Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

27.11.2026

Қазақстан банктері алғаш рет 1,5 млрд доллар көлеміндегі синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру үшін бірікті

Halyk Bank Қазақстанның банктік секторы үшін бұрын-соңды болмаған мәміленің ұйымдастырушысы ретінде «Ак Алтыналмас» АҚ акцияларының бір бөлігін сатып алуға 1,5 млрд доллар көлемінде синдикатталған қаржыландыру ұсыну жөніндегі мәмілені жүзеге асырды. Акциялардың аталған үлесін Central Asia Resources Holding Ltd. жеке компаниясы сатып алады. Елімізде мұндай ауқымдағы мәміле алғаш рет тек коммерциялық банктердің күшімен іске асырылды.

Банктік синдикат құрамына Halyk Bank, Еуразиялық банк, Alatau City Bank, ЦентрКредит банкі және Bank RBK кірді. Қаржыландыру нарықтық талаптармен, қаржыландырудың толық сомасын өтейтін кепілмен қамтамасыз ету арқылы ұсынылды. Мәміленің басты ерекшелігі — оның тек коммерциялық банктердің қатысуымен құрылымдалуы. Бұл ауқымды мәмілелерді жүзеге асырудағы отандық қаржы секторының әлеуетін көрсетеді.

Бес банктің ресурстарын біріктіру қаржыландырудың едәуір көлемін қамтамасыз етуге, синдикат қатысушылары арасында тәуекелдерді әртараптандыруға және қаржы институттары арасындағы тиімді ынтымақтастық тетігін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Аталған мәміле Қазақстандағы синдикатталған кредит беру нарығын дамытудағы маңызды кезеңге айналды. Ол банк секторының кемелденгенін, қаржылық тұрақтылығын және экономиканың ірі көлемдегі қаржыландыруға деген қажеттілігін өз күшімен қамтамасыз ету қабілетін көрсетті.

Синдикаттың ұйымдастырушысы ретінде Halyk Bank күрделі қаржылық мәмілелерді құрылымдау және ауқымды экономикалық міндеттерді шешу үшін банк секторының ресурстарын шоғырландыру бағытындағы жоғары құзыреттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл мәміленің жүзеге асырылуы Қазақстанда синдикатталған кредиттеу тәжірибесін одан әрі дамытуға жол ашып, отандық банк жүйесінің ресурстары есебінен ірі бизнес пен инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

ҚНРДА Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (Әмбебап банктік лицензия) №1.1.601.130 берілген күні 13.07.2026. ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия №1.2.47/230/38/1 берілген күні 23.06.2023.

Сайт пен мобильді қосымша материалдарында жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

Біз әлеуметтік желілерде