Акциялар
Метрода Face Pay арқылы төленген жол ақысын бонустармен 100% орнын толтыру!
Науқан кезеңі: 03.06.2024 – 31.12.2024
Бонустарды есептеу шарттары:
- Банктен Бонустар – Метрода жол жүру ақысы құнынан 100% бонус мөлшерінде есептеледі;
- Айына бір клиентке бонустардың ең көп сомасы – 3 000 бонус.
Бонустарды есептеу бойынша ерекшеліктер:
- Бонустар сыйлық карталарын, корпоративтік карталарды, ағымдағы шоттарға немесе арнайы шоттарға шығарылған карталарды пайдалана отырып жүргізілген төлемдерге есептелмейді;
- Бұрын бонустар есептелген төлемді қайтарған жағдайда, клиенттің бонустық шотынан бонустар есептен шығарылады;
- Карта ұстаушылар күмәнді операциялар жасаған жағдайда, Банк есептелген бонустарды жоюға немесе бонустарды қайтаруға құқылы.
Face Pay дегеніміз не?
Face Pay – бұл бет-әлпетті танудың биометриялық технологиясы арқылы жанасусыз төлем жүйесі.
Halyk қосымшасында Face Pay қызметін қалай қосуға болады?
- Halyk мобильді қосымшасына кіру.
- "Төлемдер" бөлімінде "Face Pay" қызметін таңдап, әрі қарай "Қосу" батырмасын басу.
- Face Pay арқылы жол ақысы автоматты түрде есептен шығарылатын банк картасын таңдау және тіркеу.
Face Pay арқылы төлемді кім қоса алады?
Face Pay арқылы төлем қызметін Банктің клиенттері - Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, 16 жастан асқан Halyk мобильді қосымшасының пайдаланушылары қоса алады.
Face pay арқылы төлемді қайда жүргізуге болады?
Турникеттерінде "Face pay" бет-әлпетті тану камерасы бар арнайы терминалдар орнатылған Алматы қ. метрополитен бекеттерінде төлем жүргізуге болады. "Face Pay төлемі" дөңгелек жасыл жапсырмалардың жанындағы турникетке барыңыз.
Алматы метросында:
- Бет-әлпетті тану камерасы бар арнайы турникетке жақындаңыз.
- Турникеттің алдында арнайы жасыл "Face Pay төлемі" жапсырмасында тұрып, камераға қараңыз.
- Жасыл шам жанып, өту үшін қақпалар ашылады.
- Жол жүру ақысы тіркелген банк картасынан алынады.
- Сізге Halyk қосымшасында жол ақысының ұсталғаны туралы хабарлама келеді.
Face Pay арқылы метроға қалай сәтті өтуге болады?
- Тіркелген банк картасында тариф бойынша төлеу үшін қаражат жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
- Камера Сізді тану үшін турникеттен өтпей тұрып бас киімді, күннен қорғайтын көзілдірікті, бетпердені шешіңіз. Бір уақытта екі немесе одан да көп жолаушы өтпеуі керек.
- Метроға кіру үшін қақпалардың алдындағы еденде жасыл "Face Pay төлемі" жапсырмасында тұрыңыз.
- Метроға кіру үшін қақпалардың алдындағы еденде жасыл "Face Pay төлемі" жапсырмасында тұрыңыз.
- Жол ақысы тіркелген банк картасынан алынады.
- Сізге Halyk қосымшасында жол ақысының ұсталғаны туралы хабарлама келеді.
Face Pay арқылы метрода жол жүру ақысы қанша тұрады?
Алматы қ. метрополитенінің тарифтеріне сәйкес Face Pay арқылы бір сапардың құны - 120 теңге.
Face Pay арқылы метрода жүру үшін жеңілдікті тарифтер бар ма?
Жеңілдікті тарифтер қолданылмайды. Алматы қ. метрополитенінің тарифтеріне сәйкес Face Pay арқылы бір сапардың құны - 120 теңге.
Егер Сіз Face Pay арқылы турникет ашылғаннан кейін метроға өтіп үлгермесеңіз не істеуге болады?
Сіз қандай да бір себептермен метрода турникет ашылғаннан кейін өтіп үлгермесеңіз, мысалы кідіріп, турникет жабылып қалса, онда 10 минуттан кейін қайта өте аласыз.
Назар аударыңыз! Бұл ретте Face Pay арқылы жол ақысы тіркелген банк картасынан тағы ұсталады.
Егер Сіз жол ақысын жетонмен/банк картасымен/"Оңай" картасымен бір мезгілде төлеген болсаңыз және "Face Pay" арқылы турникеттен өткен болсаңыз, метрода жол ақысы екі есе есептен шығарыла ма?
Егер "Face Pay" қызметін қосқаннан кейін Сіз жол ақысын жетонмен/банк картасымен/"Оңай" картасымен төлеп, сол уақытта "Face Pay" терминалы орнатылған турникеттен өтсеңіз, онда бұл жағдайда Face Pay арқылы төлем бәрібір ұсталады.
Назар аударыңыз! Егер Сіз Face Pay қызметін қоссаңыз, Face Pay бар турникеттерден өткен кезде жетонмен/банк картасымен/"Оңай" картасымен төлемеуіңізді сұраймыз.
Неліктен Halyk мобильді қосымшасында "Face Pay" қызметін қоса алмайсыз?
- Сізге Halyk мобильді қосымшасын жаңарту қажет.
- Сіз ҚР резиденті емессіз немесе 16 жасқа толмағансыз.
Face Pay туралы толығырақ.