Баспасөз орталығы

Standard & Poor's «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank) рейтингтерін «BB/B» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты», ұлттық шкала бойынша Банктің рейтингі «kzA+»

03.06.2021

2021 ж. 03 маусым, Алматы қ. Standard & Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) операциялық қызметтің тұрақты көрсеткіштеріне байланысты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank, бұдан әрі - Банк) рейтингтерін «BB/B» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты», ұлттық шкала бойынша Банктің рейтингі «kzA+».

Атап айтқанда, Агенттіктің сарапшылары құбылмалы орта мен 2020 жылы COVID-19-дың таралуына байланысты күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Банк активтер сапасының айтарлықтай жақсарғанын және NPL көлемдерін азайтудағы тұрақты прогресті көрсеткенін түсіндірді. Банк проблемалық активтер портфелін абсолюттік мәнде, сондай-ақ салыстырмалы мәнде де азайта алды. Көбінде бұған Банктің 2017 жылы Қазкоммерцбанкті сатып алғаннан кейін оған өткен проблемалық активтерге деген Банктің проактивті тәсілдемесінің арқасында қол жеткізілді. Проблемалық активтерді резервтермен қамтамасыз ету бұрынғыша 60%-ды құрады, бұл Standard & Poor's пікірі бойынша, Банк активтерінің кепілмен қамтамасыз ету көлемін ескере отырып, қанағаттанарлық деңгей болып табылады. Осыған байланысты Standard & Poor's тәуекел бойынша Банк жайғасымының бағалауын «бірқалыптыдан» «барабарға» қайта қарастырды.

Банк пайданы басқарудың тұрақты қабілетін көрсетуде, осы ретте нарықтағы күрделі жағдайларға қарамастан, Банктің меншікті капиталының табыстылығы соңғы 5 жылда 22% жоғары деңгейде тұр. S&P пайымдауынша, нарықтағы үстем жағдайдың, шығындарды тиімді басқарудың, өткен жылдарда жиналған проблемалық кредиттерді реттеудегі біртіндеп жеткен табыстың арқасында Банктің меншікті капиталының табыстылығы, тіпті Банк проблемалық кредиттер шеңберіндегі резервтер көлемін арттыруды бастаса да, жақын арадағы 12-18 айда 15%-дан жоғары деңгейде сақталуы мүмкін.

Сарапшылар Банк шығындарының жоғары тиімділігін атап көрсетті, ол бойынша «пайыздық емес шығыстар/операциялық кірістер» қатынасы 30%-дан төмен пайызды құрады, бұл салыстыруға келетін қазақстандық және шетелдік банктердікінен жақсырақ және олар бұл тенденцияның болашақта да сақталатыны күтеді.

S&P Банктің қор жинау көрсеткіштері салыстырмалы қазақстандық банктердің көрсеткіштерінің «орташадан жоғары» деңгейінде және бұл Банк депозиттерінің әртараптандырылған базасын және Қазақстанда осы нарықтағы ең ірі үлесін – 34%-ды көрсетті деп есептейді. Ұлттық жинақтаушы банк ретінде қалыптасқан бедел, сондай-ақ оның ішкі нарықтағы тұрақсыздық кезеңдерде аса сенімді болып есептелгені Банк көрсеткіштеріне жағымды әсер етті. Әдетте, басқа банктерде депозиттердің ағылуы орын алған жағдайда, Банктің депозиттер көлемі өседі.

S&P Банктің өтімділік көрсеткіштерін «мықты» деп бағалайды. Агенттік Банктің келесі жылдарда өтімділіктің ірі қорларын ұстап тұратынын болжайды. Агенттік сарапшыларының бағалауы бойынша қазіргі уақытта өтімді активтердің үлесіне Банктің жиынтық активтерінің 46% келеді және ол келесі екі жылда 40%-дан төмен болмайды.

***

Қазақстан Халық Банкі (Halyk Bank) – бөлшек бизнес, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер мен активтерді басқаруды қоса алғанда түрлі сегменттерде операциялар жүргізетін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банк 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасындағы, 2006 жылдан бері Лондон Қор Биржасындағы және 2019 жылдың қазан айынан бастап Astana International Exchange-тегі листингке ие.

2021ж. 31 наурыздағы жағдай бойынша 10,389.6 млрд. теңге мөлшерінде активтерге ие бола отырып, Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады. Банктің ең ірі клиенттік базасы мен филиалдар желісі – ел бойынша 600 филиал мен бөлімшесі бар. Банк сондай-ақ Грузияда, Қырғыстанда, Ресейде, Тәжікстанда және Өзбекстанда операциялар жүргізеді.


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 259 0301, +7 727 3301719 | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz