Корпоративтік басқару
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ Корпоративтік басқару
Банктегі корпоративтік басқару
Жоғары сапалы корпоративтік басқару еркін және бәсекелі нарықта Банктің табысты қызметі үшін қажетті шарт болып табылады. Банк Директорлар кеңесі, Басқарма мен акционерлер арасында қарым-қатынасты орнықтыратын корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін талап етеді. Мұндай жүйе компанияның құнын ұлғайтуына көмектеседі және инвесторларға олардың ақшасы тиімді пайдаланатынына кепілдік береді. Банктің акциялары 2006 жылы GDR үлгісінде халықаралық нарықта орналастырылған сәттен бастап, біз корпоративтік басқаруды дамытуға ерекше мән беріп тұрамыз. Акциялардың жария орналастырылуы ең басында қаржы құралдарын тарту бойынша рәсім болғанына қарамастан, сонымен бірге ол әлемдік деңгейдегі замануи қаржы институты сәйкес келетін жоғары халықаралық стандарттарға лайықты болатын корпоративтік басқару жүйесін құру бойынша бастапқы нүкте болып табылады. Банктің корпоративтік басқару жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру қажеттілігі төмендегілермен шартталады
Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі Банк акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен және Банктің Жарғысымен жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, Банктің қызметіне жалпы басшылық етуді іске асырады. Директорлар кеңесі қызметінің негізгі мақсаттары Қоғамның тұрақты ұзақ мерзімді дамуын, оның құнын өсуін, акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қоғам қызметіне тиімді басқаруды қамтамасыз етуге бақылау жүргізуде
Ішкі аудит қызметі
Қорғаудың үшінші желісі функцияларын орындау үшін Банкте ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – ІАД) құрылды. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында ІАД функционалды түрде Директорлар кеңесіне бағынады және есеп береді. Директорлар кеңесінің мүшелерімен өзара іс-қимыл аудит жөніндегі комитет арқылы да, тікелей де жүзеге асырылады
Корпоративтік документтер
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың дивидендтік саясаты (2019 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістермен)
- «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» Акционерлік Қоғамының Жарғысы
- «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» Акционерлік Қоғамының Жарғысына өзгерістер және толықтырулар
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған рыногында акциялар сатып алғанда акциялар құнын анықтау әдістемесі
- Қарапайым акциялары бойынша
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері туралы мәліметтер
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереже
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексі
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ директорлар кеңесі туралы ереже 2019 жылғы 18 сәуірдегі №42 хаттамалар
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ корпоративтік басқару кодексі 2019 жылғы 18 сәуірдегі №42 хаттамалар
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар (2020 жылғы 22 мамырда № 43 хаттама)
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер және толықтырулар (2020 жылғы 22 мамырда № 43 хаттама)
- «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» акционерлік қоғамының Жарғысы (2020 жылғы 22 мамырда № 43 хаттама)
- «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер және толықтырулар (2020 жылғы 22 мамырда № 43 хаттама)