Баспасөз орталығы
S&P Global Ratings Halyk рейтингінің болжамын «Позитивті» деңгейіне дейін қайта қарады
Алматы, 2026 жылғы 8 қыркүйек
2026 жылғы 4 қыркүйекте S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Halyk Bank эмитентінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерінің болжамын «Тұрақты» деңгейінен «Позитивті» деңгейіне дейін қайта қарады, сонымен қатар «BBB-/A-3» деңгейіндегі кредиттік рейтингтерін және ұлттық шкала бойынша «kzAAA» рейтингін растады.
S&P агенттігі Қазақстандағы банк секторын реттеу мен қадағалау жүйесінің жүйелі түрде нығаятынын атап өтеді, бұл, жинақталған капиталдың елеулі қорымен және мемлекеттің кредит қабілеттілігінің нығаюымен ұштаса, Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауға және кредиттік және экономикалық циклдердің әртүрлі кезеңдерінен неғұрлым тиімді өтуге ықпал етеді. Осы рейтингтік іс-қимыл шеңберінде S&P Global Ratings банктік сектордың елдік және салалық тәуекелдерін бағалау (BICRA) шеңберінде салалық тәуекел бағасын «7»-ден «6»-ға дейін көтерді; салалық тәуекелдің даму тенденциясы — «тұрақты».
Бұл шешім Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық өсуі мен фискалдық консолидациясын көрсететін тәуелсіз рейтингінің «BBB/A-2» деңгейіне дейін көтерілуінен (2026 жылғы 21 тамызда) кейін қабылданды. Агенттіктің бағалауынша, инфляцияның біртіндеп баяулауы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) базалық мөлшерлемелерді төмендетуі және тұрақты экономикалық өсім Қазақстанның банктік секторына әсер ететін экономикалық тәуекелдердің төмендеуіне ықпал етеді.
Рейтингтік агенттік Halyk Bank-тің кредиттер мен депозиттер бойынша ішкі нарықтағы шамамен 30% басым үлесімен Орталық Азиядағы ең ірі банк болып қала беретінін атап өтеді. S&P Банктің капитал жеткіліктілігінің жоғары деңгейін және халықаралық контексте жоғары пайда буферін сақтай отырып, капиталдандыру мен рентабельділіктің мықты көрсеткіштерімен жұмысын жалғастырады және тәуекел құнын 1,5%-дан төмен деңгейде ұстап тұрады деп күтеді. Сондай-ақ Агенттік тұрақты макроэкономикалық перспективалар жағдайында Банк активтерінің сапасы жақсаруы тиіс екенін және 2027–2028 жылдары Stage 3 қарыздарының үлесі 7%-дан төмендеуі күтілетінін атап өтеді.
Halyk Bank рейтингінің болжамын қайта қарау S&P Global Ratings-тің 2026 жылғы 4 қыркүйекте жариялаған Қазақстанның банктік секторындағы елдік және салалық тәуекелдерді бағалауды (BICRA) жақсартуы туралы шешімімен тікелей байланысты. Осы қайта қарау шеңберінде сектордың салалық тәуекел бағасы «7»-ден «6»-ға дейін көтерілді, ал экономикалық тәуекелдің даму тенденциясы «тұрақты» деңгейден «позитивті» деңгейге өзгертілді. Бұл 2021, 2023 және 2024 жылдардағы қайта қараулардан басталған банктік жүйе позицияларының ұзақ мерзімді жақсару үрдісін бекітеді. S&P бағалауынша, салалық тәуекел бағасының көтерілуі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржы ұйымдарын қадағалауды күшейту жөніндегі бастамаларының тиімділігін көрсетеді. Іске асырылған шаралардың қатарында банктік жүйе активтері сапасын жүйелі түрде бағалау, Supervisory Review and Evaluation Process (SREP) әдістемесі бойынша банктің қаржылық тәуекелдерін шолу және бағалаудың қадағалау процесіне көшу, сондай-ақ банктердің тәуекелдерді қабылдауға бейімділігін шектеу шаралары бар. Агенттіктің бағалауынша, осы өзгерістердің нәтижесінде Қазақстандағы банк секторын реттеу және қадағалау өңірдегі кейбір басқа елдермен салыстырғанда тиімдірек болды, ал BICRA бағасының жақсаруы Halyk Bank-ті қоса алғанда, қазақстандық қаржы институттарының кредиттік профильдеріне тікелей оң әсер етті.
Қазақстан Халық Банкі туралы
Халық Банкі – бөлшек, ШОБ және корпоративтік банк қызметтерін, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді, активтерді басқаруды және өмірге қажетті қызметтерді (лайфстайл) қоса алғанда, әртүрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Халық Банкінің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бері, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бері және Астана халықаралық биржасында 2019 жылдан бері листингі бар.
2026 жылғы 30 маусым жағдайы бойынша Банк жиынтығында 22,036 млрд теңге мөлшеріндегі активтерге ие бола отырып, Қазақстандағы ең ірі кредитор болып табылады. Банк елдегі ең ірі клиенттік базалардың біріне ие және филиал желісі кең тараған, ел бойынша 530 филиалы мен бөлімшесі бар. Сонымен қатар Банк Грузия мен Өзбекстанда қызмет етеді.
Банк туралы толығырақ ақпаратты: https://www.halykbank.com сайтынан табуға болады.
Қосымша ақпарат алуға болатын тұлғалар:
Мира Тиянақ | +7 727 259 04 30 Ir@halykbank.kz MiraK@halykbank.kz |
Рустам Телiш | +7 727 330 15 66 RustamT@halykbank.kz |
Екатерина Сванбаева | +7 727 330 12 88 EkaterinaS@halykbank.kz |
Лаура Кустубаева | +7 (727) 259 60 27 LauraKus@halykbank.kz |