Баспасөз орталығы
Halyk Bank Басқармасының құрамындағы өзгерістер
2020 ж. 4 маусым, Алматы қ. – Halyk Bank (бұдан әрі - Банк) Басқармасында өзгерістер орын алды: сандық құрамы ұлғайды, Антон Мусин Басқарма мүшесі болып сайланып, Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
2020 жылғы 1 маусымнан бастап Банк Басқармасының сандық қүрамы 11 адамға дейін ұлғайды.
Антон Германович Мусин Басқарма мүшесі болып сайланып, Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Оның банктер мен қаржы ұйымдарында бөлшек бизнес және корпоративтік клиенттерге арналған сервистерді дамытуға бағытталған технологиялық инновациялар мен өнімдерді әзірлеу және енгізу саласында мол тәжірибесі бар, сонымен қатар ол Halyk Bank-ті «Казкоммерцбанк» АҚ-пен біріктіру кезінде Accenture LTD кеңесшілері командасына басшылық етті.
Мусин Антонға Транзакциялық бизнес және IТ блоктарына, сондай-ақ Стратегиялық трансформацияның жобалық офисіне жетекшілік ету жүктеледі.
А.Г.Мусиннің толық автобиографиясымен мына слтеме бойынша таныса аласыздар: https://halykbank.kz/about/leadership.
Halyk Bank PR-қызметі
тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz