Акциялар
16.09.2024
OnlineDuken-нен 1 000 000 теңге ұтып ал
OnlineDuken платформасында тапсырыс жасап, апта сайын өтетін ұтыс ойынына қатысыңыз!
Кезеңі: 16.09.2024 – 27.12.2024 (Банк науқан мерзімдерін өзгертуі мүмкін)
Науқан шарттары:
- Ұтыс ойынына қатысушылар: Onlinebank қосымшасында OnlineDuken платформасында тапсырыстарды ресімдеген және тауарларды сатып алған Halyk клиенттері - жеке кәсіпкерлер.
- Ұтыс ойынын өткізу аумағы: Қазақстан Республикасы.
- OnlineDuken платформасында апта сайын дүйсенбі күні сағат 00:00-ден бастап жұма күні сағат 23:00-ге дейін жасалған тапсырыстар есепке алынады.
- Бір реттік тапсырыстың ең аз сомасы – кемінде 30 000 (отыз мың) теңге.
- Ұтыс ойынына кемінде 30 000 теңге сомаға ең азы 1 тапсырысты ресімдеген және төлеген платформа пайдаланушылары - дүкендер қатысады. Ұтыс ойынының жеңімпазы көп тапсырыс бергендер арасынан анықталады.
- Тапсырыстарды төлеу тек қатысушының банктік шотынан OnlineDuken платформасындағы тауар сатушының банктік шотына аудару арқылы ғана жүзеге асырылуы тиіс.
Ұтыс ойынына қатыспайтындар:
- Банк және Halyk тобының қызметкерлері, сондай-ақ үлестес тұлғалар және Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар.
- Қатысушылар тізімін жасау кезінде шоты бұғатталған клиенттер.
- Осы ұтыс ойынының алдыңғы жеңімпаздары.
- Сомасы 30 000 (отыз мың) теңгеден кем тапсырыстар.
- OnlineDuken платформасынан тыс жасалған тапсырыстар.
- Өзге тәсілдермен төленген тапсырыстар (ағымдағы шоттан төлеуден басқа).
- Демалыс/мереке күндері жасалған тапсырыстар.
Ұтыс ойынын өткізу кезеңдері:
- Ұтыс ойыны мереке мен демалыс күндерін қоспағанда, апта сайын дүйсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Halyk-тың Instagram-дағы @halyk_business ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.
- Жеңімпаз www.random.org веб-сайтындағы кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады.
- Жеңімпазды хабардар ету ұялы телефонға қоңырау шалу арқылы тікелей эфирде жүзеге асырылады.
Өзге шарттары:
- Жүлде ұтыс ойынының жеңімпазына берілген сәттен бастап, сыйлық оның меншігіне өтеді және барлық жауапкершілік жеңімпазға жүктеледі.
- Жеңімпаздың жүлдені алу құқығын басқа тұлғаға беруіне жол берілмейді.