Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

Акциялар

31.12.2021

Коммуналдық қызметтің төлемі үшін 100% бонус

Halyk Homebank қосымшасындағы ең танымал қызмет - коммуналдық қызмет төлемі үшін 100% бонусты қайтарамыз.

Акцияның шарттары:

Ұтыс ойынының кезеңі 08.03.2021 - 31.12.2022 аралығында
Ұтыс ойынының қатысушылары Акция кезеңінде Halyk Bank карталарымен Halyk Homebank қосымшасында «Коммуналдық қызметтер» немесе «ПИК/ММҰ» санатында төлемдер жасаған Halyk Bank клиенттері
Бонустың мөлшері Halyk Homebank қосымшасында коммуналдық төлемдер үшін 100% бонус
Ұтыс ойынының шарттары Апта сайын, кездейсоқ сандарды генерациялау әдісімен коммуналдық қызметтер немесе ПИК/ММҰ үшін жасалған төлемдердің арасынан 100 жеңімпаз таңдалып, оларға төлем сомасынан 100% бонус есептелетін болады
Ерекшеліктер - Ұтыс ойынына 1% бонус есептелмейтін төлемдер қатыспайды. Толығырақ 
- Бір ұтыс ойыны аясында бір клиентке есептелетін бонустардың ең жоғарғы сомасы – 50 000-нан көп емес
- Акцияға Halyk Bank және Halyk тобының қызметкерлері, сондай-ақ Банкпен айрықша қатынаспен байланысқан, соның ішінде үлестес тұлғалар қатыспайды

Акция ҚР аумағында ғана әрекет етеді

Бонустарды қалай алуға болады?


1-ші қадам. Halyk Homebank қосымшасында онлайн тіркеліңіз
1. Android немесе iPhone смартфондарына арналған Halyk Homebank қосымшасын жүктеп алыңыз
2. "Тіркелу" батырмасын басыңыз

  • Телефон нөміріңіз бен ЖСН-ді енгізіңіз
  • Құпиялылық саясатының шарттарымен танысыңыз  
  • SMS-пен келген кодты енгізіңіз
  • Жүйеге кіру үшін пароль қойыңыз
  • Нұсқаулыққа сәйкес жеке басты бейне растаудан өтіңіз
  • Жеке куәлікті сұраған жағдайда сканерлеңіз

Дайын! Тіркелгеннен кейін Сізге автоматты түрде Halyk Bonus Digital цифрлық картасы ашылады, Сіз Halyk Homebank-тің барлық қызметін бірден пайдалануды бастай аласыз

2-ші қадам. Коммуналдық қызметтерге ақыны комиссиясыз төлеу 

  1. Halyk Homebank қосымшасын ашып «Төлемдер» бөліміне өтіңіз
  2. «Коммуналдық қызметтер» немесе «ПИК/ММҰ» санатынан қажетті жеткізушіні таңдаңыз
  3. Дербес шоттың нөмірін енгізіңіз де төлемді жүргізіңіз

Дайын! Сіз ұтыс ойынына қатысасыз және де төлем сомасынан 100% бонус ала аласыз

Бонустар Halyk Homebank-те жасалған коммуналдық төлемдерге есептеледі:

  • Транзакция сомасынан 100% мөлшерде бонустар есептеу - 50 000 теңгеге дейін төлем жасалғанда 
  • Төлем 50 000 теңгеден жоғары болған жағдайда 50 000 бонус қана есептеледі 
  • Клиент төлем сомасын ішінара немесе толығымен қайтарған жағдайда, бұрын есептелген бонустар толық мөлшерде есептен шығарылады
  • Банк клиентке хабарламай, акция талаптарын өзгертуге немесе акцияның күшін бір жақты тәртіпте тоқтатуға құқылы 
  • Карта ұстаушылар күмәнді операциялар жасаған жағдайда, Банк бір жақты тәртіпте бонустарды қайтарып алуға немесе оларды есептемеуге құқылы


Жеңімпаздар

Жинақталған бонустарды Halyk Homebank қосымшасында және Halyk Club серіктестері желісінде қызметтерге ақы төлеу үшін пайдаланыңыз