Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
ШОБ кредиттеу

Мобильді аударымдар 2024

Бизнесіңізді Halyk-пен жүргізу үшін Сізге ыңғайлы және тиімді шешімдер дайындадық

2024 жылғы мобильді аударымдар туралы нені білу керек

Қазақстанда мобильді аударымдарды қашан тексере бастайды?

2024 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың екі кезеңіне қатысушылардың кәсіпкерлік қызметінің белгілері бар мобильді аударымдарды тексеру басталады.

Мобильді аударымдарды не үшін тексереді?

Мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметпен күресуге бағытталған.

Кейбір кәсіпкерлер тауарлар мен қызметтер үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы қабылдайды, бірақ бақылау-кассалық аппараттарды (БКМ), POS-терминалдарды пайдаланбайды, бұл фискалдық чектердің берілмеуіне және тұтынушылар құқықтарының бұзылуына әкеледі.

Мемлекет барлық мобильді аударымды тексермейді.

Мобильді аударымдар барлығында тексеріле ме?

Жоқ. Үш ай қатарынан ай сайын әртүрлі жіберушіден 100 және одан да көп мобильді аударым алатын адамдарға ғана тексеру критерийлері қолданылады, бұл кәсіпкерлік қызметті көрсетеді.

Банк менің деректерімді салық органдарына бере ме?

Мемлекеттік кірістер комитетінің сұрау салуы бойынша банктер 3 ай қатарынан әртүрлі адамдардан ай сайын жеке шоттарына 100-ден аса аударым алған жеке тұлғалардың тізімін ұсынуға міндетті

Төлем қабылдау үшін мобильді аударымдарды пайдалануға бола ма?

Жоқ. Аударымдар жеке мақсатына пайдаланатын жеке тұлғаларға арналған. Олар тауарлар немесе қызметтер үшін төлем қабылдауға жарамайды.

Егер сіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болсаңыз, онда төлем қабылдау үшін сіз ЖК тіркеп, банкте шот ашып, ЖК шотына төлем қабылдауыңыз керек.

Мұны Halyk-тың Onlinebank қосымшасында онлайн жасауға болады.

Мен отбасыма және достарыма ақша аудара аламын ба?

Иә, жеке тұлғалар бұрынғысынша жеке мақсаттар үшін: ата-аналарына, туыстарына немесе достарына мобильді аударымдарды жасай алады және қабылдай алады.

Мен ЖК-мін, қызмет көрсетемін. Мен жеке тұлғаларға жеке қажеттіліктер үшін аударымдар қабылдап, жібере аламын ба?

Иә, сіз бұрынғысынша жеке тұлғаның жеке шотынан жеке аударымдар жасай аласыз және қабылдай аласыз.

Бірақ заңды сақтау үшін тауарлар мен қызметтерге төлемдер Сіздің ЖК шотыңызға түсуі керек.

Қолайлы болу үшін телефон нөміріңізді ЖК шотына байлаңыз. Сізге кәсіпкер ретінде тауарлар мен қызметтер үшін түсетін барлық төлем заңды болады.

Егер төлем жеке шотқа түссе, не істеу керек?

Егер төлем жеке шотқа түссе, онда алынған табыс салық есебінде көрсетіліп, одан салық төленуі керек.

Бірақ бизнесті заңға сәйкес жүргізу үшін –  төлемдерді бизнестен және жеке қаражаттан бөлуді ұсынамыз.

Кәсіпкер төлемді қолма-қол ақшасыз қабылдаудан бас тартады және тек қолма-қол ақшаны талап етеді. Бұл қаншалықты заңды?

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңы қолма-қол ақшасыз төлемдерді қоса алғанда, төлемнің әртүрлі тәсілдеріне рұқсат береді.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту тұтынушылардың құқықтарын бұзады және әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. 

Бірінші рет бұзғаны үшін ескерту беріледі, ал қайталап бұзғанда – 147 680 теңге айыппұл салынады.

Егер кәсіпкер қолма-қол ақшасыз төлем қабылдаудан бас тартса, қайда жүгінуге болады?

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту туралы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына хабарлаңыз.

Такси жүргізушілері не істейді? Олар да кассалық аппараттарды алып жүруі керек пе?

Жеке жүргізуші ретінде жұмыс істеу үшін Сіз ЖК тіркеп, банкте шот ашуыңыз керек. Мұны Halyk-тың Onlinebank мобильді қосымшасында, «E-Salyq Business», «Egov Mobile» жасауға болады. 

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін Halyk-та шотты онлайн ашыңыз.

