Акциялар
02.06.2021
Тәттілер күні. Әр сәрсенбі сайын 3% бонус
Halyk Bank картасымен кондитерлік дүкендерде төлем жасап, бонустар алыңыз!
Талғамды тәтті тоқаштың дәмінен ләззат алып, жаңа піскен ыстық нан мен кондитерлік өнімдердің хош иісін сезініп, әр сәрсенбіде Halyk Bank картасымен бонустарға ие болыңыз!
Ұсынылатын бонустар көлемі: Halyk Bank карталарына 3% (кепілдендірілген 1% бонусқа қосымша 2% бонус есептеледі)
Акцияны өткізу мерзімі: 2 маусымнан 31 тамызға дейін, тек қана сәрсенбі күндері
Бонустар ұсыну талаптары:
- Бонустар Halyk Bank-тің POS-терминалдары арқылы төлеген кезде ғана, корпоративтік және сыйлық карталарынан, арнайы шоттар карталарынан басқа, Halyk Bank-тің барлық карталарына есептеледі
- Бонустар MCC (merchant category code) берілген кондитерлік дүкендерге ғана есептеледі: 5462, 5441
- Барлық карталар бойынша 1 (бір) клиентке бонустар есептеудің ең жоғары сомасы айына – 30 000 бонус, 1% кепілдендірілген бонусты есептеу лимиті аясында
- Клиент сатып алу сомасын ішінара немесе толығымен қайтарған жағдайда, бұрын есептелген бонустар толық мөлшерде шегеріледі
- Бонустармен жүргізілген төлемге бонустар есептелмейді
- Банк карталарын ұстаушылар күмәнді операциялар жасаған жағдайда, Банк біржақты тәртіпте бонустарды есептемеуге немесе бонустарды қайтарып алуға құқылы
Банк клиенттерге хабардар етпей, акция шарттарын біржақты тәртіпте өзгерту, соның ішінде акция мерзімін тоқтату немесе ұзарту құқығын өзіне қалдырады