Баспасөз орталығы
Fitch Ratings Halyk Bank рейтингтерін «BBB-» деңгейінде «Тұрақты» болжамымен растады
Алматы, 2026 жылғы 14 қыркүйек
2026 жылғы 9 қыркүйекте Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Halyk Bank-тің шетелдік және ұлттық валютадағы эмитенттің дефолт бойынша ұзақ мерзімді рейтингтерін «BBB-» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты» мен. Сондай-ақ Агенттік Банктің тұрақтылық рейтингін «bbb-» деңгейінде және ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін «AA+(kaz)» деңгейінде растады.
Fitch Ratings рейтингті қолдайтын негізгі факторлар ретінде Halyk Bank-тің Қазақстанның банк секторындағы мықты нарықтық позицияларын, рентабельділігін, барабар капиталдандырылуын және өтімділігінің жоғары деңгейін атап өтті. Агенттіктің пікірінше, «Тұрақты» болжам кредиттік көрсеткіштердің орта мерзімді перспективада жоғары деңгейде сақталатынын көрсетеді.Fitch Halyk-тың Қазақстанның банк секторында көшбасшылық позицияларды иеленетінін, активтер, кредиттер және депозиттер бойынша нарықтағы үлесі шамамен 29–30% екенін, сондай-ақ Банктің орнықты бизнес-моделі мен корпоративтік және бөлшек кредиттеудегі мықты позицияларға ие екенін атап өтті. Бұл Банктің бүкіл экономикалық цикл бойы жоғарырақ рентабельділікті қамтамасыз етеді. Агенттік сондай-ақ қарыз портфелінің теңгерімді құрылымын атап өтті, оның ішінде корпоративтік кредиттеуге жиынтық қарыздардың шамамен жартысы, бөлшек кредиттеуге — 34%, ШОБ кредиттеуге — 17% тиесілі. Бұл ретте жекелеген қарыз алушыларға шоғырлану ірі қарыз алушылардың жақсы кредит сапасымен және сенімді қатты қамтамасыз ету арқылы өтеледі.Агенттік Банктің 2026–2027 жылдары рентабельділік деңгейін тұрақты жоғары таза пайыздық маржа (2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жылдық мәнде 6,9%), жоғары операциялық тиімділік және тәуекел құнының қалыпты деңгейі есебінен сақтайды деп күтеді. Тәуекел бойынша өлшенген активтерге шаққандағы операциялық пайда коэффициенті соңғы төрт жылдағы орташа 6,7% деңгейінде қалып отыр. Fitch сондай-ақ Halyk-тың капиталға қатысты позициясын оң бағалайды: 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңындағы негізгі бірінші деңгейдегі капиталдың (CET1) жеткіліктілік коэффициенті 19% құрады, бұл Банктің төрт жылдағы орташа көрсеткішіне сәйкес келеді және ішкі көздер есебінен капиталды қалыптастыруға, қалыпты өсімге және дивидендтерді төлеуге жоғары қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Агенттік CET1 коэффициенті 2026–2027 жылдары 18–19% деңгейінде сақталады деп күтеді. Банкті қаржыландырудың негізін клиенттердің тұрақты қаражаты құрайды — міндеттемелердің 85%-ы, ал кредиттер мен депозиттер арақатынасы 94% деңгейінде және өтімділіктің елеулі қоры бар, ол 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңындағы жиынтық міндеттемелердің 27%-ын жабады.
«Fitch Ratings агенттігінің Halyk кредиттік рейтингтерін растауы Банктің бизнес-моделінің орнықтылығын және Қазақстанның банк секторындағы мықты позицияларын мойындауды білдіреді. Жоғары рейтингтердің сақталуы Halyk-тың қаржылық тұрақтылығын, кредиттік портфелінің сапасын және өзгермелі экономикалық конъюнктура жағдайында тұрақты қаржылық көрсеткіштерді қолдау қабілетін көрсетеді», — делінген Банк хабарламасында.
Қазақстан Халық Банкі туралы
Халық Банкі – бөлшек, ШОБ және корпоративтік банк қызметтерін, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді, активтерді басқаруды және өмірге қажетті қызметтерді (лайфстайл) қоса алғанда, әртүрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Халық Банкінің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бері, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бері және Астана халықаралық биржасында 2019 жылдан бері листингі бар.
2026 жылғы 30 маусымдағы жағдайы бойынша Банк жиынтығында 22,036 млрд теңге мөлшеріндегі активтерге ие бола отырып, Қазақстандағы ең ірі кредитор болып табылады. Банк елдегі ең ірі клиенттік базалардың біріне ие және филиал желісі кең тараған, ел бойынша 530 филиалы мен бөлімшесі бар. Сонымен қатар Банк Грузия мен Өзбекстанда қызмет етеді.
Банк туралы толығырақ ақпаратты: https://www.halykbank.com сайтынан табуға болады.
Қосымша ақпарат алуға болатын тұлғалар:
Мира Тиянақ | +7 727 259 04 30 Ir@halykbank.kz MiraK@halykbank.kz |
Рустам Телiш | +7 727 330 15 66 RustamT@halykbank.kz |
Екатерина Сванбаева | +7 727 330 12 88 EkaterinaS@halykbank.kz |
Лаура Кустубаева | +7 (727) 259 60 27 LauraKus@halykbank.kz |