Halyk ипотека
Тиімді талаптармен ипотеканы жылдам ресімдеу. Сіз шешімді Halyk қосымшасында 5 минутта үйден шықпай-ақ ала аласыз
Артықшылықтары
құжаттардың ең аз пакеті
қарыз алудың қысқа мерзімдері
сома бойынша шектеу жоқ
Шарттар
Бағдарламаның мақсаты | - пайдалануға дайын жылжымайтын мүлікті және жеке құрылысқа арналған жер телімдерді сатып алу - салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатып алу - жеке құрылыс және тұрғын үйді жөндеу | |
Сыйақы мөлшерлемесі | Комиссиясымен: жылдық 17,5%-дан бастап жылдық 20,5%-ға дейін (ЖТСМ 19.2%-дан бастап 25%-ға дейін)* | Комиссиясыз: жылдық 18,5%-дан бастап жылдық 21,5%-ға дейін (ЖТСМ 19.5%-дан бастап 25%-ға дейін)* |
Қарыз мерзімі | 6 айдан бастап 240 айға дейін | |
Бастапқы жарна | қосымша кепіл ұсынғанда - 0% банкпен ынтымақтастық (қорландыру) туралы шарт бекіткен компаниялардың қызметкерлері үшін - сатып алынатын мүлік құнының 10%-ы | |
Қарыздың ең жоғары сомасы | өтініш иесінің төлем қабілеттілігіне байланысты | |
Қамтамасыз ету | коммерциялық/коммерциялық емес мақсаттағы жылжымайтын мүлік | |
Сақтандыру | Банкпен жүзеге асырылады |
*ЖТСМ - қарызды түпкілікті есептеу банк бөлімшесінде алған кезде жүргізіледі.
**Комиссиялар мен өзге төлемдерді өндірусіз кредиттеу бағдарламалары бойынша жоқ
Заемшы - жеке тұлға банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болады.
Заемшы банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда Банктің:
- тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеуге;
- заемшының банктік шоттарындағы ақшадан құн өндіруге;
- коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеуге беруге;
- сотқа талап арыз беруге құқығы бар.
Ресімдеу
1
Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз немесе 7111 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз
2
Құжаттардың тізімін әзірлеңіз
3
Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз