Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

15.09.2026

Moody's рейтингтік агенттігі Halyk Bank рейтингтерін «Baa1» деңгейінде растады, болжам — «Тұрақты»

Алматы, 2026 жылғы 15 қыркүйек

2026 жылғы 9 қыркүйекте Moody's Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі — Moody's, Агенттік) Halyk Bank-тің (бұдан әрі — Банк) ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерін «Тұрақты» болжаммен «Baa1» деңгейінде растады. Сондай-ақ контрагенттің тәуекел рейтингтері мен бағалаулары «Baa1»/«Prime-2» деңгейінде және кредиттік қабілеттіліктің базалық бағасы (BCA) «ba1» деңгейінде расталды.

Рейтингтердің расталуы Moody's-тің Банктің тұрақты капитализациясы мен табыстылығына, сондай-ақ өтімділіктің жоғары деңгейіне берген бағасын көрсетеді. 2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша TCE/RWA коэффициенті 18,5%-ды, өтімділік буфері жиынтық активтердің 27%-ын құрады. 2024 жылдан бері Банктің орташа активтерінің рентабельділігі 4%-дан асып отыр және Агенттік алдағы 12–18 айда бұл көрсеткіштердің жоғары деңгейде сақталатынын күтеді.  

Банктің жүйелік маңыздылығы мен клиенттердің жоғары сеніміне негізделген мықты франшизасы жоғары комиссиялық кірістерді, қорландырудың төмен құнын және жоғары рентабельділікті қамтамасыз етеді. 2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша проблемалық заемдардың үлесі жалпы кредиттік портфельдің 8,6%-ына дейін өсті; Агенттіктің болжамы бойынша, андеррайтингтің консервативті стандарттары, заемшылардың кредиттік қабілеттілігінің жақсаруы және экономикалық өсімнің жалғасуы аясында активтердің сапасы алдағы 12–18 айда шамамен 8–9% деңгейінде тұрақтанады.

Депозиттік рейтингтердің «Baa1» деңгейінде расталуы Банктің жергілікті нарықтағы жетекші ұстанымын ескере отырып, мемлекеттік қолдау ықтималдығының өте жоғары екендігі туралы Moody's бағалауын көрсетеді: 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Halyk Bank банк секторының жиынтық активтеріндегі 28,6% үлесімен Қазақстандағы ең ірі банк болып табылды.

«Тұрақты» болжам Агенттіктің Банк активтері бойынша тәуекелдердің бақыланатын деңгейінде оның капиталдандыруының, табыстылығы мен өтімділігінің орнықты сақталатыны туралы күтулерін көрсетеді, сондай-ақ Қазақстанның егемендік рейтингі бойынша «Тұрақты» болжамға сәйкес келеді.

Қазақстан Халық Банкі туралы

Халық Банкі – бөлшек, ШОБ және корпоративтік банк қызметтерін, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді, активтерді басқаруды және өмірге қажетті қызметтерді (лайфстайл) қоса алғанда, әртүрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Халық Банкінің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бері, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бері және Астана халықаралық биржасында 2019 жылдан бері листингі бар.

2026 жылғы 30 маусымдағы жағдайы бойынша Банк жиынтығында 22,036 млрд теңге мөлшеріндегі активтерге ие бола отырып, Қазақстандағы ең ірі кредитор болып табылады. Банк елдегі ең ірі клиенттік базалардың біріне ие және филиал желісі кең тараған, ел бойынша 530 филиалы мен бөлімшесі бар. Сонымен қатар Банк Грузия мен Өзбекстанда қызмет етеді.

Банк туралы толығырақ ақпаратты: https://www.halykbank.com сайтынан табуға болады.

Қосымша ақпарат алуға болатын тұлғалар:

Мира Тиянақ

+7 727 259 04 30 Ir@halykbank.kz MiraK@halykbank.kz

Рустам Телiш

+7 727 330 15 66 RustamT@halykbank.kz

Екатерина Сванбаева


+7 727 330 12 88 EkaterinaS@halykbank.kz

Лаура Кустубаева

+7 (727) 259 60 27 LauraKus@halykbank.kz


ҚНРДА Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (Әмбебап банктік лицензия) №1.1.601.130 берілген күні 13.07.2026. ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия №1.2.47/230/38/1 берілген күні 23.06.2023.

Сайт пен мобильді қосымша материалдарында жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде