Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

Halyk Invest-пен бірге «Халықтық IPO»-ға қатысыңыз

IPO (ағылш. - Initial Public Offering) – компанияның бағалы қағаздарын инвесторлардың шектеусіз тобына биржада орналастыру арқылы алғашқы жария түрде ұсыну. IPO нәтижесінде компания жариялы түрде, есеп беру ашық және акциялар бөлшек инвесторлардың кең ауқымы үшін қолжетімді болады. Әдетте, IPO-да нақты бизнес-модельдері бар, корпоративтік басқарудың жоғары деңгейі бар және олардың қаржылық есептілігі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тұрақты және әлеуеті зор компаниялар шығарылады.

«Халықтық IPO» бағдарламасының ерекшелігі - мемлекет өз азаматтарына ұлттық компаниялардың акцияларын ұсынады, бірақ сонымен бірге акционерлерді нарықтық тәуекелдерден мүмкіндігінше қорғау үшін негізгі акционер болып қала береді. «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысушы барлық компаниялар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тобына кіреді.

IPO-ДАН ҚАЛАЙ АҚША ТАБУҒА БОЛАДЫ?

IPO-ның танымалдығы жоғары ықтимал кірістілікке байланысты. Инвестициялардың негізгі ережесін есте ұстаған жөн: күтілетін кірістілік неғұрлым жоғары болса, тәуекел соғұрлым жоғары болады.

Биржада сатылатын басқа акциялар сияқты IPO-да да екі жолмен ақша табуға болады:

  • дивидендтер алу арқылы - дивидендтік кіріс алу үшін инвестор акцияларды сатып алып, оларды өз портфелінде сақтауы тиіс
  • акция бағасының өсуі арқылы - бұл кірісті алу үшін акцияны сатып алынған бағасынан қымбатырақ сату керек.

Қазақстандағы табысты IPO тәжіребесі

KAZATOMPROM

KEGOC

KazTransOil

Не істеу керек?

1

Halyk Homebank қосымшасының Halyk Invest бөлімінде IPO және SPO қосымша бетін ашыңыз

2

IPO және SPO-ға қатысу үшін компания мен құралды таңдаңыз

3

Инвестициялық шоттағы ақша сомасын қамтамасыз етіп, сатып алуға өтініш беру керек және аллокацияны күту қажет

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдыға IPO туралы қалай білуге болады?

IPO-ға үміткер ұлттық компаниялардың тізімі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының сайтында жарияланған. Алдағы IPO туралы ақпаратты kase.kz және aix.kz сайттарынан табуға болады.

IPO-да қандай тәуекелдер бар?

Кез келген инвестиция тәуекелмен байланысты. Тәуекелсіз, «сенімді» инвестицияларды уәде ететін ұсыныстарға сенбеңіз - бұл алаяқтар.

Инвестициялардың бірінші қағидасы: күтілетін кірістілік неғұрлым жоғары болса, тәуекел соғұрлым жоғары болады.  

Бұл қағида IPO-да инвестиция жасауға да қатысты.

IPO табиғаты бойынша жоғары кірісті инвестиция болып табылады және капиталды ұлғайтудың жылдам әдісі болып саналады. Ең бастысы - сіз сатып алған акциялардың бағаларын бақылап отыру.

Акция сатып алу сомасын қашан төлеуім керек?

Инвестор «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың IPO-сына өтінім беру алдында инвестициялық шоттағы ақшаны қамтамасыз етеді. Инвесторлардың ақшамен қамтамасыз етілмеген барлық өтінімдерін брокер/биржа қабылдамайды.

Акцияларды сатып алу туралы өтініштен бас тарта аламын ба?

Инвестор өтінімдер кітабын қалыптастыру кезеңінде «Халықтық IPO» шеңберінде акцияларды сатып алуға өз өтінімін жоя алады. Өтінімнің күшін жою үшін инвестор Invest бөлімінде «Операциялар» қосымша бетіне өтіп, оны «Қолданыстағы» бетінде тауып, «Болдырмау» батырмасын басу қажет.