Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

Акциялар

25.02.2025

Mastercard және Halyk-пен бірге UEFA Champions League Final Munich 2025 ойынына жолдама

Сауда ақысын науқан барысында жалпы 200 000 теңгеден асатын сомаға Halyk-тың Mastercard картасымен Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және Garmin Pay арқылы төлеп, Мюнхенде өтетін UEFA Champions League Final 2025 ойынына екі адамға жолдама және Mastercard пен UEFA Champions League-ден басқа да сыйлықтар ұтып алыңыз!

Жүлде қоры:

  1. 2 турға мыналар кіреді: Мюнхеннің орталығындағы 4* қонақүйде екі адамға арналған бөлмеде тұру (3 күн 2 түн), матч-қа CAT 1-ге 2 билет, Мюнхенде әуежай-қонақүй-әуежай трансфері, Allianz Arena стадионына матчқа және қонақүйге қайтуға трансфер және брендтік мерчендайзинг.  
  2. Серіктестер брендингімен 10 мерчандайзинг жиынтығы, яғни: 1 рюкзак, L өлшеміндегі 1 футболка, 1 су ішетін бөтелке, кілттерге арналған 1 салпыншақ.

Науқан кезеңі: 2025 ж. 25 ақпан – 13 сәуір аралығы

Науқан шарттары:

  1. Науқанға Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар, Halyk Bank-те Mastercard® карталарының ағымдағы және әлеуетті ұстаушылары қатыса алады.
  2. Карта Apple Pay, Google Play, Samsung Pay, Garmin Pay электрондық әмияндарының біріне байланыстырылуы керек.
  3. Қатысушы науқанның барлық кезеңінде сомасы 200 000 (екі жүз мың) теңгеден кем емес сомаға ұялы телефонды немесе смарт-сағатты пайдалана отырып, заңмен тыйым салынбаған кез келген сауда-сервистік кәсіпорнында тауарларға және/немесе көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуі тиіс.
  4. Банк жеңімпазды www.random.org арнайы компьютерлік бағдарламасының көмегімен әрбір қатысушыға берілген реттік нөмірлерді кездейсоқ айқындау жолымен анықтайды.
  5. Науқан жеңімпаздарымен жеке деректерді нақтылау үшін Банк өкілдері байланысады.
  6. Жүлде алушы жеңімпаздарды Банк қызметкерлері ұтыс ойыны өткізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде телефон қоңырауы арқылы хабардар етеді.
  7. Жүлделерді алу үшін Жеңімпаз Жеңіс туралы хабарламаны алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

- ЖСН міндетті түрде көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген көшірмесі (екі жағы) (аты мен тегі MasterCard картасын алған кезде банкте көрсетілген деректерге сәйкес келуі тиіс);

- Жеңімпаздың нақты тұрғылықты мекенжайы;

- Ұялы телефон нөмірі.

  8. Жеңімпаздардың деректерін Банк 10% ЖТС төлеуді (жүлдеге жеке табыс салығы 10%) қоса алғанда, жүлде қорын аударуды жүзеге асыру үшін пайдаланады.

  9. Барлық жүлделер жеңімпаздарға 2025 жылғы 25 мамырға дейін беріледі.

  10. Матчқа билеттерді Жеңімпаздар матч қарсаңында кешке UEFA мобильдік қосымшасында алады.

  11. Halyk пен Mastercard:

  • Қатысушылардың өз кінәсінен немесе байланыс ұйымдарының, курьерлік және пошта қызметтерінің кінәсінен немесе Ұйымдастырушылар мен Операторға байланысты емес өзге де себептер бойынша Науқан Жүлделерін алу үшін қажетті пошта жөнелтілімдерін, мәліметтерді/құжаттарды алмағаны/уақтылы алмағаны;
  • Науқанға Қатысушылардың осы Қағидаларда көзделген міндеттерді орындамауы (уақтылы орындамауы) немесе Науқанға Қатысушылардың Науқан туралы ақпаратпен Сайтта таныса алмауы;
  • Науқан Жеңімпаздары Банк өкілдері телефон қоңырауы арқылы деректерді жинау кезінде көрсеткен деректердің, байланыс және өзге де ақпараттың дұрыстығы, дәлдігі және сенімділігі, ал осыған байланысты Науқанға Қатысушылармен олар көрсеткен байланыс телефондары арқылы байланыса алмағаны үшін, сондай-ақ Қатысушылардан алынған ақпаратты Науқан мақсаттары үшін, Жүлделерді беру мақсаттары үшін пайдалана алмағаны үшін, оның ішінде Ұйымдастырушылар мен Операторға байланысты емес өзге де себептер үшін;
  • Науқанға Қатысушылар Жүлделерді талап етпеген немесе олардан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ Науқанды Ұйымдастырушылар мен Операторға байланысты емес өзге де себептер бойынша Науқанға Қатысушылардың Жүлделерді алмағаны үшін;
  • Қатысушылардың Науқанға қатысуына байланысты олардың өмірі, денсаулығы, моральдық және / немесе психикалық жарақаттары үшін жауапты болмайды.

  12. Жеңімпаздар алған жүлделер айырбастауға және қайтаруға жатпайды. Жүлделер ақшалай берілмейді.

  13. Толығырақ: https://www.mastercard.kz/ru-kz/consumers/offers-promotions/football2025.html