Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

Теңгемен ашылған депозиттерге 10% өтемақы

Жеке тұлғалардың Halyk Bank-те ашылған салымдары ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Үкіметінің теңгелік салымдарын қорғау бағдарламасына қатысады. Осы бағдарлама бойынша жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 10% мөлшерінде өтемақы қарастырылған.

Бағдарламаның алдын ала талаптары

Өтемақы алу үшін міндетті талаптардың бірі - 2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша және 2023 жылғы 24 ақпанға дейін қолданыста болған депозиттің болуы (талап етуге дейінгі салымдар мен шартты салымдарды қоспағанда).

Өтемақы берілгенге дейін 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алған күнге дейінгі кезеңде қолданыстағы депозиттерден ақшаны толық шығарып алуға немесе жабуға болмайды. Депозиттен ақша алуыңызға болады, бірақ сыйлықақы аталған кезеңдегі ең төмен ақша қалдығына есептеледі.

  • Шарттың мерзімі 2023 жылғы 24 ақпанға дейін аяқталатын депозиттер Бағдарламаның аяқталу мерзімінің соңына дейін ұзартылады.
  • Депозит 2023 жылғы 24 ақпанға дейін жабылған жағдайда, жеке тұлға Бағдарламаға қатысудан автоматты түрде шығарылады.
  • 10% мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) бір жеке тұлғаға барлық депозиттері бойынша бір рет есептеледі.
  • Салымның нақты сомасы Бағдарламаны іске асыру басталған сәттен бастап 12 айдан кейін 20 млн. теңгеден аспауы тиіс
  • Өтемақыға жеке табыс салығы салынбайды.
  • Өтемақы жеке тұлғаның банктік салым шартына байланыстырылған ағымдағы немесе карталық шотына есептеледі.

Бағдарламаның бекітілген талаптары ҚР Үкіметі тиісті нормативтік құқықтық актіні қабылдағаннан кейін Банктің сайтында қосымша көрсетілетін болады

Сыйлықақыны есептеу мысалдары

№ 1 мысал

2022 жылғы 23 ақпан күнінің аяғында сіздің депозиттегі сомаңыз 500 000 теңгені құрады. Жыл бойы сіз депозиттен ішінара ақша алдыңыз және салым қалдығының ең төмен сомасы 100 000 теңгеге тең болды. Сыйлықақы 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алған күнге дейінгі кезең үшін депозиттің ең төменгі сомасы бойынша есептеледі.

Сізге 100 000 теңге сомасына 10% сыйлықақы, яғни 10 000 теңге есептеледі.

№2 мысал

2022 жылғы 23 ақпан күнінің аяғында сіздің депозиттегі сомаңыз 500 000 теңгені құрады. Жыл бойы сіз депозиттен ішінара ақша алып, оны толықтырып отырдыңыз, соның нәтижесінде 2023 жылғы 24 ақпанға сәйкес депозиттің сомасы 800 000 теңгені құрады.

Сізге 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанға дейінгі кезең үшін ішінара ақша алынғанын ескере отырып, салымның ең төмен қалдығына 10% сыйлықақы есептеледі.

№3 мысал

Егер сізде 30 миллион теңге сомасына бірнеше депозит бар болса.

Сыйлықақы депозиттердің жалпы сомасы 20 миллион теңгесіне есептеледі, ал 10 миллион теңгеге сыйлықақы есептелмейді.

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыйлықақы қандай депозиттерге төленеді?

Талап етуге дейінгі салымдар мен шартты салымдарды қоспағанда, жеке тұлғалардың теңгедегі салымдарына есептеледі.

Сыйлықақы алу үшін Бағдарламаға қалай қатысу қажет?

Өтемақыны алу үшін міндетті талап – жеке тұлғаның 2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша қолда бар болған және 2023 жылғы 24 ақпанға дейін қолданыста болған депозитінің болуы.

Депозиттер ішінара ақша алуға бола ма?

Иә, болады. Бұл ретте 10% мөлшеріндегі сыйлықақы 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанға дейінгі кезең үшін ішінара ақша алынғанын ескере отырып, салымның ең төмен қалдығына есептелетінін ескерген жөн.

Сыйлықақы сомасын қалай есептеуге болады?

Мысалы:

Halyk Bank клиентінің 23.02.2022 ж. сәйкес 1 000 000 теңге сомасындағы депозиті бар.

24.02.2022 ж. клиент депозиттен 500 000 теңге сомасында ішінара ақша алды.

25.12.2022 ж. клиент депозитті 700 000 теңге сомасына толықтырды.

23.02.2023 ж. жағдай бойынша депозиттегі ақша қалдығы 1 200 000 теңге құрады, 10% мөлшеріндегі сыйлықақы ішінара ақша алынғанын ескере отырып, салымның ең төмен қалдығы, яғни 500 000 теңге сомасына есептеледі.

«Барынша жоғары» депозиті бойынша автоматты мерзімін ұзарту қарастырылмағандықтан, ол бойынша сыйлықақы алуға бола ма?

Мерзімін ұзарту қарастырылмаған немесе үшінші рет мерзімін ұзартуы аяқталған шарттар автоматты түрде ұзартылатын болады.

Сыйлықақыны алу үшін арнайы шот ашу қажет пе?

Жоқ, қажет емес. Сыйлықақы банктік салым шартына байланыстырылған ағымдағы немесе карталық шотқа аударылады.