Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

08.01.2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ

2020 жылғы 8 қаңтар, Алматы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank) күмән туғызатын Migalki.pw сайты арқылы бірқатар ақпараттық ресурстарда жарияланған банк клиенттерінің жеке деректемелері таратылды деген ақпараттың түп негізі жоқ, жалған екені әрі Halyk Bank-тің беделін түсіру мақсатында қасақана жасалған әрекет деп хабарлайды.


Банк өз клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында клиенттерді сәйкестендіру және жеке деректемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауқымды тиімді қорғаныс шараларының кешенін қолданады.

Клиенттердің онлайн-сервистері арқылы Банк өнімдеріне қолжетімділігі ҚР Ұлттық Банкінің әрі халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес заманауи техникалық құралдарымен қорғалған. Бұған қоса, Банк әрдайым сервистердің қауіпсіздігі дәрежесін жоғарылату бойынша жұмыс жасайды әрі озық қорғаныс құралдарын пайдаланды.

Жоғарыда аталған ақпаратқа сүйене отырып, Банк алдын ала қасақана ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралатыны жөнінде ескертеді. Сондықтан, Банк өз конституциялық құқығын қорғау үшін сотқа және құқық қорғау органдарына жүгінетін болады.


Halyk Bank

тел. +7 727 2 590 301 | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде