Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

Акциялар

01.08.2024

250.00 нысанындағы салық есептілігін тапсырыңыз

250.00 нысанындағы салық есептілігін Halyk қосымшасында тапсырып, бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынына қатысыңыз

Науқан кезеңі: 2024 ж. 1 тамыз бен 15 қыркүйек аралығы.

Қатысу шарттары:

  • Ұтыс ойынына 2024 жылғы 1 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Halyk қосымшасында 250.00 нысанындағы салық есептілігін тапсырған, 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары - жеке тұлғалар, Банк клиенттері қатысады.
  • Салық есептілігі 1 рет тапсырылады және «қабылданды» күйі болуы тиіс.

Ойнатылатын сыйлықтар:

  • Apple AirPods Max құлаққаптары;
  • Apple iPhone 15 Pro смартфоны;
  • MacBook Air Space*.

Ұтыс ойыны өткізілетін күндер:

  • 2024 жылғы 16 тамыз;
  • 2024 жылғы 02 қыркүйек;
  • 2024 жылғы 16 қыркүйек.

Ұтыс ойынының шарттары:

Ұтыс ойыны Банктің Іnstagram-дағы halykbank.kz ресми парақшасында тікелей эфирде Банк құрған комиссияның қатысуымен кездейсоқ сандар генераторының көмегімен ойнатылады. 

Жеңімпазға Halyk қызметкерлері ұтысқа ие болғанын хабарлайды.

Егер Банк қызметкерлері ұтыс ойынын өткізген күннен бастап 3 күн ішінде жеңімпазбен хабарласа алмаған жағдайда (телефон қоңырауына жауап бермейді/өзінің байланыс деректерін дұрыс көрсетпеді/Банкті хабардар етпей байланыс деректерін өзгертті/кез келген өзге себептер бойынша қолжетімсіз/ұтысты алудан бас тартты), ұтыс автоматты түрде ойынды өткізу уақытында анықталған бірінші дублерге өтеді. Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша ұтысты 1-дублер ала алмаған кезде Банк ұтысты 2-дублерге беруге құқылы. 

Науқанға: 

  • Halyk және Halyk тобының қызметкерлері, сондай-ақ Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар;
  • Алдыңғы Науқанға (кезеңге) қатысқан жеңімпаз қатысушылар қатыспайды.

Қатысушы күмәнді операциялар жасаған кезде Банк оны біржақты тәртіппен Науқаннан шығаруға құқылы.

* Сыйлықтардың сыртқы түрі жарнамалық материалдарда орналастырылған суреттерден өзгеше болуы мүмкін.