонустардың ең көп сомасы – 5 000 бонус
- Бонустарды есептеу үшін транзакцияның ең төменгі сомасы – 100 теңге
Бонустарды есептеу бойынша ерекшеліктер:
- Клиент сатып алған тауарды қайтарған жағдайда бонус есептелмейді
- Клиент сатып алу сомасын ішінара қайтарған жағдайда, клиенттің бонустық шотынан бонустар (бұрын есептелген) толық мөлшерде есептен шығарылады
- Бонустармен төленген төлемдерге бонустар есептелмейді
Науқан өтетін кезең – 2024 жылғы 25 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығы. Мерзімдер Банктің қалауымен өзгертілуі мүмкін.
Науқанға қатысатын дүкендер арнайы жапсырмалармен белгіленген (витринадағы жапсырмалар). Дүкендер тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Дүкеннің науқанға қатысуын дүкен қызметкерлерінен біліңіздер.
Науқанға сауда үйлері мен базарлар да қатысады:
- Ақбұлақ 1,2,3
- Жаңа Ақбұлақ (Көтерме базар)
- Түрксіб жәрмеңкесі
- Көк базар
- Car city
Бонустар беру шарттары:
- Бонустар науқанға қатысатын сауда үйлері мен базарларда жасаған саудаңыздың ақысын Halyk QR арқылы төлеген кезде 5% мөлшерінде есептеледі
- Айына бір клиентке бонустардың ең көп сомасы – 2000 бонус
- Бонустарды есептеу үшін транзакцияның ең төменгі сомасы – 100 теңге
Сауда үйлері мен базарлар үшін науқанды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 6 желтоқсан мен 31 желтоқсан аралығы. Мерзімдер Банктің қалауымен өзгертілуі мүмкін.
Науқанға қатысатын сауда орындары арнайы жапсырмалармен (витринадағы жапсырмалар) белгіленген. Сауда орындарының тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Науқанға Алматы қаласында орналасқан үй жанындағы дүкендер, сауда үйлері мен базарлар қатысады.