Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

18.01.2021

Фермерлерге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беруге өтінімдер қабылдау басталды

Halyk Bank Аграрлық несие корпорациясының (АНК) «Кең Дала» бағдарламасы шеңберінде агроөнеркәсіп субъектілеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына төмендетілген мөлшерлеме бойынша жеңілдікпен кредит беру үшін өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Ең ірі отандық банк бүкіл Қазақстанның аграрий кәсіпкерлерінен өтінімдер қабылдауға дайын. Бүгінгі күні банк жалпы сомасы 38 млрд. теңгеге еліміздің алты өңірінің агроөнеркәсіп субъектілерінен өтінім қабылдады. Жуық арада қалған облыстар да белсене қосылады деп күтілуде.

Осы жылы Halyk Bank-тің «Кең Дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына фермерлерге жеңілдікпен кредит беру сомасы шамамен екі есе өседі. Мысалы, өткен жылы осы бағдарлама бойынша 19,2 млрд теңгеге 77 кәсіпкерге қолдау көрсетілді.

«Кең Дала» бағдарламасы арқасында отандық ауыл шаруашылығы өндірушілері 2021 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредитті тағы да өте тиімді төмендетілген мөлшерлемемен ресімдеу мүмкіндігіне ие болады. Нарық қатысушыларының ұсыныстарын қабылдағаны үшін біз АНК-ға алғысымызды білдіреміз және де жақын арада аграрийлерден қосымша өтінімдер күтудеміз. Бұл фермер кәсіпкерлер үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына «арзан» ақшаны қосуға керемет мүмкіндік. Осы бағдарлама шеңберінде кепілмен қамтамасыз ету бойынша қатаң талаптар жоқ және де фермерлерге жыл маусымдығын ескере отырып, қарыздарды өтеу бойынша қолайлы талаптар ұсынылуда. Одан бөлек, банктің тұрақты, сенімді серіктестерінің кепілмен қамтамасыз етуінің құрылымына қатысты талаптар да жұмсартылды. Мен кәсіпкерлерімізді төмендетілген мөлшерлеме бойынша жеңілдікпен кредитке өтінім беруге шақырамын», - деп Halyk Bank-тің Орта бизнес департаментінің директоры Вадим Каблов атап өтті.

Halyk Bank 2018 жылдан бастап Аграрлық несие корпорациясымен белсенді түрде  ынтымақтастығын жалғастырып келеді және қаржыландыру туралы мәселелер жылдам және тиімді шешімін табуда АНК-ның сындарлы рөлін мойындайды. Бұл жағдай қаржы институтының ауыл шаруашылығы саласында бірқатар бағыттар бойынша белсенді жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Дәл осы аграрлық сала еліміздің тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етеді, сондықтан да агроөнеркәсіп субъектілеріне «Кең Дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арзандатылған кредиттер ұсынылады.

«Әлемдік нарықтардың құбылмалығы, өршіп тұрған коронадағдарысы жағдайында аграрлық секторды еліміздің экономикасы мен азық-түлік қауіпсіздігі үшін ерекше мәнін түсіне отырып, 2021 жылы Halyk Bank ауыл шаруашылығын белсенді түрде қаржыландыруды жалғастырады. Өйткені мемлекеттік органдардың, қаржы секторы компаниялары мен аграрийлердің бірлескен қолдауы ғана нарықты сапалы отандық ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелерінің еш қиындықсыз шешілуін мүмкін етеді. Өз тарапынан Halyk Bank серіктестеріне, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге, барлық ауданы орталықтарындағы (кейбір аудандарда Halyk жалғыз банк) кең тараған бөлімшелер желісі арқылы сервистік қолдау көрсетуін жалғастырады», – деп Вадим Каблов сөзін қорытындылады. 

Жеңілдікпен кредит беру туралы толығырақ ақпаратты www.halykbank.kz сайтынан және әлеуметтік желідегі @halyk_business бизнес үшін ресми парақшасынан алуға болады.


«Қазақстан Халық Банк» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 301, | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

ҚНРДА Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (Әмбебап банктік лицензия) №1.1.601.130 берілген күні 13.07.2026. ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия №1.2.47/230/38/1 берілген күні 23.06.2023.

Сайт пен мобильді қосымша материалдарында жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде