Faster
Артықшылықтары
Аударымдар туралы
Жіберу географиясы* |
Ресей, ТМД мен алыс шетел елдері
|
Жеке тұлғаларға |
жіберіле алады
|
Аударым валютасы |
KZT, USD, EUR, RUB
|
Жөнелтудің максималды сомалары |
10 000 доллар (теңгемен/еуромен/ресей рублімен баламасы)
|
Алу уақыты |
бірнеше минут ішінде
|
Аударымды жөнелту және алу тәсілі* |
банк бөлімшелерінде
|
* Қазіргі уақытта аударымдар тек Қазақстан аумағында қолжетімді, толығырақ сілтеме бойынша
«Intel Express» және «Faster» жүйесіне қатысушы нүктелерге банк бөлімшелері қамтылады
Білу маңызды
«FASTER» жүйесі арқылы Қазақстан, РФ, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Әзірбайжан, Тәжікстан, Беларусь, Армения, БАӘ, Грузия, Ұлыбритания, Моңғолия бойынша аударымдарды жүзеге асыруға болады.
«FASTER» жүйесінің серіктестері:
Intel Express – алыс шетел мемлекеттері: Грузия, Ұлыбритания, Италия, Греция, Израиль, Швецария, Швеция, Бельгия, Нидерланд.
ТМД елдерінің және алыс шетелдің банктері: РФ, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркия, Грузия
Құрметті клиенттер!
Көпшілігіңіз «Faster» ақша аударымдары жүйесінің қызметін қолданып, оның ыңғайлы жақтары мен сенімділігін бағалап үлгерген боларсыз. «Faster» жүйесі – туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызға жылдам әрі ыңғайлы түрде ақша жіберуге керемет мүмкіндік беретін қызмет. Дегенмен, қызметті қолдану барысында Faster аударымдары тек қана жеке тұлғалар арасында ақша аударуға арналған жүйе екендігін есте сақтаған жөн. «Faster» жүйесі тауар немесе қызметке төлем жасау мақсатында ақша аударуға қолданылмайды. «Faster» жүйесі арқылы ақшалай ұтыстар және ұйымдар мен өзге тұлғалар тарапынан басқа төлемдер ешқашан аударылмайды. Осыған байланысты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ келесі ұсыныстарды қолдануыңызды сұрайды.
«Faster» жүйесі немесе өзге халықаралық аударым жүйесі арқылы ақша аударымдарын жүргізу барысында өте мұқият болыңыз. Бейтаныс адамдарға немесе тұлғасын анықтай алмаған адамға аударым жібермеңіз. Бейтаныс адамның өтініші бойынша, аталған тұлға өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған болса да, аударымды жүзеге асыруға келісім бермеңіз. Егер осындай өтініш алаяқтық әрекеті болуы мүмкін деген күдік туындаса, жергілікті құқық қорғау орнандарына немесе Банк қызметкеріне хабарлаңыз. Ақша аударымын жолдауға өтініш пен аударым жүргізу чегінің көшірмесін почта немесе факс арқылы бейтаныс адамға ешқашан жолдамаңыз.
Банк жұмыскерлері болып табылмайтын тұлғалар ақша аударымын жолдауға өтінішті толтыру немесе кұпия сөзді таңдау бойынша кеңес беруге тырысатын болса, сақ болыңыз. Өйткені бұл жағдайда сіз аударым туралы барлық деректерді бейтаныс адамдарға жария етуіңіз мүмкін. Аталған жағдайлар туындағанда міндетті түрде Банк кеңесшісіне жүгінуіңізді сұраймыз.
Құрметті клиенттер! «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Faster» аударымдар жүйесін қолданғаныңыз үшін алғыс білдіреді. Сонымен қатар сіздің қаражатыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақша аударымдарын жүргізу барысында қауіпсіздік ережелерін есте сақтауыңызды және ұстануыңызды сұраймыз