Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

17.07.2026

Төлемдерді қабылдаудың жаңа тәсілі: Halyk-тың банкаралық QR-ы 19 шілдеден бастап іске қосылады

19 шілдеде Halyk бейімделу моделінен нысаналы модельге көшуді аяқтайды, осылайша 2025 жылы Ұлттық банктің жобасын қолдаған алғашқы қатысушылардың біріне айналады. QR-төлемдер Ұлттық төлем корпорациясының негізінде жұмыс істейтін болады, ал шарттары бизнес үшін тиімді болып қала бермек.  

Жобаны іске қосқанға дейін Halyk ҰТК және басқа да екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, жүйенің функционалдық және жүктемелік тестілеуі бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.  QR-төлемдерге арналған банкаралық инфрақұрылымның тұрақты, сенімді жұмыс істейтінін және толыққанды пайдалануға дайын екені расталды.

Жоғары бәсекелестік пен жоғары бонустар
Тұтынушылар үшін күнделікті төлемдер одан сайын ыңғайлы бола түседі. Мобильді қосымша жаңартылғаннан кейін сатып алуларды QR-код арқылы кез келген банктің қосымшасы арқылы артық әрекетсіз банктің 180 мыңнан астам POS-терминалының кез келгенінде төлеуге болады.

Әрине, банктер арасындағы өсіп келе жатқан бәсекелестіктің басты бенефициары клиенттер болатыны сөзсіз. Halyk SuperApp-тың 8,5 млн пайдаланушысы үшін бұл – таңдау мүмкіндіктерінің кеңеюі, жоғары сапалы сервис және тиімді ниеттестік бағдарламалары дегенді білдіреді.

Клиенттер үшін арнайы акция

Басқа банктердің POS-терминалдарында төлем жасағанда QR-кодты Halyk SuperApp арқылы сканерлеңіз және 1% бонус алыңыз. Акция Halyk+ қатысушыларына қолжетімді және 2026 жылғы 31 тамызды қоса алған күнге дейін өтеді.

Шығын азайып, мүмкіндіктер көбейеді

Кәсіпорындар үшін бірыңғай QR қызметі 19 шілдеде қолданыстағы эквайринг шарты аясында автоматты түрде қолжетімді болады. Банкаралық төлемдер кәсіпкерлерге клиенттер базасын кеңейтуге көмектеседі, ал бірыңғай QR негізінде ниеттестік бағдарламалары, бөліп төлеу және клиенттерді тарту мен сатуды арттыруға арналған басқа да сервистер дами алады.

Сонымен қатар, бірыңғай жүйе шығындарды азайтуға мүмкіндік береді: қосымша терминалдар сатып алу және олардың әрқайсысының қызмет көрсету ақысын төлеу қажет еме.

Halyk мобильді қосымшасын 350 мың заңды тұлға қолданатынын ескерсек, бұл өзгерістер кәсіпкерлердің көпшілігіне пайда әкеледі. Қолданыстағы тарифтер бойынша ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді.

ҚНРДА Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (Әмбебап банктік лицензия) №1.1.601.130 берілген күні 13.07.2026.
ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия №1.2.47/230/38/1 берілген күні 23.06.2023.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде