Баспасөз орталығы

Halyk Bank «Мир» ресейлік ұлттық төлем жүйесі карталарымен жұмыс істей бастады

11.05.2021

Төлем жүйелер – Halyk Bank серіктестері тізбесі ұлғайды: Банк POS-терминалдары мен банкоматтарында «Мир» ресей төлем жүйесі карталарын қабылдау қолжетімді. Қазіргі уақытта Банк сонымен қатар VISA, Mastercard халықаралық төлем жүйелері (ХТЖ), American Express америкалық компанияның, UnionPay International (UPI) қытайлық компанияның карталарымен жұмыс жасайды.

Енді кәсіпкерлер - Halyk Bank клиенттері «Мир» ТЖ карталарын қабылдау мүмкіндігіне ие болды, ал осы карталарды ұстаушылар Банктің POS-терминалдары мен банкоматтарында операциялар жүргізе алады. 

«Мир» картасын падаланып, Сіз Қазақстан Республикасы аумағындағы Банктің кез келген банкоматынан ақша ала аласыз немесе банктік терминалдар арқылы тауарлар мен қызметтердің ақысын төлей аласыз. 

Карталар ресейлік және халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.

«Мир» — бұл Ресейдің ұлттық төлем жүйесі. «Мир» төлем жүйесі базасында банктік карталарды шығару 2015 жылы басталды. Бүгінгі күні 260 банк бұл жүйенің қатысушысы болып табылады, оның ішінде 150 банк карта шығарады. 2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша 90 млн.-нан астам «Мир» картасы берілді.

«Мир» ТЖ карталары Белоруссияның, Арменияның, Қырғызстанның, Өзбекстанның барлық аумағындағы банкоматтарда және тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу үшін, сондай-ақ Түркияның, Вьетнамның, Тәжікстанның және басқа да бірқатар мемлекеттердің ірі банктерінде қабылданады. 

***

Halyk Bank (Қазақстан Халық Банкі) – бөлшек бизнес, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқаруды қоса, түрлі сегменттердер жұмыс жасайтын Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банк 1998 жылдан бастап Қазақстан Қор Биржасында, 2006 жылдан бастап Лондон Қор Биржасында және 2019 жылғы қазан айынан бастан Astana International Exchange-де листингісі бар. Активтері 2020 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 9,999.1 млрд. теңгені құрап, Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады. Банктің ең ірі клиенттер базасы және филиалдар желісі бар – республика бойынша 613 филиал және бөлімше. Банк сондай-ақ операцияларын Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде, Тәжікстанда және Өзбекстанда жүзеге асырады.


 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 701 220 31 53, | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz