Баспасөз орталығы
Halyk Bank Қазақстанның ЕДБ арасында бірінші болып, Қарағанды облысында қуаты 5 МВт биоэлектр станциясын салу бойынша АХҚО Жасыл қаржы орталығының тәуелсіз бағалауымен расталған «жасыл» кредит бере бастады
Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 30 қараша. Halyk Bank («Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ) Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері арасында бірінші болып, «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС-мен «жасыл» кредит беру туралы жасалған Келісімі шеңберінде қаржыландыруды бастады. Компания Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Кеңгір ауылдық округінде тәуелсіз тарап - АХҚО Жасыл қаржы орталығы верификациялаған, қуаты 5 МВт биоэлектр станциясын салу бойынша жобаны жүзеге асырады.
«Halyk тобы ауқымында Банк және еншілес ұйымдар жасыл экономикаға байланысты клиенттер мен серіктестердің жобаларын белсенді түрде алға жылжытады және қолдайды. Қазақстанда алғаш рет «жасыл» жоба тәуелсіз баға алғаны өте маңызды. Halyk тобының жаңа даму стратегиясы аясында біз Банктің ESG жүйесі шеңберінде негізгі міндеттерді орындауға сәйкес келетін жобаларды дамытуға және бейінді қаржы өнімдерін жасауға одан әрі де ерекше назар аударуға ниеттіміз”, - деп Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті.
Жоба халықтың қатты тұрмыстық қалдықтарын (бұдан әрі – ҚТҚ) (ең алдымен биомассаны) қабылдау және қайта өңдеу және оларды электр энергиясына айналдыру жөніндегі кешенді құруды көздейді. Электр станциясының құрылысы кейіннен электр энергиясын өндіретін негізгі өнім – биогаз ала отырып, пиролизді термохимиялық жүйенің көмегімен ҚТҚ өңдеудің бірегей инновациялық технологиясын пайдалануға негізделген.
«Kazakhmys Holding» отын-энергетикалық кешенінің құрамына кіретін «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС Halyk Bank-тен 7,9 млрд теңге жалпы сомасында қаржыландыру алады. АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл жобаны сыртқы бағалауды әзірледі, оған сәйкес «KAZ GREEN ENERGY» ішкі құжаттары, «жасыл» қаржыландыру саласындағы саясатты қоса алғанда, LMA (Loan Market Principles) және LSTA (Loan Syndications and Trading Association) «жасыл» кредит беру қағидаттарына толық сәйкес келеді.
Осы «жасыл» кредитті Environmental Finance халықаралық талдау платформасының деректер базасына қосу бойынша жұмыс жүргізілуде.
***
Анықтама үшін. BloombergNEF зерттеу қызметінің мәліметінше, 2020 жылы Тұрақты даму мақсаттарына тартылған қарыз көлемі әлем бойынша 732,1 млрд долларды құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден 29%-ға көп. Алайда бонд нарығымен қатар жасыл несие нарығы да қарқынды дамып келеді, ол өткен жылғы өсімнің 80,3 миллиард долларын құрады.
Жасыл кредит беру нарығының сапалы өсуін қалыптастыру мақсатында 2018 жылы еуропалық кредит беру нарығының 700-ден астам қатысушысын біріктіретін Кредит нарығы қауымдастығы Жасыл кредиттердің қағидаттарын әзірледі. Осы қағидаттарға сәйкес кредит беру шартында тартылған қаражат экологиялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалатыны көрсетілуі тиіс, ал қарыз алушы жоба жасыл жобалар санатына жататынын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Мұндай кредиттерді есепке алу қаражат басқа мақсаттарға кетпеуі үшін басқа қарыздардан бөлінеді. Сонымен қатар қарыз алушы кредиторларға пайдаланылған қаражат туралы ақпаратты үнемі ашып отыруы керек.
***
Қазақстан Халық Банкі (Halyk Bank) – бөлшек сауда, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқаруды қоса алғанда, түрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банктің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап және Астанада 2019 жылғы қазаннан бастап халықаралық алмасу листингі бар.
2021 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 11 284,5 млрд теңге мөлшеріндегі активтері бола отырып, Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады. Банктің ең ірі клиенттер базасы мен филиалдық желісі – ел бойынша 519 филиалы мен бөлімшелері бар. Банк Грузия, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанда да жұмыс істейді.
Halyk Bank АҚ PR-қызметі
Тел.+7 727 330 17 19, | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz
«KAZ GREEN ENERGY» ЖШС - “Қазақмыс Холдинг” отын-энергетикалық кешенінің құрамына кіреді, қызметінің негізгі бағыты 2014 жылы құрылған жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру болып табылады. Стратегиялық жоспарға сәйкес жиынтық қуаты 350 МВт жасыл энергетика объектілерін салу көзделген. Қазақмыс тобының алғашқы жүзеге асырылған жобасы Кеңгір күн электр станциясының қуаты 10 МВт.
«KAZ GREEN ENERGY» ЖШС
Тел. + 7 7212 559939 | info@kge.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат - жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО Жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.