Halyk Easy балалар картасы
Сіздің балаңыздың күнделікті шығынына арналған ыңғайлы карта
Артықшылықтары
1% бонусов на платежи и покупки
обслуживание бесплатно
возраст от 6 до 16 лет
Енді сіз балаңыздың күнделікті шығынына алаңдамайсыз
Halyk Easy картасына кез келген соманы оңай аудара аласыз. Енді балаға қолма-қол ақша ұстаудың қажет жоқ.
Сондай-ақ, Halyk Homebank қосымшасында картаның шығындары туралы ақпаратты көре аласыз.
Балаға арналған карта - бұл тиімді
- 1% – Halyk Bank POS-терминалдарында карта және смартфон арқылы төлемдерге (QR, Apple Pay, Samsung Pay және Google Pay байланыссыз төлемдері) кепілдік берілген бонус*
- 1% – кепілдендірілген бонус* Halyk Homebank қосымшасындағы төлемдерге
- 10% – арнайы бағдарламалар мен акциялар бойынша ең жоғары бонус
- 30% – Halyk Club серіктестері желісіндегі ең жоғары бонус
Бала бонустарды өзінің бонустық шотына алады.
* Бонустарды есептеу бойынша ерекшеліктер бар (толығырақ)
Бонустарды барлық жерде жұмсаңыз!
- Halyk Bank-тің POS-терминалдарында картамен саудаңызға төлем жасаңыз (сатып алуларыңызға бонустармен төлеу үшін пластикалық карта қажет). QR-код және сауда нүктесінің кассаларымен біріктірілген POS-терминалдар арқылы бонустармен төлеу қарастырылмаған)
- Halyk Homebank қосымшасында төлемдер жасаңыз (жүргізген кезде Halyk Homebank қосымшасында бонустармен төлеуді таңдау мүмкіндігі жоқ төлемдерден басқа)
- Бонустарды Halyk Homebank қосымшасында телефон нөмірі бойынша Halyk Bank клиенттеріне аударыңыз
Ыңғайлы әрі қауіпсіз
- Сіз карта арқылы қолма-қол ақшаны алуға, төлем жасауға және қолма-қол ақшасыз аударымдарға шектеу қоя аласыз
- Кез келген уақытта Halyk Homebank қосымшасы, Halyk Bank, Kassa24 және QIWI төлем терминалдары арқылы картаны комиссиясыз толтыру
- Google Pay, Apple Pay, Samsung Pay және QR-код және картасыз смартфонмен төлем жасау мүмкіндігі
- Шығындар туралы есептерді Halyk Homebank қосымшасында көру
Шарттары
Жас мөлшері | 6-16 жас |
Жылдық қызмет көрсету | 0 теңге |
Картаны қайта шығару | 0 теңге - мерзімі өткеннен кейін картаны қайта шығару
1 000 теңге - мерзімінен бұрын ата-ананың қалауымен картаны шығару |
Halyk Easy картасы иесінің (ата-анасы немесе жақын туыстары) негізгі шотына қосымша карта аясында шығарылады
Halyk Easy балалар картасын қалай алуға болады
1
Банк филиалына хабарласыңыз
2
Құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі, 16-дан 18 жасқа дейінгі баланың жеке куәлігі
3
Дайын картаны негізгі картаның иесі ала алады