Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

24.04.2026

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

2026 ж. 24 сәуір, Алматы қ., «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) 2026 жылғы 23 сәуірде Банктің Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылған және акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізбестен сырттай дауыс беру арқылы Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – акционерлердің жылдық жалпы жиналысы) өткізілгені туралы хабарлайды.

Банктің Директорлар кеңесі өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында (Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 54 хаттамасы) 3 жыл өкілеттік мерзімімен Жаксыбек Абдрахметович Кулекеевті, Херман Тишендорфты (Hermann Tischendorf), Петр Романовскиді (Piotr Romanowski) және Хенк Ян Хугендорнды (Henk Jan Hoogendoorn) тәуелсіз директорлар ретінде, Жомарт Досанкулович Нурабаевты «Холдинговая группа «АЛМЭКС» АҚ өкілі ретінде, Арман Галиаскарович Дунаевты, Умут Болатхановна Шаяхметованы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері ретінде сайлау шешімі қабылданды. Банктің жаңа сайланған Директорлар кеңесінің құрамы қабылдаған шешімге сәйкес (Банктің Директорлар кеңесінің жүзбе-жүз отырысының 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 2 хаттамасындағы екінші мәселе бойынша шешімі) Арман Галиаскарович Дунаев Банктің Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Осылайша, ең үздік халықаралық корпоративтік басқару тәжірибелеріне сәйкес Банктің Директорлар кеңесінің жаңа құрамы жеті директордан, оның ішінде төрт тәуелсіз директордан тұратын болды. Банктің барлық тәуелсіз директорлары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тәуелсіз директорға қойылатын талаптарға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған қосымша талаптарға сәйкес келеді.

Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу күні Банктің Директорлар кеңесінің сайланған мүшелерінің иелігінде көлемі 1%-дан асатын Банктің дауыс беретін акциялары және Банктің еншілес ұйымдарының акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) болған жоқ.

Банктің Директорлар кеңесінің жаңа құрамы туралы толығырақ ақпарат келесі мекенжай бойынша жарияланған: https://halykbank.kz/kz/about/leadership

***

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank) Қазақстанда ең ірі клиенттік базасы мен тарату желісі бар, жетекші қаржы тобы және жетекші бөлшек бизнеске бағытталған банк болып табылады. Банк әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келеді, өзінің жеке клиенттеріне, шағын және орта бизнестің клиенттеріне және корпоративтік клиенттерге кең ауқымды қызметтерді (банк, брокерлік, сақтандыру, лизинг және активтерді басқару) ұсынады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Грузия мен Өзбекстанда да өз қызметін жүзеге асырады. 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ листингтік компания болып табылады, бағалы қағаздары Қазақстанның қор биржаларында (KASE, AIX) және Ұлыбританияның (LSE) қор биржаларында айналымға шығарылады.

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

 тел. +7 727 2 590 816, pr@halykbank.kz, www.halykbank.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде