Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Кредит мерзімін ұзартуға өтінім

Төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен заңды тұлғаларды қолдау шаралары

Біздің күшіміз бірлікте!

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, олардың қаржылық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу және қарыз шарттары бойынша мерзімі өткен берешектің пайда болу жағдайларын болдырмау мақсатында Halyk Bank төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен ШОБ қарыз алушыларына көмектесуді шешті және қолданыстағы ШОБ кредиттерінің мерзімін ұзартуды ұсынады

Мерзімін ұзартуды ұсыну талаптары

Өтінімді кім бере алады?

Төтенше жағдай кезеңінде қаржылық жағдайының нашарлауының немесе келтірілген залалдың объективті себептері бар ШОБ қарыз алушылары


Қандай қарыздар қатысады?

2022 жылғы 5 қаңтарға дейін берілген қарыздар


Өтінім беру кезеңі: 2022 жылдың 4 сәуіріне дейін


Төлемдерді тоқтата тұру мерзімі: ШОБ қарыз алушысының өтініші бойынша Банктің уәкілетті органының шешімімен анықталады


Мерзімін ұзартуды ұсыну талаптары (әдісі):

Кейінге қалдырылған төлемдер сомасы, егер клиенттің өтінішінде өзге әдіс көрсетілмесе, кейінге қалдыру аяқталған сәттен бастап ағымдағы/ұзартылған қарыз мерзімінің соңына дейін тең бөлінетін болады


Өтінім беру үшін қажетті құжаттар

  • Төлемдерді кейінге қалдыруға өтініш (заем мерзімін ұзартумен/ұзартусыз)
  • Заемшының қаржылық жағдайын бағалауға қажетті, соның ішінде қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын құжаттар


Өтінімді қарау мерзімі: өтініш алынған күннен бастап 10 күнге дейін 


Мерзімінен бұрын өтеу және қаржыландыру талаптарын өзгерту: клиенттің өтініші бойынша комиссиясыз


Өтінім қалай ресімделеді?

  • Кейінге қалдыруды ресімдеу үшін (негізгі борыш бойынша, сол сияқты пайыздар бойынша) төлемдерді кейінге қалдыруға өтінішті толтыру қажет.
  • Осы өтініш шеңберінде кейінге қалдыру кезеңінде Банк банктік қарыз шарттары бойынша сыйақы есептеуді тоқтатпайтынына Сіздің назарыңызды қосымша аударамыз  


Толтырылған өтінімді қалай жіберуге болады?

Егер сіз Onlinebank Business жүйесіне қосылған болсаңыз, құжаттарды "Halyk Курьер" онлайн қызметі арқылы немесе кез келген ыңғайлы тәсілмен өзіңіздің кредиттік менеджеріңізге жібере аласыз


Сұрақтар туындаған жағдайда, сіз Банк филиалымен Байланыс және реквизиттер сілтемесі бойынша хабарласа аласыз