Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Homebank Pay

Homebank қосымшасы арқылы Android смартфондармен төлемдер

Android смартфондармен жылдам төлемдер

5% бонусов на платежи и покупки
5% бонусов на платежи и покупки
по всему миру
по всему миру
без комиссий
без комиссий

Қосу үшін не қажет

1. NFC модулі бар Android  смартфон
Homebank Pay төлемдері NFC модулі бар Android  смартфондар үшін қолжетімді

2. Halyk Bank-тің Visa картасы
Halyk Bank ұсынған Visa дебеттік немесе кредиттік карталары. Егер сізде Visa картасы болмаса, тегін жеткізу қызметін таңдап тапсырыс беріңіз немесе кез келген бөлімшеде ашыңыз және төлем үшін бонустар алыңыз, ал Homebank қосымшасында сіз 1 секунд ішінде 1 теңгемен Visa виртуалды картасын шығара аласыз

3. Homebank қосымшасы
Homebank қосымшасын Play Market арқылы орнатыңыз. Егер қосымша жүктелген болса, онда оны жүктеудің қажеті жоқ

Көбірек пайда табыңыз

  • 5% – барлығына кепілдендірілген бонус!*
  • 10% – арнайы бағдарламалар мен акциялар бойынша ең жоғары бонус
  • 30% – Halyk Club серіктестері желісіндегі ең жоғары бонус


* Бонустар есептелмейтін кездер бар (толығырақ)

Қандай смартфондар бұл қызметті қолдайды

Тек NFC модулі бар смартфондарға қолдау көрсетіледі. Біз Samsung, Huawei, Meizu, Xiaomi, LG, Sony, Google Pixel, Oneplus сияқты танымал NFC смартфондарын сынақтан сәтті өткіздік.

Смартфондағы NFC модулінің бар-жоғын өндірушінің сайтында анықтаңыз.

Қалай қосуға және төлеуге болады

Homebank Pay-ді қалай қосуға болады

1
2
3
4
5
6

Баптау бойынша кеңес

Нарықта әртүрлі Android смартфондарының саны бар, қосымша тексеріңіз:

  • Смартфондағы NFC модулінің болуы, өндіруші сайтында анықтаңыз
  • Смартфон баптауында NFC деректерді жолдау бөлімі қосылғанына көз жеткізіңіз (смартфон параметрлері - > қосылу және жалпы қолжетімділік - > NFC қосу)
  • Homebank қосымшасында NFC қызметінің қосылуы (смартфон параметрлері -> қосымша - > Homebank - > NFC қосу)
  • Android нұсқасы 5-тен төмен болмауы қажет, смартфон параметрлерін тексеріңіз және қажет болса Android нұсқасын жаңартыңыз
  • Смартфонды Root форматында қолданбау
  • Xiaomi. NFC Xiaomi смартфондары үшін қосымша HCE әмиянын баптау қажет (смартфон параметрлері - > қосылу және жалпы қолжетімділік -> қауіпсіздік элементінің орналасуы - > HCE әмиян)
  • Антивирустық қолданбалар NFC төлемдерін тоқтатуы мүмкін, Homebank-ті антивирустық қолданбаның баптауларында қоспаңыз немесе антивирустық қосымшаны өшіріңіз


Android смартфонындағы баптаулар пункттері әртүрлі болуы мүмкін, ең бастысы: смартфон баптауларында NFC-ді қосу және Homebank қосымшасында NFC-ді қолдануға рұқсат ету.

Назар аударыңыз:

  • Halyk Bank ұсынған Visa төлем картасы белсенді және бұғатталмаған болуы тиіс
  • Картаны қосу кезінде растау SMS коды жолданады. Сол себепті орнатылған сенімді нөмір өзекті болуы шарт


Егер сіз көрсетілген барлық талаптарды дұрыс орындасаңыз, бірақ картаны қосу немесе төлем жүргізу мүмкін болмаса бізге Facebook, instagram және басқа да әлеуметтік желіге жеке хабарлама арқылы жазыңыз. Біз сіздерге көмектесуге тырысамыз.