Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

Акциялар

15.02.2024

UEFA Champions League Final London 2024-ке Mastercard-пен және Halyk-пен бірге сапар

Акция барысында Apple Pay, Google Pay және Samsung Pay көмегімен 200 000 теңгеден басталатын сомаға Halyk Mastercard картасымен сатып алу ақысын төлеңіз де Лондонда өтетін UEFA Champions League Final 2024 ақтық ойынына екі адамға арналған сапарды және Mastercard пен UEFA Champions League өзге де жүлделерін ұтып алыңыз!

Жүлде қоры:

  • УЕФА Чемпиондар Лигасының финалына 2 билет, 1 брендті мойынорағыш және 2 брелок.
  • 1 рюкзак, 1 ерлер футболкасы (L өлшем), 1 қара көзілдірік, 1 суға арналған бөтелке және 1 брелок.

Акция кезеңі: 2024 жылғы 15 ақпан – 31 наурыз

Акция талаптары:

1) Акцияға Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар, Halyk Bank-тегі Mastercard® карталарының ағымдағы және әлеуетті ұстаушылары қатыса алады.

2) Карта мына электрондық әмиян түрлерінің біріне байланыстырылуы тиіс: Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay, Garmin Pay.

3) Қатысушы акция кезінде жиынтығы 200 000 (екі жүз мың) теңгеден кем емес сомаға ұялы телефонды немесе смарт-сағатты пайдалана отырып, заңмен тыйым салынбаған кез келген сауда-сервис кәсіпорындарында тауарларға және/немесе көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуі тиіс.

4) Банк www.random.org арнайы компьютерлік бағдарламасының көмегімен әрбір қатысушыға берілген реттік нөмірлерді кездейсоқ анықтау арқылы жеңімпазды айқындайды.

5) Акцияның жеңімпаздарына жеке деректерді нақтылау үшін Банк өкілдері хабарласады.

6) Жүлде алушы-жеңімпаздарды ұтыс ойыны өткізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Банк қызметкерлері қоңырау шалып хабардар етеді.

7) Жүлделерді алу үшін Жеңімпаз Жеңіс туралы хабарламаны алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

  • ЖСН міндетті түрде көрсете отырып, жеке куәліктің сканерленген көшірмесі (екі жағынан) (аты-жөні MasterCard картасын алған кезде банкте көрсетілген деректерге сәйкес келуі тиіс);
  • Жеңімпаздың тұрғылықты мекенжайы;
  • Ұялы телефон нөмірі.

8) Банк Жеңімпаздардың деректерін 10% ЖТС (жүлдеге салынатын жеке табыс салығы 10%) төлеуді қоса алғанда, жүлде қорын аударуды жүзеге асыру үшін пайдаланады.

9) Барлық жүлде жеңімпаздарға 2024 жылғы 20 мамырға дейін беріледі.

10) Матчқа билеттерді Жеңімпаздар кешкісін матч қарсаңында UEFA мобильді қосымшасында алады.

11) Halyk және Mastercard мыналар үшін жауапкершілік көтермейді:

  • Қатысушылардың өз кінәсінен немесе байланыс ұйымдарының, курьерлік және пошта қызметтерінің кінәсінен немесе Ұйымдастырушылар мен Операторға байланысты емес өзге де себептер бойынша Акция Жүлделерін алу үшін қажетті пошта жөнелтілімдерін, мәліметтерді/құжаттарды алмауы/уақтылы алмауы;
  • Акцияға Қатысушылардың осы Қағидаларда көзделген міндеттерді орындамауы (уақтылы орындамауы) немесе Акцияға Қатысушылардың Акция туралы ақпаратпен Сайтта таныса алмауы;
  • Банк өкілдері телефон қоңырауы арқылы деректерді жинау кезінде Акция Жеңімпаздары көрсеткен деректердің, байланыс және өзге ақпараттың дұрыстығы,  дәлдігі және сенімділігі, осыған байланысты Акцияға қатысушылармен көрсетілген байланыс телефондары бойынша хабарласудың мүмкін болмауы, сондай-ақ Қатысушылардан алынған ақпаратты Акция мақсаттары үшін, оның ішінде Ұйымдастырушылар мен Операторға тәуелсіз өзге де себептерді қоса алғанда, Жүлделерді беру мақсаттары үшін пайдаланудың мүмкін болмауы;
  • Акцияға Қатысушылар талап етпеген немесе бас тартқан жағдайда, сондай-ақ Акцияны ұйымдастырушылар мен Операторға тәуелсіз өзге де себептер бойынша Акцияға Қатысушылардың Жүлделерді алмауы;
  • Қатысушылардың Акцияға қатысуына байланысты өмірі, денсаулығы, моральдық және/немесе психикалық жарақаттары.

13) Жеңімпаздар алған жүлделер айырбастауға және қайтаруға жатпайды. Жүлделер ақшалай баламасында берілмейді.