Баспасөз орталығы
Өскемен ЖЭО-де жаңа энергия блогының бірінші тасы қаланды
Құны 140 млрд теңге болатын жобаны Halyk та қолдады.
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен ЖЭО-де жаңа энергия блогының бірінші тасын қалаудың салтанатты рәсімі өтті. Тас қалау рәсіміне Энергетика министрі Ерлан Әккенжанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және Halyk басқарма төрағасының орынбасары Ольга Вурос қатысты.
Жобаны «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» компаниялар тобына кіретін Өскемен ЖЭО іске асыруда.
«Жобаны іске асырудың арқасында 300-ге жуық тұрғын үй мен әлеуметтік объектілер жылумен қамтамасыз етіледі, шамамен 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысы өңірді одан әрі дамытуға, оның инвестициялық тартымдылығын арттыруға және ең бастысы, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасайды», - деді «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС-нің бақылау кеңесінің төрағасы Динмухамет Идрисов.
140 млрд теңге тұратын жобаны қаржыландыруды халықаралық және қаржы институттары қамтамасыз етті. Серіктестері - Қазақстанның ең ірі банкі Halyk, сондай-ақ Еуразиялық даму банкі.
Halyk Halyk басқарма төрағасының орынбасары Ольга Вуростың айтуынша, бұл жай ғана энергетикалық инфрақұрылымға салынған инвестиция емес, сонымен қатар өңірді дамытуға және оның тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді үлес.
«Инвестициялар туралы айтқанда, әрбір санның артында адамдар тұрғанын есте сақтау маңызды. Бұл — жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етілетін отбасылар, сондай-ақ үздіксіз жұмыс істеу мен даму үшін сенімді инфрақұрылым алатын кәсіпорындар. Сондықтан қоғам үшін ұзақ мерзімді құндылық жасайтын жобаларды қолдау біз үшін маңызды», – деп Ольга Вурос Өскемен ЖЭО-да жаңа энергия блогының құрылысына түсініктеме берді.
Өңір не алады
«Қазақстандық коммуналдық жүйелер» компаниясында жоба жылу қуатының қолданыстағы 287,8 Гкал/сағ жетіспеушілігін азайтуға мүмкіндік беретінін нақтылады. Сонымен қатар, жаңа энергоблоктың құрылысы тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және өнеркәсіптік өсу үшін резерв құруға мүмкіндік береді, деп сенеді жылумен жабдықтаушы ұйым.
Жаңа энергоблокқа №16 қазандық агрегаты сағатына 400 тонна бу өнімділігі бар және электр қуаты 100 МВт болатын №13 турбинасы кіреді.
Экологиялық артықшылық
Жоба халықаралық талаптарға сәйкес келетін заманауи технологиялық шешімдерді енгізуді қарастырады.
Жаңа энергоблок ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына және еуропалық стандарттарға сәйкес келетін жоғары тиімді экологиялық жүйелермен жабдықталады. Заманауи тазарту технологиялары азот пен күкірт оксидтерінің шығарындылары деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беріп, жылу және электр энергиясының көбірек экологиялық таза өндірісін қамтамасыз етеді.