Баспасөз орталығы
20 мың отбасы, 32 млн мемлекеттік қызмет және киноға 8,8 млн билет. Мұның бәрі – бір банктің экожүйесі
Halyk экожүйесі соңғы жылдары қандай деңгейге көтерілді және әрбір Қазақстандықтың күнделікті өмірі мен тұрмыс-тіршілігі көз алдымызда қалай өзгеруде.
2025 жылы Halyk төлем инфрақұрылымы арқылы өткен операциялардың көлемі Қазақстанның ЖІӨ-нің 116%-ына тең соманы құрады. Дегенмен бұдан да басым көрсеткіштер бар: банк қосымшасы миллиондаған қазақстандық үшін тек ақшамен операциялар жасау құралы ғана емес, сонымен қатар сауда жасауға, инвестиция салуға, мемлекеттік қызметтерді алуға және басқа да күнделікті сервистерді пайдалануға мүмкіндік беретін ортақ платформаға айналып келеді. Еліміздің банк нарығы қай бағытта дамып жатқанын көрсететін цифрларды саралап көрейік.
Сингапурда Asian Banking & Finance Halyk-қа бірден үш марапатты табыстады: Domestic Retail Bank of the Year, Ecosystem Initiative of the Year және Private Bank of the Year.
Бұл жетістік тек марапаттар санымен ғана емес, өзге де қырынан маңызды. Премия ережелері бойынша бір банк ең көп дегенде үш категорияға өтінім бере алады. Halyk үш номинацияның барлығына қатысып, үшеуінде де жеңіске жетті. Бұл марапаттың басты құндылығы оның санында емес. Ол Қазақстанның ең ірі банктерінің елдің күнделікті экономикалық өміріне қаншалықты терең енгенін және олардың қызметі адамдардың күнделікті тұрмысымен қалай біте қайнасқанын бағамдауға мүмкіндік береді.
Төлем инфрақұрылымы арқылы ЖІӨ-нің 116%-ы өтті
Қазақстанның ЖІӨ-нің 116%-ы – бұл 2025 жылы Halyk төлем инфрақұрылымы арқылы өткен операциялар көлемінің еліміздің жылдық ЖІӨ-мен салыстырғандағы көрсеткіші.
Әрине, бұл банк ЖІӨ-ден көп соманы «қалыптастырған» дегенді білдірмейді: ЖІӨ өндірілген қосылған құнды өлшейді, ал төлем айналымы ақшаның қозғалысын есепке алады және әртүрлі операцияларға қатысатын қаражатты бірнеше рет қамтуы мүмкін.
Бүгінде Halyk-тың 11,5 млн белсенді жеке клиенті бар. Банктің жалақы карталарын Қазақстанның жұмыс істейтін халқының шамамен 40%-ы қолданады.
Іс жүзінде бұл жерде жеке қаржы институтының клиенттік базасы туралы емес, еліміздің экономикалық белсенді халқының айтарлықтай бөлігі туралы сөз болып отыр.
Бөлімшеге бару қажеттілігін азайта түскен Цифрлық Банк
Halyk бөлшек кредиттерінің 94%-ы цифрлық тәсілмен беріледі. Онлайн рәсімделген жаңа депозиттердің үлесі де дәл сондай – 94%-ды құрайды.
Бөлшек кредит портфелі 4,599 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 10,8%-ға өсті. Halyk-тың бұл нарықтағы үлесі 17,9%-ды құраса, қарыз алушылар саны — 1,87 млн адамға жетті.
Банктің халық жинақтарындағы позициялары бұдан да айқынырақ. Бөлшек депозит портфелі 7,976 трлн теңгені немесе нарықтың 27,5%-ын құрайды.
Оның құрылымы да айтарлықтай. Теңгедегі салымдардың үлесі 67,5%-дан 72,7%-ға дейін өсті. Бұл салымшылардың мінез-құлқының біртіндеп өзгеруін көрсетеді: қаражаттың басым бөлігі ұлттық валютада қалуда.
