Акциялар
Halyk-тан автокөлік ұтыс ойыны
Негізгі сыйлық - а-а-автокөлік. Halyk-та автокөлік кредитін ресімдеп, екінші автокөлікті ұту мүмкіндігіне ие болыңыз!
Кезеңі: 2024 жылғы 6 мамыр – 30 қараша
Ойнатылатын көлік: Hyundai Tucson
Ұтыс ойынының кезеңдері: 6 кезең, әрқайсысында 1 автомобильден
Автокөліктің алтыншы ұтыс ойыны 12 желтоқсан сағат 12:00-де Банктің Instagram-дағы @halykbank.kz ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді
Ұтыс ойынының кезеңі | Ұтыс ойынына қатысу үшін автокредитті ресімдеу кезеңі | Ұтыс ойынын өткізу күні |
1 автокөлік | 6 мамыр – 30 маусым | 12 шілдеге дейін |
2 автокөлік | 6 мамыр – 31 шілде | 14 тамызға дейін |
3 автокөлік | 6 мамыр – 31 тамыз | 13 қыркүйекке дейін |
4 автокөлік | 6 мамыр – 30 қыркүйек | 11 қазанға дейін |
5 автокөлік | 6 мамыр – 31 қазан | 14 қарашаға дейін |
6 автокөлік | 6 мамыр – 30 қараша | 12 желтоқсанға дейін |
Қатысу талаптары:
- Halyk қосымшасында автокредит рәсімдеңіз;
- Сіздің заемыңыз автоматты түрде ұтыс ойынына қатысушылар тізіміне қосылады.
Ұтыс ойынына мыналарды ресімдеген клиенттер қатыса алады:
Halyk қосымшасында Серіктестердің автосалондары арқылы Halyk цифрлық автокредиті.
Ұтыс ойынына қатыса алмайтындар:
- Банк қызметкерлері;
- Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар;
- Осы ұтыс ойыны аясында жеңімпаз атанған клиенттер;
- Ұтыс ойынының тиісті кезеңінде немесе ұтыс ойынының тиісті кезеңін өткізу үшін Банктің соңғы тізімдерді қалыптастыру күніне дейін:
- ұтыс ойынына қатысатын кредиттерді толық мерзімінен бұрын өтеген клиенттер;
- ұтыс ойынына қатысатын кредиттер бойынша міндеттемелердің орындалуын кешіктіруге жол берген клиенттер;
- Банктегі кез келген кредит бойынша міндеттемелерді орындаудың ағымдағы мерзімін өткізіп алған клиенттер.
Жеңімпаздар Банктің Instagram-дағы @halykbank.kz ресми парақшасында тікелей эфирде кездейсоқ сандар генераторының көмегімен кредит шартының нөмірі/реттік нөмірі бойынша Банк құрған комиссияның қатысуымен анықталады.
Ерекшеліктер:
- Егер клиентте ұтыс ойыны кезеңінде ресімделген бірнеше кредиттік шарттар болса, онда ұтыс ойыны кезеңінде бірінші болып жасалған кредиттік шарт ұтыс ойынына қатысады. Бұл ретте, егер ұтыс ойынын өткізу кезеңінде жасалған клиенттің бірінші кредиті мерзімінен бұрын өтелген болса, ұтыс ойынына осы кезеңде жасалған келесі кредит қатысатын болады;
- Егер ұтыс ойынының жеңімпазы ұтыс ойыны өткізілген күннен бастап үш күн ішінде байланысқа шықпаса (телефон қоңырауына жауап бермесе/өзінің байланыс деректерін дұрыс көрсетпесе/Банкке хабарламай байланыс деректерін өзгертуді жүзеге асырса/кез келген басқа себептер бойынша қолжетімсіз болса/ұтысты алудан бас тартса), автомобиль автоматты түрде ұтыс ойынын өткізу кезінде анықталған бірінші дублерге өтеді. Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша ұтысты 1-дублердің алуы мүмкін болмаған кезде Банк ұтысты 2-дублерге беру құқығын өзіне қалдырады.
Жүлдені алу тәртібі:
- Автокөлікке меншік құқығын беру туралы құжаттарды ресімдеу тек Алматы қаласында жүргізіледі. Егер ұтыс ойынының жеңімпазы басқа қалада болса, жеңімпаз жол жүру/тұру шығындарын өзі көтереді.
- Мемлекеттік баждың барлық қосымша шығындарын Банк төлейді.
Автокөліктің техникалық сипаттамалары:
- Жинақтауын сыйға беруші анықтайды.
- Түсін сыйға беруші анықтайды және жарна роликтерінде көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
Банк еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған жағдайда біржақты тәртіппен кез келген уақытта осы ұсыныстың күшін жою немесе осы ұсыныстың талаптарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Заемшы – жеке тұлға банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болады. Заемшы банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда Банктің:
- тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеуге;
- заемшының банктік шоттарындағы ақшадан құн өндіруге;
- коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеуге беруге;
- сотқа талап арыз беруге құқығы бар.
Кепіл беруші кепіл мәнінің техникалық жай-күйінің тиісті түрде сақталуына және кездейсоқ жойылу/бүліну тәуекеліне, кепіл мәнінің зақымдануына және жоғалуына жауапты болады.
Қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес кепілге салынған мүлікті соттан тыс және/немесе сот тәртібімен өндіріп алуға құқылы.