Баспасөз орталығы
Ресей Федерациясындағы еншілес ұйымның 100% акциясын сату туралы
«Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы (LSE: HSBK; KASE: HSBK, HSBKd; AIX: HSBK, HSBK.Y) «Москоммерцбанк» КБ (АҚ) (бұдан әрі – «Банк») 100% акцияларын сату туралы хабарлайды.
***
Қазақстан Халық Банкі - бөлшек, ШОБ және корпоративтік банк қызметтерін, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді және активтерді басқаруды қоса алғанда, әртүрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банктің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап және Astana International Exchange-де 2019 жылғы қазаннан бастап листингі бар.
2022 жылғы 30 қыркүйекке 14 207.9 млрд. теңге мөлшерінде активтері бар Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады. Банкте клиенттердің ең ірі базасы және филиалдық желісі – елімізде 577 филиалы мен бөлімшелері бар. Банк Грузияда, Қырғызстанда және Өзбекстанда жұмыс істейді.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 727 330 17 19, | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz