Digital Bazar науқаны
Алматы қаласының кәсіпкерлеріне арналған тамаша жаңалық!
Біз Digital Bazar акциясын іске қосамыз, онда Алматы қаласының сауда үйлері мен базарларының (ЖК/ЖШС) жалға алушылары болып табылатын және акцияның барлық шарттарын орындаған Halyk клиенттері 3 ай бойы тегін жалға ала алады!*
Науқанға міндетті түрде қатысыңыз, өйткені дәл сіз жеңімпаз бола аласыз!
Науқанды өткізу мерзімі: 2024 жылғы 1 қараша 31 желтоқсан аралығында.
Науқанға қатысушыларға арналған артықшылықтар
Қалай қатысуға болады
1. Halyk-та ЖК/ЖШС арналған шотты 0 теңгеге ашыңыз
2. Halyk POS-терминалын немесе Halyk QR-ды төмен 0,5%/0,8% тарифтермен орнатыңыз**
3. Өз клиенттеріңізден 10 000 теңгеден басталатын төлемдерді қабылдай бастаңыз.
4. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін дүкеніңізде Halyk QR стикерін жабыстырыңыз.
Төлемді қалай қабылдауға болады:
Halyk QR - клиенттеріңізден төлемдерді оңай және ыңғайлы қабылдаңыз! (статикалық QR және Onlinebank қосымшасында)
Halyk POS-терминалы - төмен комиссиясы бар карталардың барлық түрлерін төлемге қабылдаңыз
Науқанға кім қатыса алады?
Алматы қаласындағы сауда үйлері мен базарлары
- Ақбұлақ 1,2,3
- Жаңа Ақбұлақ (Көтерме базар)
- Түрксіб жәрмеңкесі
- Көк базар
- Car city
МАҢЫЗДЫ! Науқанға Алматы қаласы сауда үйлеріндегі және базардағы жалға алушылар болып табылатын және науқанның барлық талаптарын 2024 жылғы 1 қараша 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында орындаған Halyk клиенттері (ЖК/ЖШС) қатыса алады.
**Ерекшеліктер ЖК қызметінің түріне байланысты
Salem тарифі туралы толығырақ
Ұтыс ойынын өткізу тәртібі
Жеңімпазды анықтау:
Әр айдың 15-іне дейін Науқанның барлық шарттарын орындаған Базардағы жалға алушылардың арасынан қатысушылар тізімі қалыптастырылады.
Жеңімпаз Halyk қызметкерлерінен құрылған тираждық комиссияның қатысуымен науқанды өткізу талаптарына сай келетін барлық қатысушылар арасында Halyk-тың әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде қатысушылар тізімінен кездейсоқ сандарды генерациялау әдісімен анықталады.
Halyk кез келген уақытта осы ұсыныстың күшін жою немесе еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған жағдайда оның талаптарын біржақты тәртіппен өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Ұтыс ойынына келесілер қатыса алмайды:
- Halyk Қызметкерлері
- Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар
- Алдыңғы кезеңнің жеңімпаздары бұдан әрі ұтыс ойынына қатыспайды
- Ұтыс ойынының кезекті кезеңіне қатысушылардың тізімдерін қалыптастыру кезінде Банкпен шартты бұзған клиенттер;
- Ұтыс ойынының кезекті кезеңіне қатысушылардың тізімдерін қалыптастыру кезінде Банктегі шоттарына тыйым салынған клиенттер.
- Науқан талаптарын орындамаған клиенттер
Банк кез келген уақытта осы ұсыныстың күшін жою немесе еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған жағдайда оның талаптарын біржақты тәртіппен өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
* 3 айдан көп емес немесе бір жеңімпазға 240 000 теңгеден аспайтын сома