Сізге бақылау-кассалық аппаратты (БКМ) және POS-терминалды алып жүру қажет емес.

Телефон нөміріңізді өзіңіздің ЖК шотыңызға байлаңыз және сіз ЖК шотына аударымдарды қабылдай аласыз.

Сондай-ақ сіз Onlinebank қосымшасында фискалдық чектерді ұсына аласыз. 

Егер кәсіпкерлер мобильді аударымдарды қабылдаса, өз кірістерін жасырмай ма?

Бүгінде салық төлеу тиімдірек, өйткені 1%-дан 4%-ға дейін төмен салық мөлшерлемелерімен қолайлы салық режимдері бар (қызмет түріне байланысты).

Егер кәсіпкер мобильді аударымдарды өз тауарлары мен қызметтері үшін төлем ретінде пайдаланса, ол салық бақылауына түсуі мүмкін, бірақ бұның салықты дұрыс төлейтіндерге қатысы жоқ.

Onlinebank – бизнесті 24/7 басқарыңыз

Сіздің бизнесіңізге қажеттінің барлығы Onlinebank қосымшасында бар.

5 минут ішінде онлайн қосыңыз.

24/7 клиенттерден төлем қабылдаңыз, салықтар төлеңіз, сондай-ақ серіктестерге төлемдер жасаңыз.

ЖК үшін құжаттарсыз және кепілсіз 5 минут ішінде 30 млн. тг. дейін онлайн-кредит. 

Halyk POS-терминалы

Клиенттерден банктік карталармен және смартфондармен, сондай-ақ Halyk QR-мен төлем қабылдауы қажет кәсіпкерлер үшін қолайлы

Halyk Pos

Android-қа арналған қосымша. Төлем қабылдауда мобильділікті қажет ететін барлық кәсіпкерге қолайлы

Қалай Halyk клиенті болып, Onlinebank-ті пайдалана бастауға болады?

Қалай қосылады

Төлемдерді қабылдау

Тарифтер

Onlinebank

Onlinebank қосымшасын жүктеп алыңыз, тіркеліңіз.

Halyk QR

Клиенттерге төлем шотын ұсыну

ЖК шотына нөмір бойынша аударым арқылы төлем алу

01.04.2024 дейін 0,5%

0 KZT

POS-терминал Halyk

Сайтта өтінім қалдырыңыз

Halyk QR

Картаның барлық түрі

Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay, Garmin Pay смартфон арқылы төлеу


01.04.2024 дейін 0,5%

Halyk карталары – 1,2% бастап*

Басқа банктердің карталары - 1,4% бастап*

American Express, Diners Club, Discover, JCB – 4%

POS-терминал арқылы міндетті айналымдар бойынша лимит жоқ

Halyk Pos

Onlinebank қосымшасында өнімдерден Halyk Pos таңдаңыз, қосылымды растаңыз.

Halyk Pos қосымшасын жүктеп алыңыз (Google Play-ге сілтеме).

Дайын! Енді сіз клиенттерден төлемді кез келген ыңғайлы тәсілмен қабылдай аласыз.

Halyk QR

Картаның барлық түрі

Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay, Garmin Pay смартфон арқылы төлеу

0,5% до 01.04.2024

Карты Halyk – 1% **

Карты других банков – 1,5% **

American Express, Diners Club, Discover, JCB – 4%

Жаңа клиенттерге арналған Salem тарифтік пакеті – бизнес үшін өте жақсы бастама!

Тек жаңа клиенттерге тарифтік пакет үшін абоненттік төлем – 0 ₸ ***  

Акциясыз айына абоненттік төлем – 1500 ₸

Salem ТП-ге тегін не кіреді:

  • Ағымдағы шот ашу
  • Барлық төлем теңгемен
  • Зейнетақы, әлеуметтік және МӘМС төлемдері
  • теңгемен шотты толықтыру
  • Onlinebank START-қа қосылу
  • ЖК картасынан 1 млн. теңгеге дейін комиссиясыз қолма-қол ақша алу, әрі қарай соманың 0,4%
  • Бизнеске арналған карта

Автокасса 24/7 – кезексіз және кассирлерсіз ірі көлемдегі кассалық операциялар

Қызметкерлердің жалақысын аудару – 24/7

Онлайн инкассация – қолма-қол ақшаның және құндылықтардың онлайн тасымалдануын қадағалаңыз

қызмет түріне байланысты
** қоса алғанда 01.05.2024 ж. дейін.
*** қоса алғанда 29.02.2024 ж. дейін. Кредитке өтінім мақұлданған кезде шот автоматты түрде ашылатын клиенттерге акция қолданылмайды.