Қосымшаға айына 270 млн астам кіру көрсеткіші тіркелді
Бүгінгі таңда Halyk SuperApp қосымшасының ай сайынғы белсенді қолданушыларының саны 8,52 млн, ал күн сайын кіретіндер шамамен 3,2 млн-ды құрайды.
Пайдаланушылар бір айда қосымшаға 270 млн-нан аса кіріп, 1,5 млрд-тан көп әрекет жасайды.
Салыстырар болсақ: 2021 жылы ай сайынғы аудитория 4,17 млн пайдаланушыны құраған. Арадағы бес жыл ішінде бұл көрсеткіш іс жүзінде екі есе артты.
Тек 2025 жылдың өзінде қосымша арқылы 441,8 млн төлем мен аударым жасалды — бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,2%-ға артық.
Дәл осы көрсеткіштер Қазақстанның банк нарығындағы жағдайды нақты түсіндіріп береді. Бәсеке тек кредит немесе депозит үшін ғана жүріп жатқан жоқ. Қазіргі таңда банктер тұтынушының шот төлеу, тауар сатып алу, құжат рәсімдеу, сақтандыруды сатып алу немесе ақша инвестициялау қажеттілігі туындағанда, алдымен қай қосымшаны ашатыны үшін бәсекелеседі.
Мемлекеттік қызметтер банк экожүйесінің бір бөлігіне айналуда
Бұдан бірнеше жыл бұрын мемлекеттік қызметтер мен банк сервистері пайдаланушы үшін дерлік қатар жүрсе, қазір олардың арасындағы шекара біртіндеп жойылып келеді.
2025 жылы Halyk SuperApp арқылы мемлекеттік қызметтерге 32 млн өтінім жасалды, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 17,5 млн болған.
Қосымшада 74 қызмет қолжетімді, пайдаланушыларға шамамен 6 млн цифрлық құжат берілді, ал мемлекеттік қызметтер бөлімін ай сайын шамамен 805 мың адам пайдаланады.
Цифрландырудың аз байқалған мысалдары да бар. Серіктестік сервистеріндегі өтпелі авторизация жүйесі-Halyk ID — 999 мың пайдаланушыны қамтыса, Business ID жүйесін шамамен 34 мыңға жуық компания қолданады.
Halyk SuperApp арқылы 20 мыңнан астам отбасы некеге тұрды.
2025 жылы жиырма мыңнан астам қазақстандық жұп өз некесін телефон арқылы рәсімдей бастады. Өтінішті толтырып, ХҚКО-ны таңдап, қызмет ақысын төледі және тіркеу күнін белгіледі — мұның бәрі бір қосымша арқылы жүзеге асты. АХАЖ-ға олар әрине кейіннен барады: банк бұл дәстүрді алмастыра алмайды, әрі оны қаламайды да. Бірақ бұрын жұмыстан рұқсат сұрауға мәжбүр ететін барлық қағазбастылық бөлігі қосымшаға көшірілді.
Келесі бәсекелестік деңгейі — экожүйелер
Kino.kz арқылы бір жылда 8,8 млн билет сатылып, платформаның айналымы 26,5 млрд теңгеге жетті. Halyk Market Қазақстанның көлемі жағынан төртінші e-commerce платформасына айналды. Оның GMV-і 124 млрд теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 430%-ға өсті. Сауда алаңында 18,5 мың сатушы жұмыс істейді, шамамен 5,5 млн тауар позициясы ұсынылған.
Логистикалық желі 16 қаланы қамтиды: 146 жеткізу нүктесі, 92 беру пункті және 200 постамат. 2024 жылдың наурызында іске қосылған Apteka.kz шамамен 14,5 мың тауар атауын ұсынады, ал тапсырыстарды жинақтау көрсеткіші 98,5%-ға жетеді.
