Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
ШОБ кредиттеу

ISO 20022 стандарттар

Кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ISO 20022 стандарты туралы не білуі керек

2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстанда қаржы ұйымдары арасында хабарламалармен алмасу үшін ISO 20022 халықаралық стандарты пайдаланылатын болады. Бұл стандартты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттейтін болады және оны коммерциялық банктер пайдаланатын болады.

ISO 20022 деген не

ISO 20022 - банктер мен қаржы институттары арасында деректермен алмасудың халықаралық стандарты. Ол қаржылық операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын хабарламалардың ережелері мен форматтарын анықтайды.


ISO 20022 кімдер үшін

ISO 20022 банктер, корпорациялар, төлем қызметтерін жеткізушілер, реттеушілер және басқа қаржы институттарын қоса алғанда, қаржы нарығына қатысушылардың кең ауқымы үшін пайдалы.

Onlinebankте ISO 20022 стандарты бойынша қандай өзгерістер күтіп тұр

2025 жылғы 13 қаңтардан бастап біз Onlinebank жүйесін нақты төлеуші мен нақты алушы туралы ақпаратты көрсететін жаңа өрістерді қосу арқылы жаңартамыз. Бұл жаңарту мәтіндік файлдардан төлемдерді МТ форматында қолмен толтыруға да, жүктеуге де қатысты болады.

Енді сіз Onlinebank арқылы төлемдер мен аударымдар жасасаңыз, нақты төлеуші мен нақты алушы туралы қосымша өрістерді толтыра аласыз.

Бұл өрістерді толтыру әрдайым міндетті емес (резиденттік туралы ақпараттан басқа) және егер сіздің жағдайыңыз төменде келтірілген кейбір мысалдарға сәйкес келсе, оларды өз қалауыңыз бойынша толтыруға болады.

Нақты төлеуші - атынан төлем жасалатын адамды немесе ұйымды көрсетіңіз. Мысалы, филиал үшін салық төлеу кезінде бұл өрісте филиалдың деректемелері көрсетіледі.

Нақты алушы - ақша алатын немесе оның пайдасына төлем жасалатын адам. Мысалы, зейнетақы жарналарын аудару кезінде бенефициар «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ болып табылады, ал нақты алушылар шоттарына жарналар аударылатын қызметкерлер болып табылады.

Резиденттік елінің коды - егер алушы немесе төлеуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, олар тұратын елдің екі әріптен тұратын кодын көрсету қажет. Кодты елдер тізімінен таңдауға болады.

Біз осы бетте резиденттер мен резидент еместерге арналған файлдардың мысалдарын орналастырдық, бұл сіздің жүйелеріңізді деректерді жүктеу үшін конфигурациялауға көмектеседі.

Маңызды ақпарат

  • Файлдарды жүктеу үшін жаңа өрістерді орнату клиенттің есеп жүйесінде IT мамандарының көмегімен жүзеге асырылады.
  • Егер олар жөнелтуші мен алушыға сәйкес келсе, нақты төлеуші мен алушы туралы ақпаратты көрсетпеңіз.
  • Деректемелерді дұрыс көрсету жауапкершілігін төлем бастамашысы арқалайды.
  • Толығырақ ақпаратты ISO 20022 стандарты бойынша Ұлттық Төлем Корпорациясының сайтынан табуға болады.

Сұрақтар және жауаптар

ISO 20022 деген не?

ISO 20022 - банктер мен қаржы институттары арасында деректермен алмасудың халықаралық стандарты. Ол әлемнің 70-тен астам елінде қолданылады.

ISO 20022 қашан әрекет ете бастайды?

2025 жылғы 13 қаңтардан бастап

Төлемдердің қандай түрлеріне өзгерістер енгізіледі?

Өзгерістер Halyk-тен екінші деңгейдегі басқа банктерге, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік сатып алу жөніндегі Ұлттық агенттіктің және ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің ұйымдарына теңгемен жүргізілетін барлық сыртқы төлемдерге қатысты болады. Өзгерістер шетел валютасындағы төлемдерге әсер етпейді.

Нақты не өзгереді?

Төлемдерде клиенттер өз қалауы бойынша толтыра алатын жаңа өрістер пайда болады:

1. Нақты төлеуші - төлемді жүзеге асыратын адам.

2. Нақты алушы – ақшаны алатын адам.

 3. Резиденттік елінің коды (резидент емес алушылар үшін) - Қазақстанның резиденті болып табылмайтын алушылар үшін ғана көрсетіледі.

Жаңа жолдарды толтыру қажет пе?

Жоқ.

Егер нақты төлеуші мен алушы жөнелтушімен және бенефициармен (алушымен) сәйкес келсе, оларды көрсетудің қажеті жоқ. Егер алушы немесе жөнелтуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, төлемдерде резиденттік елдің кодын көрсету қажет.

Нақты төлеуші деген кім?

Нақты төлеуші - бұл төлем міндеттемелерін орындау үшін салық төлемдерінде көрсетілген тұлға немесе ұйым. Мысалы, егер бас компания өз филиалы үшін салық төлесе, "нақты төлеуші" өрісінде филиалдың деректемелері көрсетіледі.

Нақты алушы деген кім?

Нақты алушы - ақша алатын адам. Мысалы, зейнетақы жарналарын төлеу кезінде бенефициар (алушы) -"Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ болып табылады, ал нақты алушылар - шоттарына жарналар түсетін қызметкерлер болып табылады.

Резиденттік елдің кодын қашан көрсету керек?

Егер ақша бенефициары (алушы) мен жөнелтуші Қазақстан азаматы болып табылмаса, онда ол тұратын елдің кодын көрсету қажет. Бұл код екі әріптен тұрады және елдер тізімінен таңдалады.

Егер біз MT файлдарын жүктеу / түсіру схемасын қолданатын болсақ – қандай өзгерістер қажет?

Сіздің есептік жүйеңізге өзгерістер енгізу үшін (мысалы, 1С, SAP, MS Dynamics және т.б.) қажетті параметрлерді орындау үшін осы жүйені қолдаумен айналысатын IT мамандарына хабарласу қажет.

Файлдарды МХ форматында жүктеу қол жетімді бола ма?

Иә.

Егер сіздің есептік жазбаңыз файлдарды МХ форматында сақтай/жүктей алатын болса, онда 2025 жылдың 13 қаңтардан кейін сіз бұл файлдарды Onlinebank-ке жүктей аласыз.

Банкпен тікелей интеграция схемаларында қандай да бір өзгерістер болады ма: 1C DirectBank, WEB-сервистерде?

Иә.

Сізге IT мамандарының көмегімен есептік жазбаңызға өзгерістер енгізу қажет болады.

MT форматындағы файлдардың түрлері