
Сайыс туралы
Halyk ұйымдастырған жеке CTF (Capture The Flag) жарысына қатысып, ерекше тәжірибе ал, біліміңді сына және кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі бол.
- Формат: жеке қатысу
- Қатысушылар саны: 30–50 адам (іріктеуден кейін анықталады)
- Қолжетімділік: Telegram-бот арқылы
- Ұзақтығы: 09:30–15:30
- Қорытынды және марапаттау: 16:00–16:30
Сыйақы қоры
1 орын – 1 000 000 ₸
2 орын – 700 000 ₸
3 орын – 500 000 ₸

OpenCTF ережелері
- Командаларға бірігуге тыйым салынады
- Басқа қатысушылардан көмек алуға немесе көмек көрсетуге тыйым салынады
- Ережелер бұзылған жағдайда модераторлар қатысушыны дисквалификациялай алады
- Флагтарды беру және/немесе қабылдау тыйым салынған
- Конфигурациялар мен пайдаланушы деректерін үшінші тұлғаларға беру тыйым салынған
- Флагтарды “brute-force” әдісімен табуға болмайды
- Тапсырмаларда қарастырылмаған серверлер мен сервистерге шабуыл жасау тыйым салынған
Қатысу шарттары
Кім қатыса алады?
- Киберқауіпсіздікке қызығушылық танытқан студенттер мен мамандар
- Іріктеуден өтуге және қатысуды растауға дайын болу
- Назар аударыңыз! Киберқауіпсіздік саласында жұмыс істейтін банк қызметкерлері, шетелдік компаниялардың, телекоммуникациялық және мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері қатысуға жіберілмейді

Іріктеу критерийлері
- Қатысушының мотивациясы мен тәжірибесі
- Категориялық шектеулерге сәйкестігі
- Қатысушылар деңгейінің теңгерімі (бастаушы және тәжірибелі)
Қолдау
- Telegram чаты — қатысушыларға арналған
- Стажировка немесе жұмыс ұсынысын алу мүмкіндігі
Формат
- Офлайн, Алматы қаласы
- Күні: 21 қазан
- CTF-платформада жеке тапсырмалар