Halyk Travel көрсеткіші бір жылда 37,3%-ға өсті. Автосақтандыру бойынша сыйлықақылар үш есеге артып, 28,5 млрд теңгеге жетті, ал клиенттер базасы 1,7 млн адамды құрады.
Мұның бәрі бүгінгі таңда банктердің мобильді банкинг туралы емес, экожүйелер туралы көбірек айтуды жөн көретінін айқын көрсетеді. Пайдаланушы бір қосымшаның ішінде күнделікті міндеттерін қаншалықты көп шешсе, басқа сервистерге көшу қажеттілігі соғұрлым сирек туындайды.
Жарты миллионға жуық инвестор
Инвестиция нарығында тағы бір трансформация жүріп жатыр.
Halyk Invest пен Halyk Finance-тың жиынтық клиенттер базасы 1,429 млн адамға жетіп, бір жылда 34,4%-ға артты.
Операциялар көлемі 54,3%-ға өсіп, 7,1 трлн теңгеге жетті. Басқарудағы активтер 1,4 трлн теңгеге, брокерлік активтер 3,4 трлн теңгеге жетті.
Halyk Finance зейнетақы активтерін басқару нарығының 66,5%-ын және жеке басқарушы компаниялары сегментінің 70,7%-ын иеленеді.
Бұл цифрлардың артында ауқымды үдеріс тұр — Қазақстандағы инвестициялық өнімдер тар аудиторияға арналған қызметтер санатынан жаппай цифрлық сегментке біртіндеп өтуде. Бұрын брокерді, жеке шартты және қомақты бастапқы капиталды қажет еткен нәрселердің бәрі қазір смартфоннан басталуда.
Сингапурдағы үш марапат нарық үшін неліктен маңызды
Asian Banking & Finance басылымы Retail Banking Awards сыйлығын 2006 жылдан бастап өткізіп келеді. Премия тарихында оның лауреаттары қатарында Standard Chartered, United Overseas Bank, Hong Leong, CIMB және BDO Unibank болған.
2026 жылы салтанатты рәсімнің көзге түскен қатысушысы екі марапат алған индонезиялық BRI болды. Банктің клиенттер базасы 100 млн адамнан асады.
Осы орайда Halyk-тың үш марапат алуы – ең алдымен қазақстандық банк моделінің халықаралық нарықта мойындалуы ретінде маңызды.
Алайда бұдан да маңыздысы – ел ішіндегі үдерістердің ауқымы.
11,5 млн белсенді клиент, айына 8,52 млн SuperApp пайдаланушысы, жылына 441,8 млн төлем мен аударым, мемлекеттік қызметтерге 32 млн өтінім және төлем айналымы Қазақстанның ЖІӨ-нің 116%-ына тең.
Бұл цифрлар банк ұғымының өзінің қаншалықты өзгергенін көрсетеді.
Осы уақытқа дейін банк — ақша сақтайтын, кредит алатын және шоттарды төлейтін жер еді. Бүгінгі таңда нарықтың ең ірі ойыншылары күнделікті өмірдің — жалақы мен салықтан бастап, сауда-саттыққа, саяхатқа, инвестициялар мен мемлекеттік қызметтерге дейінгі барлық саласының цифрлық инфрақұрылымына айналуға ұмтылуда.
Дәл осы инфрақұрылым үшін қазір Қазақстанның қаржы нарығында басты бәсекелестік жүріп жатыр.
Анықтама:
Asian Banking & Finance — Сингапурдың салалық басылымы, Charlton Media Group шығарады. Retail Banking Awards 2006 жылдан бастап өткізіледі; жеңімпаздарды өтінімдерді талдау қорытындысы бойынша салалық сарапшылар комитеті анықтайды.
Halyk Bank — Қазақстанның ең ірі банкі. Әмбебап қаржы тобы Қазақстанда, Өзбекстанда және Грузияда жұмыс істейді.