Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

Акциялар

15.05.2024

Halyk қосымшасында төлемдер жасап, күнделікті 1 миллион бонус ұтыс ойынына қатысыңыз!

Науқан кезеңі: 15.05.2024 - 31.08.2024 аралығы

Қатысу шарттары:

  • Ұтыс ойынына Halyk қосымшасында, «Төлемдер» бөлімінде жасалған барлық төлемдер қатысады;
  • Ұтыс ойынының жеңімпаздары 2024 жылдың 15 мамыры мен 31 тамызы аралығында күн сайын анықталады.
  • Күні бойы сағат 00:00-ден 23:00-ге дейін жүргізілген төлемдер үшін күнделікті берілетін жүлде келесі күні ойнатылады (төменде «Ұтыс ойынының кезеңдері» бөлімінде толығырақ сипатталған);
  • Төлем мөлшері 100 теңгеден кем болмауы тиіс;
  • Науқанға 10 жастан асқан Қазақстанның барлық тұрғындары қатыса алады. 

Ұтыс ойынының кезеңдері:

Ұтыс ойыны демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын кездейсоқ сандар генератор арқылы 16:00-ден 18:00-ге дейін Банктің halykbank.kz Instagram ресми парақшасында тікелей эфирде өткізіледі Демалыс/мереке күндерінің жеңімпаздары демалыс/мереке күндерінен кейінгі бірінші жұмыс күні анықталады.

Жеңімпаздарға Halyk банк қызметкерлері хабарласып, жүлдені алу тәсілі туралы хабарлайды. 1 000 000 бонус түріндегі ұтысты Halyk қосымшасында «Төлемдер» бөлімінде қызметтерді төлеу кезінде, Halyk Market және Halyk POS терминалдарында бонустармен төлем жасаған  кезде пайдалануға болады.

Егер ұтыс ойынының жеңімпазы ұтыс ойыны өткізілген күннен бастап үш күн ішінде байланысқа шықпаса (телефон қоңырауына жауап бермесе/өзінің байланыс деректерін дұрыс көрсетпесе/Банкке хабарламай байланыс деректерін өзгерткен болса/кез келген басқа себептермен қолжетімсіз болса/ұтысты алудан бас тартса), ұтыс автоматты түрде ұтыс ойынын өткізу кезінде анықталған бірінші дублерге өтеді. Жоғарыда көрсетілген себептермен 1-ші дублердің ұтысты алуы мүмкін болмаған кезде Банк ұтысты 2-ші дублерге беру құқығын өзіне қалдырады.

Науқанға есепті күн ішінде жасалған клиенттің 1-ден 10-ғ дейінгі төлемдері қатысады.

Ерекшеліктері:

1) Науқанға:

  • Halyk тобының және Halyk қызметкерлері, сондай-ақ Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар;
  • 10 жасқа толмаған банк клиенттері қатыспайды.

2) Науқанға мынадай санатта жасалған төлемдер қатыспайды:

  • Қайырымдылық;
  • Сатып алу;
  • Қаржылық қызметтер;
  • Өзін өзі жұмыспен қамтығандар және ЖК.

«Өзгелері» кіші санатында жасалған төлемдер қатыспайды:

  • Жарналар;
  • Букмекерлік ұйымдар;
  • ЖСО;
  • Үй-жайларды жалға алу;
  • Өзгесі.

3) POS терминал арқылы жасалған төлемдер де акцияға қатыспайды.

* Жеңімпазға бонустарды есептеу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзаруы мүмкін. Егер жеңімпаз қандай да бір дәлелді себептермен (ҚР шегінен тыс/ауруы/форс-мажор және т.б.) Банк филиалында құжаттарға қол қоюға және ұтысты алуға мүмкіндігі болмаса, онда оған жеңімпаз деп оны жарияланған күннен кейін ұтысты алу үшін күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзім беріледі.

Банк кез келген уақытта осы ұсыныстың күшін жою не еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған жағдайда осы ұсыныстың шарттарын біржақты тәртіппен өзгерту құқығын өзіне қалдырады (ұтыс ойынына қатысқан төлемнің күші жойылған жағдайда, жүлде де жойылады).

Жеңімпаз жүлдеден бас тарту туралы ресми өтінішке қол қою арқылы одан бас тартуға құқылы.

Банк жеңімпаздың бонустарды әртүрлі мақсаттарда пайдалануына жауапты емес.